Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Денсаулы? бар байлы?


Кұлмаханова Фарида Қанатбекқызы Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
«Әсем моншақтар» үйірмесінің жетекшісі
«Денсаулық – бар байлығым» тақырыбындағы тәрбие сағатының бағдарламасы
 
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Денсаулық – бар байлығым».Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Мұғалім: - Балалар, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –бар байлығым» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Денсаулық - жеке адамның басты байлығы,адам тіршілігінің ең бірінші шарты.  Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. - Балалар, дұрыс тамақтана білу де – денсаулықтың кепілі.
 (Есікті қағып Жалқаубек келеді).- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет тәрбие сағаты өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.( Әкелген заттарын сөмкесінен шығара бастайды)    Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.    - Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.     Мұғалім:- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы және абайсызда жұтып қою қаупі жиі кездеседі.    Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?- Ал қандай тамақ пайдалы? (балалардың жауаптары)
(Слайд көрсетіп, сол бойынша әңгіме өрбіту)
Сергіту сәті. Ойын: «Иісіне қарай ажырат». Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
Мұғалім: Енді балалар біздің ағзамызға қажетті тағамдарды таңдап көрейік. (стол үстінде түрлі тағамдардың суреттерінен карточкалар оқушыларға таратылады).
Мұғалім: Қане оқушылар таңдаған тағамдарымыз туралы не білеміз? (оқушылардың ой-пікірі).
Слайд   «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді..Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қорыҚызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.  Мұғалім:    "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады.- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін тағы да қандай ереже, қағидаларды ұстануымыз керек? (Балалардың жауаптары)- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
 Слайд 1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.3. Ыс тықтамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.6.Тәттіні көп жеуге болмайды.7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.
(Видео-ролик Балапан бағдарламасы тіс күтімі)
Шығармашылық жұмыс- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер? 1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 2.Ісің түсіп тақсырға барма, Аурулы болып бақсыға барма.
3.Жарлының байлығы - денінің саулығы.4.Бас ауырса жан қорқады.. 5.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.6.Жан ауырса - тән азады,   Қайғы басса - жан азады...7.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.8. Емнің алды - еңбек.9.Ауру желмен келіп, термен шығады.10.Азған денеге ауру үйір.11.Қайғы қартайтады,   Қуаныш марқайтады.
 Мұғалім: Халық даналығында «Денсаулық – зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найзашаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген. - Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.        
Бәріміз - Тазалықты сүйеміз, Таза болып жүреміз. Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.
-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!