Сыныптан тыс іс-шара Меммлекеттік р?міздерді білесі?бе?


Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?Сайыс5-7 сынып оқушылары арасында№10 жалпы орта білім беретін мектебіДайындаған биология пәні мұғалімі: Мұхтарова М.
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.Рәміздер ұғымын түсіндіру. Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Шарлар, гүлдер.
«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік» Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан
style.rotation
Сабақтың барысы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады Армысыздар құрметті оқушылар және сайысымыздың қонақтары!Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген.Олай болса бүгінгі біздің 5-7 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Мемлекеттік рәміздерді білесіңбе ?» атты сайысымызға қош келіпсіздер.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.     І кезең     « Сәлем – сөздің анасы»   ІІ кезең    « Кім тапқыр»   ІІІ кезең  « Ойлан тап»   ІV кезең   «Мақал – сөздің мәйегі»   V  кезең    « Топ басшыларының сайысы»     VІ кезең  « Менің қиялымдағы рәміз»   

1-кезең“Сәлем – сөздің анасы”Таныстыру

2-кезең“Кім тапқыр”

3-кезең“Ойлан тап”

Авторлар Ұғымдар  Спортшылар Мемлекет 10101010303030202020204030404040

Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Шәмші Қалдаяқов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев 4-кезең“Мақал – сөздің мәйегі”

5-кезең“Топ басшылар”

1 – Мәтін Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді. Вокзал алды жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны жанынан өтіп бара жатырған орыс әйелі көреді де, батыр бабаларың Бауыржанға « Өзініз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап , тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.Сұрақ: Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы айтты?

Жауабы: Елтаңба.

І І – мәтін.Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің , қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ. Ұрыс сәл саябырлап , айналада тыныштық орнаған сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерді іріктеп, оларға тапсырма берді. Жауынгерлер өздеріне тапсырылған матаны көйлек ішінен белге орап алып, жау қоршауынан шығып орталыққа жеткізді.Сұрақ. Бөлім командирінің тапсырмасы қандай еді?
Жауабы: « Мемлекеттік Ту »

Жауабы:Қазақстан Республикасының Гимні.1956 жылы жазылған, толықтырулар және енгізулермен, өлеңді мемлекеттік әнұран деңгейіне жеткізген "Менің Қазақстаным" әйгілі әні 2006 жыл 07 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының әнұраны болды. ҚР Президенті әнұран мәтініне түзетулер енгізгеннен кейін авторы болып көрсетіледі. Ресми рәсiмдерге әнұранды орындауда кеуденiң сол жағына оң қолдың алақаны тұрып қоса тiркеуi керек.
Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Дала да думан,қала да думан жыр бүгін, Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім. Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан, Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым. Тәуелсіз Қазақстанымның осы кезге дейін жеткен жетістіктері жайлы топ басшыларына сұрақ қояйық:
1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6-кезең“Менің қиялымдағы рәміз”

1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті. Қазақстан Республикасы: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты.



Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әнұранның әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Қорытынды: «Жүректен-жүрекке шеңбері» Жақсыдан үйренейік Жаманнан жиренейік Қазақстанның Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық! Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.