Открытый урок по казахскому языку на тему Сын есім (5 класс)


Сабақтың тақырыбы: Сын есімдерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  сын есімнің мағыналық,тұлғалық,құрамдық түрлері,   сын есім тудырушы жұрнақтар  бойынша оқушылар  ізденісіне бағдар беру.
Тәрбиелік:   қабылдау түйсігі, салыстыру және ой жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: сынау мәдениетін қалыптастыру,  өрелі ой еркіндігіне баулу.
 Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Әдіс-тәсілдері: ізденісті-зерттеу, салыстыру   т.б.
 
Сабақ  барысы:
I     Ұйымдастыру   кезеңі.
ІІ   Үй тапсырмасын тексеруІІІ  Психологиялық  дайындық
IV  Сын есімді қайталауға арналған сабақ
Сызбамен жұмыс.Сызбаға қарап ереже шығарыңдар,
мысалдар арқылы ережелерді дәлелдеңдер.
V   Өткен  тақырыпты  бекітуге  арналған  тапсырмаларVI  Бағалау
 
VII  Үй  тапсырмасыМұғалім  сөзі:
-Балалар, мектебімізде  өтіп  жатқан  іс-шаралар  неге  арналады?
-Еліміздің  тәуелсіздігінің  20жылдығына  арналады.
-Отанға, тәуелсіздікке  байланысты  қандай  өлең-шумақтарын  білесіңдер?
Бейсенова  Динара  «Ғасыр  шежіресі» өлеңінен  үзінді  Ақаев  Арлан 
Тәуелсіздік-тірлігімнің  айғағы,
Татулығым-бірлігімнің  айғағы.
Сөгілмесін  еліміздің  іргесі,
Әлі  де  бар  ұрпағыңның  арманы.
Бейбіт өмір  тілеймін  мен  халқыма,
Туған  тілім  шұбарланба,  жарқыра!
Тарихымда  таланттылар  көбейсін,
Бас  иемін  ата-баба  рухына!
 
 
Бойымда  әлі  бұлақ  жатыр  бұрқырап,
Сол  бұлақтан  сыр  ағыздым  жыр  құрап.
Тілейтінім  барша  жұртқа  бір  ғана-
Ырыс, бақыт,  татулық  пен  ынтымақ!
 
Қазақ  тіліне  төселу  сәті:
-Қазақ  тіл  білімінің  неше  саласы  бар?
-Морфология  саласы  нені  зерттейді?
-Қазақ  тілінде  неше  сөз  табы  бар?
Сызба  қарап  ережені  айтыңдар,  мысалдар  арқылы  дәлелдеңдер1-тапсырма. Тақтаға екі ағаштың суреті ілінеді.Оқушыларға жапырақтар таратылып,тапсырма беріледі: 1- адамның жақсы қасиеттерін, 2-топ жаман мінез-құлықтарды жазып шығыңдар.Жақсы мінез-құлықтарды түзу ағашқа,жаман мінез-құлықтарды қисық ағашқа іліңдер.Әр топ өз жұмыстарың туралы түсініктеме айтыңдар.
 2-тапсырма. Негізгі сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар.Негізгі  сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар. Сын есім жасайтын жұрнақтарды пайдалана отырып, туынды сын есімдер жасаңдар.
 а) есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:    лі, лы, ды, ді, ты, ті, сыз, сіз, ғы, гі, қы, кі, лық, лік, дық, дік, тық, тік, шыл, шіл, шың, шің, шаң, шең, дай, дей, тай, тей, қой, қор, паз, кер, ген, и, ы, і ә) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: ғақ, гек, кек, ақ, ек, ық, ік, қ, ғыш, гіш, қыш, кіш, ғыр, гір, қыр, кір, шақ, шек, ынды, інді, нды, нід, малы, мелі, палы, пелі, балы, белі, ымды, імді, мды, мді, аған, еген, улы, улі, ма, ме, ба, бе, па, пе, ың қы, ің кі, ңқы, ңкі.
 3-тапсырма. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар.
Темір, су, меірім, ою, тау, ақыл, өнер, сөз
Қазақстан  қандай  мемлекет?
4-тапсырма.Адасқан сөздерді лайықты сөзбне тіркестіріңдер.
Өнерпаз            сөйлем
Түйінді              бала
Жасанды           жазушыБасыңқы            әнші
Әуезқой             сөз
Атақты              көл 
5-тапсырма.   Берілген  сын  есімдерді  тұлғасына, құрамына,  мағынасына  қарай  талда . 
  дара күрделі негізгітуындысапалық қатыстық
Ақ            
Тершең            
Асыл           
Тоңғақ            
Айлакер           
Жылы           
Өнерлі            
 
6-тапсырма.Әуезді тіркестер құраңдар.
Үлгі:Теңіздей терең,…
Теңіз,      күн,        ай,         дала,       су,       көңіл,      талап.
 
7-тапсырма.Сын есімдердің бірінші синонимдарін  одан кейін антонимдерін табыңдар
Сұлу-
Батыр-
Жылдам-
Сабырлы-
 
8-тапсырма.
Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді табыңдар.
Қатты  жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар. Жақсы кеңес-жарты ырыс.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Өткір пышақ қынға қас,өтірік сөз жанға қас. Тез қасында қисық ағаш жатпас.
 
9-тапсырма.Жаман мен жақсы туралы ата-бабаларымыздың айтқандарын оқи отырып,өздерің қандай мінез-құлықтарды жаман,қандай мінез құлықтарды жақсы деп есептейсіңзед,өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.
Жамандар-өтірікші өсегі көп,
Ер жұрттың іріткі салар арасына-айЖалған сөзбен бықсытар ел арасынЖанбай қалған ағаштың шаласындайЖақсы адам елдің басшы серкесіндейЖұнғымды болар елдің еркесіндейЖақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай  (Сүйінбай)
Өңкей жақсы қосылса
Бітіреді кеңесті
Өңкей жаман қосылса
Шығарады егестіМәмілемен іс бітерБас қосып қалса көп естіЖақсының жолы жарық күн
Жаманның жолы көмескі.  (Майлыққожа)
 
10-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, құрамына талдау жасаңдар. Сын есім тудырушы жұрнақтарды естеріңде сақтаңдар.
 
Қарап отырғанша,  бір нәрсеге    жарап отыр.
Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
-Түзу мылтық,ұшқыр құс,жүйрік ат мақтаншақ жігіт,ұрыншақ ат жидым.Боз бала болып ерлік қылайынба,үлгі алып билік құрайынба?Еліңде кәрің болсаң жазулы хатың деуші еді,ақыл сұрай келдім депті сонда Төле би: «Өгізді өрге салмақанатың талар,наданға көзіңді салма сағың  сынар.Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер,дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.Жақсының жағасынан алма өрісің тарылар.Қару жисаң,мылтық жи,жаяу жүрсең таяқ,қарның асша тамақ.Ит жүгіртіп құс салсаң әуеиі боларсың.Әйел алсаң көркіне қызықпа,тектіні ал.Тұмау түбі-құрт болар,тұман түбі-жұт болар.Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр.Кәсіп болмай нәсіп болмас.Менен ақыл сұрасаң,айтарым осы» деген екен.
ІV. Рефлексия.
V .Үйге тапсырмаVІ.Сабақты қорытындылау.
Білімдерін бағалау

Сабақтың тақырыбы: «Сын есімді қайталау»Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар.Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.- Қазір бізде қазақ тілі мен информатика сабағынан кіріктірілген сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сын есімдерді қайталау. Сабағымыздың мақсаты: сын есім туралы алған білімдеріңді жинақтау, бекіту, қорыту, шығармашылық тапсырмалар орындау.Сабағымызды бастамас бұрын, осы күн сәтті өту үшін бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік: Балалар: ақылды бол, білімді бол, ұқыпты бол, өнерлі бол, сұлу бол, жақсы бол, мәдениетті бол, әдепті бол, бақытты бол, үлгілі бол.Мұғалім: Оқушы:- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.- Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық.- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.- Олай болса, балалар сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.- Бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» деп аталады.Бірінші сәт:Ережені қайтала:1. Сын есім дегеніміз не?2. Сын есім сұрақтарын ата.3. Негізгі сын есім деген не ?4. Туынды сын есім деген не?5. Негізгі сын есімге мысал келтір.6. Туынды сын есімге мысал келтір.Екінші сәт:«Бір сын есімге көп зат есім жаз»Үшінші сәт:«Көңілділер мен тапқырлар»Көктем қандай көңілді,Күміс жаңбыр төгілді.Мөлдір аспан ашылып,Күннің көзі көрінді.Тапсырмалар:1.Өлеңді жаттау.2.Дәптерге жазу.3.Сын есімдерді табу.4. «Көңілді» сөзін сөз құрамына талдау.5. «Күміс жаңбыр төгілді» сөйлем мүшесіне талдау.Төртінші сәт:«Сын есімге зат есімнің лайықтысын жаз»Өнерпаз шопантүйінді балажүйрік суретші әуесқой ойтаңдаулы адамсөзшең ат(Өнерпаз бала, түйінді ой, жүйрік ат, әуесқой суретші, таңдаулы шопан, сөзшең адам)Сын есімдерді сөз құрамына талдау.Бесінші сәт:«Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тап» ауызша.1.Өтірік сөз өрге баспас.2.Еріншек адамның ертеңі бітпес.3.Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.4.Жалған сөз - жанға қас, Жалқау қойшы - малға қас.Алтыншы сәт:«Көсемділікке ұмтылу»1.Қандай сұрағына жауап беретін сын есім (жақсы )2.Заттың түсін білдіретін сын есім. (қызыл)3.Қандай жолдас болады? (жаман )4.Бөлме қандай болады? (кең )5.Алма қандай болады? (сары )6.Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (шеткі )7.Жемдеп тұрған мал қандай болады?Жетінші сәт: Тест сұрақтары.«Беске жету»1.Сын дегеніміз не?А) заттың атыӘ) заттың түріБ) заттың қимылы2. Сын есім сұрақтарын көрсет.А) қандай? қай?Ә) қанша? неше?Б) не істеді? қайтті?3. Туынды сын есімді көрсет.А) сулы, күшті, білгішӘ) таза, әдемі, сұлуБ) ақ, сары, көк4.Сын есім нені білдіреді?А) атын, орнын, мөлшерінӘ) түсін көлемін, сапасынБ) аумағын, көлемін, орындалғанын5. Сын есімді тап.А) келдіӘ) онБ) әдемі6. Негізгі сын есімді тап.А) талапты, көлемді, икемдіӘ) жаңа, қызыл, ақБ) өнерлі, бойшаң, инабатты7. Әдемі, сұлу, ұқыпты, ақшыл, қай сөз табына жатады?А) зат есімӘ) сын есімБ) сан есім8. Ақ, сары, қызыл сын есімдеріА) негізгіӘ) туындыБ) күрделі9. Туынды сын есім неден құралады?А) түбірденӘ) түбір мен жұрнақБ) жалғау10. Негізгі сын есім неден құралады?А) түбірӘ) түбір мен жұрнақБ) жалғауСабақты қорыту. «Мен қандаймын» ойыныШарты. әр оқушы өз аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз атының алдына қойып айтып шығады.Мысалы:Әдемі ӘсемСымбатты СандуғашҮлгілі ҮмітЖайдарлы ЖаннаНұрлы НұржанИнабатты ИсламАқылды АяшРақымды РүстемӘдемі ӘсетАлғыр Аманжол.