Т?рбие са?аты Тіл тірегіміз, со?ып т?р?ан ж?регіміз 2 сынып


Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана тілім –дана тілім, айбарлымСырың терең, тұнығындай қайнардыңАна тілім –қасиетім қастерлімБір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық тәрбие сағатымызды бастаймыз.- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.- Тілдер мерекесін- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.1. Менің тілім біреу –ақСөйлейтін де жазатынТауып қойған тілеуі –ақҚазақ деген өз атын2. Тілім барда мақтанамТілім менің аппақ әнБірлігімде бүгінгіАна тілім сақтаған3. Ана тілім ұранымАна тілім құралымАна тілім болмасаМықты болмас тұрағымМұғалім: «Тіл не үшін керек»? Осы тіл не үшін керек?Тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?«Неге ана тілі деп бөледі?»Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.4. Ана тілін біліп қойБостандығың теңдігінАна тілін біліп қойМақтанышым елдігің5. Келе жатқан мәңгіден дара салтымМақтанышым елдігім парасатымСенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігімӨміріме өң беріп жарасатынмұғалім: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?1. Ана сүті бой өсіредіАна тілі ой өсіреді2. Піл көтермейдіТіл көтереді3. Ақыл көркі –тілТілдің көркі –сөз4. Өзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте5. Өнер алды –қызыл тілӘн: «Туған жер»6. Ана тілді білмесемШат –шадыман жүрмес емЖер бетінде сайраңдапҚазақ болып жүрмес ем7. Өсірген ой –білімдіСүйем туған тілімдіМақсат етем әр сөзінМәнін терең білудіМұғалім: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.