Зерде зерттеу ж?мысы та?ырыбы: Ж?мырт?аны? пайдасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІАлматы облысы Текелі қаласы№1 орта мектепТақырыбы: Жұмыртқа және оның пайдасыОрындаған: Құрманғалиқызы Айнұр 3 “Ә” сынып оқушысыЖетекшісі: Жолаева Айгуль Абдымолдаевнабастауыш сынып мұғалімі2016 жыл АННОТАЦИЯ  Зерттеудің мақсаты: Тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы әрі нәрлі тағамдардың бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы және оның өмірдегі тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, тауық жұмыртқасы мен бөдене жұмыртқасының пайдасын насихаттау Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тауық жұмыртқасы мен бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері және оның пайдалы тағам екеніне көз жеткізу.Зерттеудің кезеңдері: І. Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар жинақталды.ІІ. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер салыстырылдыІІІ. Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның емдік қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар екені анықталды.Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын терең ұғыну үшін бөдененің жұмыртқасымен салыстыра отырып суретке түсіру, мұрағаттан деректер жинақтау, баспасөз беттерінен және ғаламтор арқылы мәліметтер жинау , ғылыми жобаны дайындау.Зерттеудің әдістемесі: Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, сараптау, оны тәжірибеде қолдану сияқты әдістер пайдаланылды Жұмыртқа түрлері:1.Тауық жұмыртқасы 3.Қаз жұмыртқасы2.Бөдене жұмыртқасы 4.Үйрек жұмыртқасы Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массасы 1,700 г, бөдененікі- 0,485 г, үйректікі – 75 - 100 г, қаздыкі – 200 – 250 г Тауық пен бөдене жұмыртқасының салыстырмалы кестесі Тауық жұмыртқасының салмағы Бөдене жұмыртқасының салмағы 1,700 грамм 10-15 грамм Дәрумендер А дәрумені- 0,35 мг, Е дәрумені -1,8 мг В және В12 витаминдері 6 есе көп Ақуыз 12,7 грамм 17 ккал, Көмірсутегілер көмірсутегілер – 1грамм 0,6 грамм Белок 5,6 пайыз 6 пайыз Қанша күнде балапан басып шығарады 21 тәуліктен соң 17 күн ішінде Қанша уақытта жұмыртқалайды 1-жылдан кейін 45 күннен кейін Түстері Ақ Шұбар -ала Қорегі Бидай Арнайы жемі бар Тауық пен бөдененің жұмыртқасын салыстыра отырып кестеге түсірдім.Нәтижесінде тауық жұмыртқасынан бөдене жұмыртқасы адам ағзасына көбірек пайдалы бар екенін білдім. Біз –өзіміздің Текелі қаласында тұратын Айгүл Сисенованың үйіне барып, оның денсаулығына байланысты өсіріп отырған бөденелерін көрдік. Бөденелердің қалай, қашан, немен қоректенетінін өз көзімізбен көрдік. 250 бөденеден күніне 250 жұмыртқа алады екен.1 бөдене күніне 30 грамм жем жейді. Сонда 1 күнде 250 бөдене 7,500 кг жем жесе, онда 1 айға 5 қапшыққа жақын жем желінеді екен. Күніне 250 жұмыртқа, айына 7500 жұмыртқаны тапсырысқа берсе, онда 1айда 165000 теңге түсіреді. Одан 1 қапшығы 1500 теңгеден 5 қапшық жемге кеткен 7500 теңгені шигеріп тастасақ, 157500 теңге пайда көруге болатынын анықтадық.   бөденеге барған,екеуін сатып алған магазиннен ,балалармен көріп жатқан сурет керек Тауық пен бөдене жұмыртқасын айырмашалақтары туралы сауалнаманың қорытынды диаграммасы 1.Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып,қайта-қайта домалатыңыз.2.Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.3.Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады. 4.Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады Жұмыртқа қабығы - оңай қорытылатын, ағзамызға пайдалы таптырмас кальций көзі.Жұмыртқаның қабығы негізінен, кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрадыЖұмыртқаның шикі қабығы өсімдіктің, әсіресе гүлдердің түбірінің қатайып, берік болуына да мол әсер етеді ІІІ. ҚорытындыСонымен, зерттеу жұмысымды қорытындылайтын болсам, жұмыртқа тек нәрлі әрі жеңіл тағам ғана емес, барлық ем – домның көзі деп айтқым келеді.Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Ал денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз – ақ үй жағдайында емдеп жазуға болады. Адамның бет-әлпеті - оның айнасы. Ал бетіңіз ажарлы болсын десеңіз, қалтаңыз көтермейтін қымбат дүниелерді сатып алмай-ақ, жұмыртқаның көмегіне жүгінсеңіз болғаны... Деніңіз сау болсын!