Сыныптан тыс шара Бірлігіміз жарас?ан


ІС ШАРА ТАҚЫРЫБЫ: БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН!
ҚҰРАСТЫРҒАН: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ УТЕМБАЕВА З.Т.
Мақсаты: бірлік пен ынтымақты сақтай біліп, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, жетістіктерін мақтан тұтып, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеті: өзге тілді мектеп оқушларының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтей білетін орта тудыруға мүмкіндік жасау.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет,журнал қиындылары, кітаптар көрмесі, компьютер. Президентіміздің Жолдауы туралы слайд.
Түрі:тәрбие сағаты.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Тәрбие сағатының барысы:
Топтарға суреттерді таңдау арқылы, «Президент», «Жолдау», «Астана» топтары қалыптасады. Лездік әдіспен топ спикері таңдалып, топтың ұраны «Алтын ережесі» ортаға салынады.
1-жүргізуші: - 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйін –тұжырым.
Жүргізуші: алдарыңызда флипчарттар таратылған, мақсат «Кемелді келешек» постерін құрастырып, топ алдында қорғау.
Екінші айналым: Блиц сұрақтарға жауап беру.
1.Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2.Мемлекеттік рәміздер? (Ту, Әнұран, Елтаңба).3. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов).
4.Қазақстан республикасының президенті? (Н.Ә.Назарбаев)
1.Қазақстан қанша облыстан тұрады? (17 облыс)
2. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
3.БҚО регионына қалаларын атаңыз?— —Актөбе облысы (Актобе), Атырау облысы (Атырау), Западно-Казахстанская область (Уральск), Манғыстау облысы (Актау).4. Қазақстанның бірінші астанасы – (Орынбор қаласы 1919 - 1925жж).
Ән: Қазақ елі. Орындайтын «Самға» дуеті.
Жүргізуші:
Әлемнің сезімін түрленткенҰлы Ақын!Қош келдің Тәуелсіз Түркіге!Қош келдің Тәуелсіз Қазаққа!
Жүргізуші:
Сен сендің Жастарға,Сен сенген мына Мен –Сөзіммен шайтанды шошыттым!Өзіммен кәпірді жасыттым!Желтоқсан желінде                      Қайрат боп қаһарым жұлқынып,Ажалға жүгірдім кегіммен ұмтылып!
Үшінші айналым:
«Ара» әдісін орындау үшін «Қазақстан тәуелсіздік жылдары» атты сюжетті кластер жасау. Топтың ұйымшылдығы, барлық түстерді қамту бағаланады.
Жүргізуші:Содан соң…Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп,Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп,Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып,Алаштың мерейін тасыттым!
Топ мүшелерінің еңбегін бағалаушы топ бағалап, Блоб ағашына топ мүшелерінің аттары боялып, түсіріледі. Ән «Атамекен» Бахтияров Александрдың орындауында.
Қорытындыда оқытушы мен топ спикерлері «Бір жұлдыз. Бір тілек» әдісі бойынша рефлексия жасайды.