Ынтыма?ы жарас?ан отбасы (т?рбие са?аты)


Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасыМақсаты:
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық құндылықтың, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер
Кезеңдері:
1.Ұйымдастыру
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі
3.Тыныштық сәті
4.Балалар әңгімесі
5. Дидактикалық ойын
6. Топтық жұмыс
7.Қорытынды.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» әдісімен оқушылар бір – біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
ІІ.Мұғалім сөзі:
Отбасы- сыйластық, жарстық орнаған орта. Отбасы—адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланған өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-ата-ана. Әке тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
ІІІ. Тыныштық сәті!
Баяу музыка ойнап тұрады.
- Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Отбасы мүшелері бір-бірімен өте тату- тәтті. Бірінің айтқанын екіншісі екі етпей орындауда. Ал енді көздеріңді жәймен ашыңдар. (оқушылардан алған әсерлерін сұрау. Осы айтылғандар отбастарында орындалама сұрау)
ІҮ. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
- Сен не көрдің?
- Сенің отбасың қандай?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Олар кімдер?
- Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады? Сені ше?
- Сен от басыңдағы адамдарды қалай атайсың?
Сергіту сәті:
Әкем менің қауыншы
Шешем менің сауыншы
Атам болса ол ұста
Отырмаймын мен теккеКеттім мен де мектепкеV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»
Балалар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.
- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор
- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.
VІ. Топтық жұмыс:
Балалар қима суреттерді таңдап, үш топқа бөлінеді. «Аю», «қоян», «кірпі»
Әр топқа «Ынтымағы жарасқан отбасы» үш түрлі қима сурет беріледі. Мозайка бойынша сурет құрастырады. Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды. Әр топ ортаға шығып, өз әңгімесін айтады.
VІI. Қорытынды:
1. Сұрақ - жауапОтбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отбасына кімдер жатады?
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
2. «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрып, оқушылар бір – біріне жылы тілектерін айтады.