Та?ырыбы:§10. Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ы


Пәні:Физика
Күні:
Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы:§10. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуМақсаты:Білімділік:Заттың меншікті жылусыйымдылығы нені көрсететінін және бірлігі не екенін білу. Денені қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болатынын және c, m, t әріптерімен қандай физикалық шамалар белгіленгенін білу. Есептер шығаруда 1-кестені және формулаларды дұрыс қолдана білуДамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру.Іскерліктеріне, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: Дәстүрден тысСабақ типі: Жаңа сабақты меңгертуПайдаланылатын педагогикалық технология: Ақпараттық технологияӘдіс-тәсілдері: Топтастыру; Түсіндірмелі – иллюстративті көрнекілік әдісҚұрал-жабдықтар мен көрнекілігі: Компьютер, Интерактивті тақта жабдықтары, Компьютер слайды, топтама қағаздар, электронды оқулықПәнаралық байланыс: ЖаратылыстануПайдаланатын әдебиеттер:1.Тақырып бойынша оқулық Б.М.Дүйсембаев «Мектеп» 2004;2008 жыл2. Пәннің әдістемелік-дидактикалық құралыБ.М.Дүйсембаев Оқыту әдістемесі «Мектеп»2008 жыл3. Ақпараттық қызмет: газет, журнал«Математика және физика» №1 2005 жыл«Математика және физика» №2 2011 жыл4. Пәнаралық байланыстағы оқулық Жаратылыстану 7-сыныпСабақ барысы: І. Ұйымдастыру1. Қызығушылықты оятуа) Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды дайындау, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, белсене араласуын, зейін қойып тыңдауларын талап ету.ә) Сынып оқушыларын І, ІІ, ІІІ топқа бөліп отырғызуІІ.Мағынаны тану1)Топтастыру стратегиясын пайдаланып «Жылу берілуінің түрлері» тақырыбынан өткенді қайталау2) І топ «Жылуөткізгіштік» тобыІІ топ «Конвекция» тобыІІІ топ «Сәулелену» тобыӘр топ оқушылары өз топтарының аттарына байланысты анықтама беріп, мысалдар келтіріп түсінік жасайды.3) Компьютерлік слайд арқылы §9. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру1.Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін не деп атаймыз?Жылу мөлшері2. Жылу мөлшерінің белгіленуі – Q3.1г суды 1°С- қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшері - калория4.1 калорияда қанша жылу мөлшері бар? 1кал = 4, 19Дж5.25 килоджоуль -? джоуль 25кДж = 25000Дж6. «калория» сөзінің мағынасы – латын сөзінен «жылу», «қызу»ІІІ. Жаңа сабақ §10. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуКіріспе:Сонымен, сендер жылу берілу жолымен дене қызғанда берілетін (немесе суығанда олар шығаратын) жылу мөлшері дененің температурасының өзгеруі мен массасына қалай тәуелді болса, дене жасалған заттың тегіне де солай тәуелді болатынын білдіңдер.Массалары бірдей су мен сүтке бірдей градусқа қыздыру үшін суға-көп, сүтке-аз жылу мөлшері қажеттігі тәжірибелер негізінде дәлелденген.ІУ. Жаңа сабақты түсіндіруЕсіңе сақта!Массасы 1 кг заттың температурасының 1°С – қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманызаттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды.заттың меншікті жылусыйымдылығы – с әрпімен белгіленеді.Әр заттың меншікті жылусыйымдылығы тәжірибе жүзінде анықталған және кестеге енгізілген.Назар аудар!Меншікті жылусыйымдылығы 1 кг затты 1°С –қа қыздырғанда немесе салқындатқанда, ішкі энергиясы қандай шамаға өзгеретінін көрсетеді. Заттың меншікті жылусыйымдылығы әр түрлі агрегаттық күйінде - қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болады.Мысалы: Басқа заттармен салыстырғанда, судың меншікті жылусыйымдылығы көп.Тұрғын үйді жылыту жүйесінде суды пайдалану ыңғайлы, тиімді.Құрлықтардың климатына қарағанда, теңіз, аралдардың климаты қоңыржай салқын келеді.Назар аудар!Денені қыздыру үшін берілген немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін заттың меншікті жылусыйымдылығын дененің массасына және жоғарғы температурасы мен төменгі температураларының айырымына көбейту керек.Q = cm (t2 - t1) мұндағы Q-жылу мөлшеріс- заттың меншікті жылусйымдылығыm – дененің массасыt1- дененің бастапқы температурасыt2 - дененің соңғы температурасыУ. Жаңа сабақты бекітуТәжірибе жасау Электронды оқулықпен жұмысДенені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуЕсептер шығару 6-жаттығу Оқулықпен жұмысІ топ «Жылуөткізгіштік» тобы 6-жаттығу №1 есепБер: Су -------------------------------Q = cm (t2 - t1)c= 4200 Дж/кг* °С ---------------Q = 4200 Дж/кг* °С • 0, 25кг • 5 °С =5250Джm =250г=0, 25кгt1= 5 °Ст/к Q-? ДжІІ топ «Конвекция» тобы 6-жаттығу №2 есепБер: Жез -----------------------------Q = cm (t2 - t1)c= 400Дж/кг* °С ------------------Q = 400 Дж/кг* °С • 0, 2кг (365 °С- 15 °С) =28000Джm =0, 2кгt2= 365 °Сt1= 15 °Ст/к Q-? ДжІІІ топ «Сәулелену» тобы 6-жаттығу №3 есепБер: Су ---------------------------------Q = cm (t2 - t1)Q =84 кДж=84000Дж ---------------m = Q /ctc= 4200Дж/кг* °С --------------------m =84000 Дж/4200Дж/кг* °С • 10 °С =2 кгt1= 10 °Ст/к m -? кгVІ.Қорытындылау «Физика халық ауыз әдебиетінде»1-оқушыБір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар көсе ұзақ әңгіме айтып отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді:Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім.Дәмнен ауыз тиіңіздер.Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады;Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суиды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.Сұрақ Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?2-оқушы Ертегі «Күн астындағы Күнекей қыз»«Байқаса екі ұртында кішігірім бір көлдің суындай су қалған екен, бүркіп-бүркіп жіберіп еді, қызыл жалын демде басылып, темір үй лезде суына қалды»Сұрақ Ертегі үзіндісінен нені байқадыңдар?Судың меншікті жылусыйымдылығын темірдің меншікті жылусыйымдылығымен салыстырайықVІІ. Үйге тапсырма:§10. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуІ топ «Жылуөткізгіштік» тобына 6-жаттығу №4ІІ топ «Конвекция» тобына 6-жаттығу №9ІІІ топ «Сәулелену» тобына 6-жаттығу №10VІ. Бағалау.