Т?рбие са?аты Бірлігіміз жарас?ан


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге  тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Тәрбие сағаттың білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағат әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, түсіндіру,Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер, шарлар, интеактивті тақта, слайдтар.Тәрбие сағат барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!  Құрметті қонақтар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бірлігі жарасқан халықпыз!!!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер: 
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Мұғалім: Біздің мерекелік шарамызға Жамбыл ауылынан, Абай ауылынан және Ыбырай ауылынан келеген өзге ұлт өкілдері қонаққа келіп отыр. Сол қонақтарымызға сөз кезегін берсек.
...................
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. .................Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. 
...................
Туған ел- Қазақстан арайлы.
Бүгін саған әлем түгел қарайды.
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.
Мұғалім: Әр ұлт өкілдерінің өз ізгі тілектері айтылады және өз өнерлерін көрсетеді.
-------------Арайлы азаттықтың нұрын құшқан,
Шолпандай жарқыраған күншығыстан.
Тәуелсіз Қазақстан – туған елім,
Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.
-------------Мы дружной семьюй живём в Казакстане,  Татары, уйгуры и русские с нами.  Так пусть же крепнет во веки веков  Дружба народов всех возрастов 
-------------Қазақжері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қассақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Мұғалім: Ал енді бейне материалға көз жүгіртсек. Осы бейне материалдан алған әсерлеріңіз.
Хор: АтамекенҚазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!  Бүгінгі тәрбие сағатымызға келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз! Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Сау - саламатта болыңыздар!