Математика Та?ырыбы: Ба?ылау ж?мысы


Пәннің аты:
математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Бақылау жұмысы
Мақсаты Сабақтың мақсаты: 1) қосу, азайту амалдарынан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттерді бекіту.
2) оқушылардың есептеу, ойлау дағдыларын дамыту.
3) оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
1-нұсқа.
1-есеп. Бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
 
2-есеп. Ондықтарын, бірліктерін ажыратып көрсет.
17  = ...онд ...бірл                          5онд. 5бірл= ...
27  = ...онд ...бірл                          9онд. 9бірл= ...
23 =  ...онд ...бірл                                         
 
3-есеп. Есепті шығар.
Бақшадан 30кг қызылша және 40кг сәбіз жиналды. Барлығы неше килограмм көкөніс жиналды?
 
4-есеп.Теңдеуді шеш.
40-х= 20                х+10  = 30             7-х = 2
 
5-есеп. Қабырғасы 5см болатын шаршы сыз. Периметрін тап.
 
2-нұсқа.
1-есеп. Екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз.
 
2-есеп.Ондықтарын, бірліктерін ажыратып көрсет.
28= ...онд ...бірл                            4онд. 9бірл=     ...
33 = ...онд ...бірл                           7онд. 8бірл =    ...
89 = ...онд ...бірл                       
 
3-есеп. Есепті шығар.
Мақсат 9кг қияр жинады, ал Мұрат одан 2кг қияр кем жинады. Мұрат неше килограмм қияр жинады?
 
4-есеп. Теңдеуді шеш.  30-х= 10           х+15= 20         8-х = 3
 
5-есеп. Қабырғалары 3см және 4см болатын төртбұрыш сыз. Периметрін тап.
 
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Үйге тапсырма Қайталау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады