Ел басымыз кеме?гер, к?ші т?зу кемел ел


«Шежін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(7-сынып тәрбие сағаты)
Сынып жетекшісі: Р.Керебаева
2015- 2016 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы:Елбасымыз-кемеңгер,
Көші түзу-кемел ел!
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
83439015240
1-жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұранның тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
2-Жүргізуші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.
1-жүргізуші:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған «Елбасымыз-кемеңгер, Көші түзу-кемел ел!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай, сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүие көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып.Ауыздықпен алысып, етегімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болады, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, ас та төк сұрқылтай күйін де кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. 15 ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, «ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алакөлге аялдап,қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
939165-132080Көрініс:
«Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтажы ханға сөз байласуға баруы»
Хан ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
-Иә, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса айтыңдар,- депті. Тайкелтір би: Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық
Бермесең қалдық.
Сөзді өзіңе салдық!- деп сөзді тастай берді.
Қоңтажы хан Тайкелтірдің төмендеп сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып:
болса, ат- тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас,- депті.
-Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат!- деді Қазыбек.
-Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім?- деді Қоңтажы хан.
-Атым Қазыбек, халқым қазақ, руым Қаракесек,- депті.
-Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы!- деді хан.
Сонда Қазыбек:
-Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, сен Қабылан болсаң, мен Арыстан алысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!- депті. Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.
1-оқушы: Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап жанкешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті
«Атамекен» хор
2-жүргізуші:17-19 ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды.Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау заманын, горбачевтің қайта құруын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, Желтоқсанның мұзы алауында жанған Ләззат пен Сабира, Қайрат пен Ербол қазақ қыздар мен жігіттері қаншама қан төкті.1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан күн еді.
2-оқушы: Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігінде желтоқсанның ызғарын.
3-оқушы:Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
4-оқушы: Желтоқсанның ызғары –ай
Сірескен қатты мұздары-ай!
«Елім-ай» деп егілген
Қаһарман ұл,қыздар-ай.
«Желтоқсан желі ызғарлы» әні орындалады.
1-жүргізуші:1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздігін алып, аңсары күнге де жетті.
Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
5-оқушы:Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
6-оқушы:Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Елі үшін Асанқайғы бабасындай.
7-оқушы: Көк туым, көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата-заңым қабылданып.
Көрініс: Ата мен немере
Сахнаға атасы мен немересі шығады. (Музыка ойнап тұрады)
Немересі: Ата, Отан дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын түсіндіріп беріңізші.
Атасы: Отан- әр адамның туып-өскен жері, ата-анасы, туған-туысқандары мен жолдастары тұратын атамекені.Біздің отанымыз-Қазақстан.Біз Қазақстан деген алып мемлекетте тұрамыз.Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем таниды.Ұқтың ба, ботам?
Немересі: Иә, ұқтым, ата.
Атасы: ендеше, мына ағаларың мен апайларыңның Отан туралы айтары бар екен.Жүре ғой, тыңдайық. (Қазақстан деген жазудың әр әрпін кеудесіне ілген оқушылар шығады)
Қ- Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
А-Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
З-Алақанда әлдилеген отаным,
Көмейімді күйдіреді от-әнім!
А-Қазақстан-арайстан, күншуақ,
Қазақстан-ырысстан, ынтымақ.
Қ-Бәрі де, Отан, сен үшін!
С-Отаным-Қазақстаным.
Т-Отан-сенің ата-анаң.
Отан-досың, бауырың.
А-Отан-тарих, Отан-тіл,
Отан- өлең, Отан жыр.
Н-Отан деп өссін жас жаным.
Ән «Көк тудың желбірегені».
2-жүргізуші:Мемлекетімізді бүкіл әлемге мойындатқан осы бір парасатты қазақ баласының үлгі тұтар қасиеті әркімге де өнеге мектебі емес пе? Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар,- деп дана халқымыз тегін айтпаған ғой, Қазақстанның президенті ел үмітін ақтап жүрген ер азамат, көш азамат.
Оқушы: Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың.
Қазақтың асқақтаттың өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Ұл едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге қазақ атын,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
1-жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданында қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.
Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі- Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен.Соның бір аты- Нұр, тағы бірі-Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен.Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен.Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген.Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген.
2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Слайд: Президенттің Сауд Арабиясына барған сапары
Автор сөзі:
Нұрсұлтан аға-Сауд Арабиясына барған жылы 3 ай бойы ылғал тамбаған екен.Атамыз қасиетті қақпаға кірерде жаңбыр құйып кетіп, шыққанда аспан шайдай ашылыпты.Бұған таң қалған король Фейсаль:
-Сіз тегін адам емес екенсіз, Алладан не тіледіңіз?- деп сұрапты.
-Қазағымды, елмді аман қыл деп тіледім, - деген екен.
Оқушы: Бүгін сізді құттықтаймын Нұр аға,
Жыр жазамын сол себепті ойлана.
Бүгін сізді құттықтайды бар халқың,
Сіз секілді Елбасыма жыр жаза.
Сіз мәңгілік қаларсыз Елбасы боп,
Еліңізді алға тартар сөз басы боп.
Көркейтерсіз мәңгілікке жайнатарсыз,
Қазақстан халқының тұлғасы боп.
Ел аға шаршамаңыз өмірде,
Көңіліңіз босамасын әр сәтте.
Қазақстан халқы сізге сенеді,
Жүрегіңізге қуанышын төгеді.
2-жүргізуші:Елбасы ата-бабаның 4 аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап әлемге танытуда күш салып еңбек етуде.Ол аманат-Ел, Жер, Тіл, Тәуелсіздік.Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр- талайын жауапкершілікке алды.Сондай-ақ еліміздің 20 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.
1-жүргізуші: Н.Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.БҰҰ-на мүше болдық.Республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп, ата заңымыз қабылданды.Ұлттық валютамыз шығарылды.
Туған елге нұрын сепкен-Елбасы өлеңі оқылады.
Ажарланған сәулет-өнер бәрімен,
Елім үшін мақтанармын әлі мен.
Жас ақындар өлеңімен мақтанса,
Ал әншілер мақтанады әнімен.
Көрші елдер бізбен тату үнемі,
Бізді айтып мақтан тұтып жүреді.
Елге сыйлы құрметтейді салттарын,
Туған жердің біз боламыз түлегі.
Сына мені мейлі қалқам сынама,
Азаматы туған жердің бір дара.
Ел аузында аты қалған елбасы,
Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!
Қалады дәл осы күн ел жадында
Қане, қалқам тек қана алға қадымда
Қазақ жұрты жасай берер мәңгілік
Нұрсұлтандай азаматы барында
1-жүргізуші: Татулық-адамдардың бір-біріне адал қалтқысыз еніп, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
2-жүргізуші: Бірлік-мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, Ұйымшылдық көрсете білуі.Бірлігі берік ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды.
Ән: «Астана»
Сабақтың тақырыбы: Менің тұңғыш президентім
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
681990139700

8820151226185Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы.
17011645414010Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
45167555586730291655554724302876555472430
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
-21336099060 Елтаңба авторлары:
Жандарбек Мәлібекұлы,
Шотаман Уәлиханов.287655547243015449555472430
2876555472430
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік , босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Мемлекеттік ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген , ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
6305558296910
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Шежін орта мектебі

-80010198755
8 – сынып жетекшісі: Хуспан Лида
2015- 2016 оқу жылы
Сынып: 5Тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгертуМақсаты:Білімділік: Оқушыларға файл, бума, белгіше нысандарымен таныстыру, оларды құру, атын өзгеру әрекеттерін орындауға үйретуДамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.Сабақ түрі: ПрактикалықСабақ типі: Жаңа сабақ.Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, жеке жұмыс.Құрал - жабдықтар: компьютер, жеке тапсырмаларСабақ барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;ә) оқушыларды түгендеу.2) Өткен тақырыптарды қайталау1 тоқсан тақырыптарын қайталау. Карточкалармен жұмыс карточкалар. docx3) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентация  HYPERLINK "http://yadi.sk/d/g6psXT8jGGiwD" \t "_blank" Файлдар, бумалар, жарлықтар. pptxФайл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:*. bmp Paint*. doc Word WordPad*. txt Блокнот қолданбасының құжаты*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.*. avi Бейне — клип*. xls Excel кестелік процессорының құжаты*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесеріБума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.Бумалар екі түрлі болады:- жүйелік бума - каталогтар;- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)Бумаларды құру оның құрылымы:Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.Терезеде жаңа бума құру:Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету.Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.Бірінші жолы:• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.Екінші жолы:• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту5) Сабақты бекіту. Практикалық тапсырмалар орындауА деңгейі1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар6. Жарлықтарды жойыңдарВ деңгейі1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл салыңдар5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен атаС деңгейі 1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың көшірмесін жасаңдар2. Оның белгішесін ауыстырыңдар3. Ол буманы жасырын етіңдер4. Буманы Қоржынға апарыңдар5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар6) Бағалау7) Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы. «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің» Математика 3-курс студенті Құттығұлов Ғабит Серікұлы
Күні:17.10.2013
Сыныбы: 7 «Б»
І. Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Обьектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою;
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету.
Дамытушылық: Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше компьютермен жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Сәлемдесу;
Б)Оқушыларды түгендеу;
В) Оқушы құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру3. Жаңа сабақ
Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек бір қапшыққа орналастыра берсе онда бара бара ол қапшықтан қажетті файлды тауып алу қиындай түседі. Сондай файлдарды өзіміз жасаған жеке қапшықтарға орналастырған жөн мысалы: барлық суреттерді сурет қапшығына ал ойындарды ойын қапшығына т.с.с. орналастырады. Қапшық құрудың мынадай жолы бар:
Менің компьютерім қапшығын ашыңдар;
С дискісінің қапшығын ашыңдар;
Тышқанның нұсқағышын меню жолындағы файл командасына орналастырыңдар;
Пайда болған созылған менюдің құру командасын шертіңдер, басыңқы меню пайда болады;
Басыңқы менюдегі қапшық командасында тышқанды шертіңдер;
Сонда жаңа қапшық белгішесі пайда болады.Обьектінің атын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп обьектіні белгілеңдер де қапшық терезесінің менюдегі Файл Переименовать командасын орыңдаңдар. Обьектінің ескі атының төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады, оған пернетақтадан жаңа ат іздеп ENTERпернесін басыңдар;
Обьектіні белгілеп, Ғ2 пернесін басыңдар да жаңа ат еңгізіңдер немесе ағымдағы атты түзетіңдер. Обьектінің атын өзгерту барысында қателік жіберсеңдер ESCпернесін басып, жаңа атты еңгізуді орындатпауға болады;WINDOWS обьектілермен жұмыс істегенде оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Обьектілерді көшіргенде обьект бұрынғы орнында қалады, ал жаңа орынға көшірмесі түседі. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Обьектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орында қалмайды. Обьектілерді жылжытумен көшірудің бірнеше жолдары бар:Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен. Обьектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін тышқан нұсқағышын обьектінің үстіне орналастырып оның оң жақ батырмасын басып тұрып жаңа орынға жылжытады да батырманы босатады. Одан кейін экранда динамикалық меню пайда пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса КОПИРОВАТЬ; жылжыту қажет болса ПЕРЕМЕСТИТЬ; ал таңбаша жасау қажет болса СОЗДАТЬ ЯРЛЫК командаларының бірін таңдауға болады.Бір қарағанда қажетті емес және аса маңызды емес болып көрінетін обьектілерді жою өте қауіпті қадам. Обьектіні ойланбай жою программаның дұрыс жұмыс істеуіне немесе тіпті жүйенің бұзылып қалуына әкеледі. Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен ғана жүргізілуі керек. Обьектіні немесе обьектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
Обьектіні белгілеп DEL пернесін басыңдар;
Белгіленген обьектіде тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп динамикалық менюден УДАЛИТЬ командасын таңдаңдар;
Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп қапшық терезесі менюіндегі ФАЙЛУДАЛИТЬ командасын орындаңдар;
Обьектіні немесе обьектілер тобын таңдап, Жұмыс
үстеліндегі СЕБЕТ белгішесіне апарыңдар;
Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысын пайдалансаңдар да экранда « Өшіру керек пе қажет пе?» деген сұрау терезесі шығады. Егер сендер ИӘ батырмасын шертсеңдер онда өшірілетін обьектілер автоматты түрде себепке салынады. Кейін оны корзинадан алып, қайта қалпына келтіруге болады. Егер сендер ЖОҚ батырмасын шертсеңдер, онда обьект жойылмайды, бұрынғы орнында қалады. Жоюды қапшық терзесіндегі менюдің Правка Отменить удаление командасын орындап іске асыруға болады.
Сабақты бекіту:кеспе қағаз оқушыларға үлестіріп беру;
Үй тапсырмасы: оқу, мазмұндау
Бағалау
«Шежін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(ашық сабақ)
Пән мұғалімі: Хуспан Лида
Пәні: Информатика
Сыныбы: 5

2014- 2015 оқу жылы
Күні:
Сыныбы: 5- сынып
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар, оның типі, бумалар, бумалардың түрлері, оларды құру, атын өзгерту әрекеттерін орындауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Техникалық тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: Баяндау , сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілігі: Компьютер, слайд, тест
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест тапсырма топпен орындау
Windows- те қандай терезелер жоқ?А) Бума терезелері С) Сұхбаттық терезелер
Б) Қосымшалар терезесі Д) Бас терезелер
Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) Терезені ашады С) Барлық ашық терезелерді жабады
Б) Терезені жабады Д) Келесі ашық терезеге ауыстырады
Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
А) Бума терезелерінің С) Сұхбат терезелерінің
Б) Қосымшалар терезесінің Д) Анықтама терезелерінің
Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
А) Тақырып жолында С) Жай- күй жолында
Б) Жүйелік мәзірде Д) Терезенің жұмыс аймағында
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды? С) Терезені толық экранға жаяды
Б) Терезенің мөлшерін азайтады? Д) Терезені жиырады
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды? С) Терезені толық экранға жаяды
Б) Терезенің мөлшерін азайтады? Д) Терезені жиырады
Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды? С) Терезені толық экранға жаяды
Б) Терезенің мөлшерін азайтады? Д) Терезені жиырады
Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
А) Саймандар тақтасы С) Есептер тақтасы
Б) Нысан белгішелері Д) Бастау батырмасы
Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
А) Жұмыс үстелі С) Бас мәзір
Б) Есептер тақтасы Д) Нысан белгішелері
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек бір қапшыққа орналастыра берсе онда бара бара ол қапшықтан қажетті файлды тауып алу қиындай түседі. Сондай файлдарды өзіміз жасаған жеке қапшықтарға орналастырған жөн мысалы: барлық суреттерді сурет қапшығына ал ойындарды ойын қапшығына т.с.с. орналастырады.
Файл – бұл жеке аты бар байттар тізбегі.
Файл программа немесе құжат болуы мүмкін. Әрбір файлдың жеке аты болады. Файлдың аты екі бөліктен тұрады, оң жақ және сол жақ. Екі бөлік арасын нүкте бөліп тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символ аралығында болады .
Файл атын сақтағанда келесі символдарды қолдануға болмайды: / ? : * <>/
Компьютер файлдың программа немесе құжат екенін оның типіне қарап анықтайды. Егер файл .ехе немесе .сом тұрса, онда ол программа. «Құжат» ретінде анықталатын негізгі файлдардың типі:
.bmp- Paint графикалық қосымшасының белгісі.
.doc- мәтіндік редактор.
.tet – Блокнот қосымшасының құжаты.wav- Дыбыстық фонограф
.avі- Видео-клип.xls- кестелік процестердің құжаты
.ppt- Power Point қосымшасының белгісіБумалар жүйелік және жұмыс бумасы болып екіге бөлінеді.
10922002540
Жүйелік бумаларға қандай да бір өзгертулер жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне немесе тоқтап қалуына әкеліп соқтырады.
Жұмыс бумаларға өздеріңіз құрған немесе сіз үшін құрылған бумалар жатады. Мысалы: Менің құжаттарым бумасы жатады.
Бумаларды құру оның құрылымы:
Қапшық элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады:
Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Қапшықты ФайлСоздатьПапка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады. СоздатьПапка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.
Белгіше бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетібар пиктограмма,Объектінің тамғасы,компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл,ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі
Немесе терезедегі жай белгіше,ол Windows98-дегі қандай да бір объектіге:файлға,қапшыққа,дискіге,компьютерге,принтерге т.б сәйкес келеді. Танбаша жеке бір обьект емес,ол файлға сілтымы ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту,файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.
Бумалардың, файлдардың немесе белгішелердің аттарын өзгерту
Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау
Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау
Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу
IV. Компьютермен жұмыс:Оқушыларды екі топқа бөлеміз.
ІІ –топ тапсырмасы:
1.Менің құжаттарым бумасының ішінен бума аш.
2.«Бума» деген ат бер.
3.Word Pad бағдарламасын ашып, «Президент» тақырыбында мәтін жаз.
4.Оны сақта.
5.Осы файлды «Бума» атты бумаға сал.
І – топ тапсырмасы:
1. Жұмыс үстелінен бума аш.
2. Оған «Файл» деген ат бер.
3. «Блакнот» бағдарламасын ашып, «Тәуелсіздік» тақырыбында сөйлем жаз.
4. Оны сақта.
5. Осы файлды «Файл » бумасына сал.

V. Қорыту
Бақылау сұрақтары:
Файл деген не?
Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
Бума деген не?
Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар.
Файлдың бумадан айырмашылығы неде?
Буманы қалай құрамыз?
Жарлық деген не?
Жарлықты қалай құрамыз?
Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?
VI. Бағалау
Әрбір жауап үшін оқушыға бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш беріледі.
VII. Үй тапсырмасын
95- бет тест тапсырма
Сөз жұмбақ
Дискетті тазалауды қалай атаймыз?
Файлды іздеу түрлері қандай?
Буманың түрі.
Файлды іздеу түрі.
Сыртта сақтау құрылғысы қандай?
Файлды немесе буманы қандай командамен іздейді?
Файлды сақтағанда қолданылмайтын символ.

фо рм а т т а у
м а зм ұ ныж ү йе л ік ө л ше м іди с к е т на йт и т ырна қ ша Әр оқушыға фишка таратылып, сонымен бағаланды.
3
4
5

бекітуБумалар мен Файлдарды іздеу. Оқу.