Методическая работа на тему Бірлігі жарас?ан


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мерзімі: 11.02.2016
 Білім көздері:  Өзін-өзі тану
 Тақырыбы: «Бірлігі жарасқан»
 Қасиеттер: достыққа, татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Құндылық: ынтымақтық, бірлік, сыйластық.
Топ жетекшісі: Карманбаева К.Т
Тобы:  Мектепалды даярлық  
Мақсаты: «Бірлік» ұғымы, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Міндеттері: 
- Бірлік туралы түсінік беру,« бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
- өзара жағымды қарым-қатынастарын , көпшіл болу іскерліктерін дамыту.
- Бір – біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: құралдар, мәліметтер
2 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші сөйлейді.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Сендердің жүректерің – ол сендердің кішкене жарқыраған күндерің.Ол да күн сияқты жылытады.Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен, адамдармен бөлісесіңдер.Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.Балалар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, қолдарындағы кішкене жүрекшелерді бір-біріне сыйлайды.Рахмет. Үнтаспа

3 мин
Үй тапсырмасын сұрау. Ұқыптылық туралы әңгімелесу Сұрақтар: 1. «Ұқыпты болу» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2. Ұқыпты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?
Жағдаят: «Ұқыпты қыз».
Анарды қандай қыз деп айтуымызға болады? Анасы Анарға неліктен риза болды? Балалар түсінгендерін айтады.
3 мин
Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.
«Бірлігі жоқ ел тозады,Бірлігі күшті ел озады» мақал»-халық мақалын дәйек сөзі ретінде түсіндіру. 2 мин
Мұғалім сыйы. Мультфильм көрсету. АКТ 3 мин
Бүгін сендермен «Бірлігі жарасқан» тақырыбын өтеміз. Бұл тақырыпта біз «бірлік» күші неде екенін білетін боламыз. Ол үшін көптеген елдерге саяқатқа барамыз.
-«Ынтымақ» еліне
-«Бірлік» еліне
-«Татулық» еліне
- «Достық» еліне
Шығармашылық жұмыс: «Бірлігі күшті ел»
СЛАЙД -«Ынтымақ» еліне тоқтап, тапсырманы орындайық.
1. Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ынтымақ түбі - береке – деп айтуда қандай мән бар?
-Оқушылардың шешендер айтқан ынтымақ туралы сөздеріне кезек беру.
-Жақсы, жарайсыңдар, балалар.
СЛАЙД «Бірлік» елі. Көрініс.
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынған. Ұлдарыолай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді. Міне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.Көрініске байланысты сұрақтар.
- Қария туралы не ойлайсыңдар?
- Қарияның ұлдары туралы не ойлайсыңдар?
- Қария балаларын қалай сынады? Сендер қалай сынар едіңдер?
- Қария балаларына қандай ақыл сөздер айтты?
«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деген халық мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне көмектеседі.
СЛАЙД «Татулық » елі. Мұнда балалар «Жалғасын тап» ойыны арқылы мақал – мәтелдерді аяқтайды:
1. Ынтымақ түбі -.....................
2. Татулық.......
3. Бірлік болмай.......
4. Ырыс алды .......
СЛАЙД «Достық» елі
Топтық жұмыс. Ынтымақтастықты, татулықты, бірлікті құрастырамыз
Мозаика жапсыру.
Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Мақалдың мазмұнын қалай түсіндіруге болады? АКТ
Ынтымақ тобы:
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-Ынтымақ түбі- игілік.
-Ынтымақ істі бітірер.
-Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.
Сұраққа жауап береді.
Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату – тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.
.....береке,
.......табылмас бақыт
....... тірлік болмас
.......ынтымақ 10 мин
Балалар мозаика жапсырады.

Қорытынды:
Біз бар елді аралап шықтық. Енді өз елімізге қайтайық. Мен сендерге жұмбақ қылып астарлап айтамын, сендер ол қай ел туралы екенін табыңдар.
Тақырыпты қорыту мақсатында «Құтмекені» слайдын көрсету.
Тапсырма: 1. Татулық, достық, бірлік, ынтымақтастық
Мұғалім: Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары шат - шадыман, бір – бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір – біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр. Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл ел қай ел деп ойлайсыңдар?
-Ендеше, балалар, Отанымыз Қазақстан – әр адамның құт мекені.
Ынтымақ – адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбіршілік, бірлесіп әрекет етуі
Татулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластығы
Достық – адамдардың бір-біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуы
Бірлік — ортақ істе ұйымшылдық көрсету.
Бірлік — жаныңдағылармен тату өмір сүру.
Бірлік — өзгенің пікірімен санаса білу.
Бірлік — өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.
Жанашырлық – адамдардың бір – біріне ниеттестігі мен тілегі.
Тақырыпқа байланысты жақсы тілек, шешендік сөз немесе өзі жаттап келген бірлік, татулық туралы батасын айту. Бұл – қазақ елі.
10 мин
Үйге тапсырма:
Балалардың өздеріне татулық, бірлік туралы өлең жаттап, түрлі жағдаяттар ойластырып келу тапсырылады.. Ән: Әрқашан күн сөнбесін! 2 мин