Ынтыма?ы жарас?ан, ту?ан ?лкем ?аза?стан



Өткізген: Сайым С.Қ
Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!Мақсаты:Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілікБарысы: І Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.Біз бүгін «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?- Қазақстан- Қазақстан жері қандай?- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.Ақсұлу:Отан - жерім, Отан - суым,Отан - қуат, нәр береді.Отан - ұран, Отан - туым,Отан мәңгі гүлденеді.Сүйемін мен Отанымды,Гүл жайнаған жерімді.Сүйемін мен ата - анамды,Мені өсірген елімді.Алтынбек:Отан деген - Атамекен,Отан деген - туған жер.Отан - ана, Отан - пана,Қазақстан - туған ел.Ақырыс:Отанды біз Атамекен,Деп аялап айтамыз.Өйткені оны мекен еткенБабамыз бен атамыз.
Ұлжан:Отанды жас - кәріміз де,Туған жер деп сүйеміз.Өйткені онда бәріміз де,Туып, өмір сүреміз.Жарас:Отан - менің өзегім,Қиының болса төземін.Алдағы бақыт шақтарды,Жүрегіммен сеземін.Тимур:Отаным - менің өзегім,Қырыңды шарлап, кеземін.Білу керек әр ұрпақ,Бес саусақтай өз елін.Мөлдір:Отаным - мәңгі қорғаным,Қалаймын бақыт қонғанын.Сүйемін және сондықтан,Өзенін, көлін, орманын.Аружан:Бақытты боп жүргенім,Сенің арқаң, Ұлы Отан.Елім менің тірегім,Құшағыңда гүл атам.Таңшолпан:Ата, Әжем, Әкем, анам -Төртеуі де «Отан!» мағанТөртеуі де «Ботам» дейді«Ер азамат атан!» дейдіМақтанамын Отаныммен,Отаныма «Ботамын»менМейрамбек:Сарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен, Отан!Мәңгі соғып тұратын,Жүрегімсің, сен Отан!Біз жас ұлан - Отан ана өркеніҮміт артқан болашағы, ертеңі.Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.Шынарай:Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген еліміздіОтан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман, тоғай көліміздіҚазақ биі. Орындайтындар: Сыныбымыздың бір топ қыздары.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Айгүл:Туған жер - тұғырыңТуған ел - қыдырың.2. Әліби:Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.3. Бекнұр:Туған жер – алтын бесік.4. Динара:Туған жердің топырағы да ыстық.Асылай:Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!Мәдина:Отан – оттан да ыстық.Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.Қазақстан - Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.Қорытынды:Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!