Атаж?рт интеллектуалды? сайыс ойыны


№ 63 мектеп –гимназиясы
«Атажұрт» интеллектуалды ойыны


Тарих пәнінің мұғалімі: Ыбырай Г.Қ.
Астана қаласы 2015жыл
«Атажұрт» интеллектуалы ойынының мақсатты
Білімділік:Өткен тақырыптарды қайталап отырып, оқушылардың жұмыс істеу нәтижелерін байқау және түсініктерін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа, төрт түлікті қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілік, зертеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру.
Көрнектілігі: Қазақстан картасы, қаттама, қанатты сөздер, кітаптар, суреттер.
Өту әдісі: сұрақ – жауап.
«Атажұрт» ойының барысы:
Ұйымдастыру10 сынып оқушыларынан құралған 3 топ құрыладыТауды көрсең, күн көзімен таласқан,                              
274891526924000Аспан көрсең, Ай мен  Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Жерімде гүл, көгімде күн бір жүзген,
Ұлан-байтақ Республикам бұл менің.
 
-Республикам! Күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытпен,
Алтын бесік –Қазақстан-Гүлстан!
 
-Армысыздар, қадірменді қонақтар!
Айналайын оқушылар!
«Атажұрт» ойынына келіңіздер,
Ықылас қып көппен бірге еніңіздер.
Біздерді жақсы танып, білмек үшін,
Оқушылардың білімдерін көріңіздер.
   -Балалар, бүгін сіздермен «Атажұрт» интеллектуалды ойынын өткіземіз.Ойынға қатысушыларды таныстырайық:
 1.Бірлік 2.Жас қыран 3. Жалын
1 айналым.Әр топ өздерін таныстыру
-4419601270000
2 айналым. «Әріптер сыр шертеді»
Тақтаға 42әріп жазылған плакат ілінеді. Әр топ жеребе бойынша ретін біліп әріп таңдайды, әр әріпте жауабы сол әріптен басталатын жалпы сұрақтар жасырылған. Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі. Егер таңдаған сұрағын таба алмаса, реті бойынша келесі топқа беріледі.
А- Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (Археолог)
Ә- 1771жылы қай хан қайтыс болған соң Абылай хан сайланды? (Әбілмәмбет)
Б- Исатай Тайманұлын старшын етіп тағайындаған кім? (Бөкейхан)
В-Ежелгі мемлекеттердің бірі? (Вавилон)
Г- 1812жылы Башқұрт полкі құрамында шайқасқан Нарынбай Жанжігітұлы ерлігі үшін қандай
орденмен марапатталды? (Георгий)
Ғ- Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде түркілердің арғы атасы кім деп
тұжырымдады. (Ғұндар)
Д-Кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен ақтар атаманы (Дутов)
Е- Түркістан қай ханның астанасы болды. (Есім хан)
Е- ҚР туының авторы (Ш. Ниязбеков)
Ж-1742ж қазан айында патша үкіметі қай өзеннің бойына мал жаюға тиым салды?(Жайық)
З-Будда дінінің қамиетті кітабы (Трипитака)
И- кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды техдету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім? (Игелстром)
Й- ҚР қай жылы БҰҰ-на мүше болды? (1992ж 2наурыз)
К-Қырғыз манаптарымен болған шайқаста қаза тапқан қазақ ханы? (Кенесары)
Қ-Ж. Баласағұнның ХІ-ға жазған еңбегі (Құтты білік)
Л- Абылай хан Әмірсананы жоғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларын көндірді? (Лама Доржыға)
М-Әмір Темірдің мемлекеті (Мауеренахр)
Н-Сегіз тайпа бірлестігі (Найман)
Ң- І д.ж соғыстың шығу себебі? (Австро-Венгрия мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі)
О- Қазақ жасақтары жиналған Оңт. Қаз. тау (Ордабасы)
Ө-Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған хан (Өзбек хан)
П-Тасқа салынған суреттер (Петроглифтер)
Р- Қазақстанға отарлау саясатын жүргізген мемлекет (Ресей)
С-Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды қазақ хандығының құрамына қосуболды (Сыр бойындағы)
Т- Ұлы Отан соғысында 2мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқыш(Т. Бигелдинов)
У- Абылай ханның бас мирасқоры? (Уәли сұлтан)
Ұ- Ұлан байтақ жерлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлер алдында 4ұлына бөліп берген жерлері қалай аталады? (Ұлыс)
Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға қарап белгілеген? (Үркер)
Ф- Кроманьондық(саналы адам) адам қай жерден табылды? (Франция)
Х- Сырым Датұлы қай жерде дүние салды? (Хиуада)
Һ- Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті? (Қ. Сәтбаев)
Ц- Қазақ хандығына шығыстан қауіп төндірген империя (Цинь империясы)
Ч- Үйсін тайпасының астанасы? (Чигучен)
Ш- Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулі? (Шаньюй)
Щ- ҚазАКСР қай жылы құрылды алғашқы президенті? (1920ж С. Меңдешов)
Ъ-1916ж Ұлт азаттық көтерілістің шығу себебі? (25маусым патша жарлығы 19-43жас )
Ы- 1731ж Орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың Орадасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені)
І- Аңырақай шайқасында қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған Жоңғарлар қай өзенді бойлай еліне қарай шегінді? (Іле)
Ь- «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен қазақ елін аштыққа
ұшыратқан мемлекет басшысы? (Голощекин)
Э- Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым саласы? (Этнография)
Ю- ХІІ-ғ соңында Түркістан өңірінде туып «Ақиқат сыйы» дастанын жазған ақын (Югнаки)
-489585254000Я- Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)
3 айналым. «Ұлылар айтқан ұлы сөз»
Бұл турымызда 6 сұрақ тарих әлеміндегі ұлы адамдардың айтқан нақыл сөздері жасырылған. Алдыңғы турымыздан ұпайы жоғары топ , ұяшық номерін бірінші таңдайды. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі таба алмаған топтың сұрағы келесі ұпайы жоғары топқа беріледі. Ұяшық нөмері сұрақтың жеңіл ауырлығына қатысы жоқ. Ойлануға 1минут.
1) «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі (А. Байтұрсынов)
2) «Мәскеу кең, байтақ шегінерге жол жоқ артымызда Москва» деген ұран сөз кімнің сөзі?
(Клачков)
3) «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сендерден қорғап қалдым, енді қайда барсаңдар да өлімнен басқа жол жоқ» (Сақ қойшысы Шырақ)
4) « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспеншілігіміз» , «Отан үшін отқа түс күймейсің» (Б.Момышұлы)
-537210477520005) «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен тұтқынынан босаған кім? (Абылай хан)
6) Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді? (М. Дулатов)
4 айналым. «Жасырынған қалалар»
Бұл турымыздың ережесі тақтаға ілінетін 9 ұяшықта Қазақ халқының ежелгі қалалары жасырынған әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Егер сұраққа қиналса қосымша көмек алуына болады көмек алса ұпайдың жартысы қосылады. Егер келесі топ кезек сұрап кезегін берсе кезек сұраған топ жауап берсе ұпайды өзі еншілейді , жауап бере алмаса ұпай кезегін берген топқа қосылады. Ойлануға 2минут уақыт беріледі1) Сыр бойындағы бұл қала ортағасырларда қатты дамыды. Белгілі ғалым Ақышев бұл қаланы Отырардан кейінгі екінші қала деп атады. Ал Фазлолох ибн Рузбихан қаланың базарында күніне 500түйе сойылып кәуап шашлик жасалса, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кетуші еді деп жазады. Бұл қала негізінде Ақ Орданың , Әбілхайыр хандығының астанасы, қыпшақтардың саяси орталығы болған. Әңгіме қай қала туралы? (Сығанақ қаласы)
Қосымша көмек: Қала қазіргі Қызылорда қаласымен Түркістан қаласының ортасында Сунақ Ата ауылы деп аталады.
2) ХҮ ғасырдың ортасында бұл қаланың төңірегі елсіз далаға айналып, ХҮІғасырда қала аумағы 1гектардан астам ұлғайды. ХҮІ-ХҮІІғ қала халқы 5500ге жеткен. Қала Оңтүстіктегі ең ірі сауда-өнекәсіп орталығы болған. ХҮІғ Түркістандағы Шайбани әулетінің мекені болған. Қаладан қазу жұмысы кезінде 1655-63жылдары Алексей Михайлович патша тұсында соғылған орыстың мыс тиындары табылған қала әлемді билеуші Шыңғыс ханның шабуылы кезінде қиратылған Ұлы Жібек жолында орналасқан бұл қай қала? (Отырар)
Қосымша көмек: Әлемнің 2-і ұстазы атанған ұлы ғұлама Әбу НасырӘлФараби дүниеге келген
3) Бұл қаланың ірге тасы ІХ-Х ғасырлардан белгілі. Қала Сыр бойында орналасқан. Орта Азияның иек астында Хорезммен Мауеренахр мемлекеттерімен шекаралас орналасқан бұл қала саяси билік құруға ыңғайлы болды. Сығанақ пен Оңтүстік Оралға керуен жолдары осы қала арқылы өтті. Бұл қаланың гүлденген кезі ІХғ екінші жартысында басталады. Ол кезде Жент теңізі маңынан үлкен тұз кені табылып Қытай, Үнді, Иран елдерімен сауда байланысы жасалған. Ғалым Толстовтың пікірінше бұл қала жауға қарсы тұрар биік қамалдың үлгісімен салынған. Бұл қалада Әуелбек Қоңыратбаевтың зерттеулері бойынша оғыз тайпасы өмір сүрген. Әңгіме қай қала туралы? (Жаркент)
-537210-127000 Қосымша көмек: Кейбір деректерде бұл қала Жаңа Гузия деп те аталды.
4) Бұл қала ХІІІғ Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда орталығы діни орталық болған. Тарихшылардың айтуы бойынша «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі » атанған. Қытай деректерінде «Ақ өзен бойындағы қала» аталған. Бұл қалада ХІІғ Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келген. Қала Ұлы Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент қаласының маңында орналасқан бұл қай қала? (Испиджаб Сайрам)
Қосымша көмек: Қазіргі осы қаламен аттас Шымкент облысында аудан бар.
5)Бұл қала ҮІІІ-ІХғасырлардан белгілі. Бұл қалада Жібек Жолының бойында орналасқандықтан ірі сауда орталығы болды. ХІғ қаладан күміс дирхемдер шығарылған. Түркеш қағанатының ірі сауда орталығы болған. Талас өзені бойында орналасқан бұл қала сауда мен қатар ірі саяси экономикалық мәдени орталық болған деседі. Деректерде: «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың , көпестердің қаласы атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсында ең бай қала болған. Бұл қалада Айша Бибі, Бабаджа хатун,Қарахан кесенелері орналасқан.Бұл қай қала еді?(Тараз)
Қосымша көмек: Қазір осы қала аттас Қазақстанда ірі қала бар,
6) Бұл қала ортағасырлық ірі қалалардың бірі.Қаланың іргетасы Үғ қаланған. Қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Бір кездері қала қарлұқтар мен қарақытайлар астанасы да болған. Қала бұдан бұрын Ақтөбе деп те аталған. Ұлы Жібек бойында орналасқан бұл қала сауда әлемінде үлкен рөл атқарған ірі сауда орталығы болған. Бұл қалада 942жылы Қарахан әулетінің Сатұқ Боғра хан хандық құрған. Бұл қай қала еді? (Баласағұн)
Қосымша көмек: бұл қалада ұлы ғұламалар Махмуд Қашқари еңбек еткен және Жүсіп Баласағұн дүниеге келген
7) Бұл қала алғашында Шауғар деп аталды. Қала кейінгі қазақ хандығы кезінде қатты гүлденіп қала халқының саны артты. Қазақтың көрнекті ханы Есім ханның астанасы болды. Қала үлкен діни орталық болып Қазақстандағы діни астана дәрежесіне жетті. Қала қамалы қазіргі таңда қайта жөндеуден өтіп туристердің тамашалайтын орнына айналып отыр. Бұл қай қала еді? (Яссы Түркістан)
Қосымша көмек: Бұл қалаға қазақтың жеті ханының мәйіті әкелініп жерленді.
8) Сыр бойындағы бұл қала ХІХғасыр ескерткіші. Қаланың іргетасы 1818жылы қаланған. Қаланың жер көлемі 60979гектар халқының саны 159,4мың 1818-53жылдары Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі болған кездері қалада көшеге ат беру дәстүрі болмаған базар алаңы, керуен сарайы маңы деген атаулармен аталған. Кейіннен 1867жылдары Почтовая, Базарная деген көшелер болды. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алған қала 1998жылы 180жылдық мерейтойын тойлады. Қазіргі таңда қалада 300ге жуық көше бар. Бұл қай қала?
(Ақмешіт Қызылорда)
Қосымша көмек: Бұл қала экологиялық аймақ ретінде бүкіл әлемге танымал
9) Бұл қала Б.з.д 10-9 ғғ. Қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды.Бұған дәлел ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы.Бұл жерлерде керемика, тастан жасалынған қарулар, темір мен сүйектен жасалынған бұйымдар табылған.Б.з.д 7 ғ.сақ дәуірінде қала сақтардың,кейінен үйсіндердің тұрғылықты жері болған.Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған,олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының » қорғандары.Солардың ішінде танымалы Есік қорғаны, Қарғалы диадемасы, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған.Сақ және үйсін дәуірде қала аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемелекеттердің орталығы болған.Бұл қаланың 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құрған тайпалар мекен текен Іле Алатауының етегіндегі қаласы туралы алғашқы жазба дерктер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі.
Қосымша көмек: Бұл қала қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен халқы көп,мәдени қаласы
-537210-773239500 5 айналым. Көрерменге сұрақ
Кезек жанкүйерлерге беріледі әр топтың жанкүйеріне сұрақ қойылады дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады, дұрыс жауап бере алмаса ұпай күйіп кетеді.Сұраққа 10 ұпай беріледі
1) Ұлы ғұлама ойшыл Қадырғали Жалайри «Жамиғат Тауарих» (Жылнамалар жинағы) шығармасын 1587жылы «Жалайыр» деген атпен орыстың қай патшасына достық ретінде тарту етті. (Борис Годунов)
2) 1580ж Тәуекел хан Мәскеуге Құл Мұхаммед бастаған елшілерді 2себеппен жіберді қандай?
1. Өзбек ханына қарсы одақ құру 2. Жиені Ораз Мұхаммедті босату
3) 1734жылғы 10маусым Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық шығарған Ресей императрица кім еді? (Анна Иоаннова)
4) Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген Жетісу ақындарының алтын діңгегі Жамбылдың ұстазы кім еді? (Сүйінбай Аронұлы)
5) 1916жылы қазақ көтерілісшілерін жазалау мақсатында 20шілдеде Түркістан өлкесіне генерал-губернатор болып кім тағайындалды? (Курапаткин)
6) Патша үкіметі қай жылы құлады? (1917ж 27 ақпан)
6 айналым.Тарихи жұмбақтар1. Жиынға жиналыпты бүгін бәріСұрақты қояйық біз сөздің нәріЕжелде түрік бабам жазған жазуАтауы қалай екен білсең кәні Руно2. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерекОндайлар отаныма өте керекТәуке хан жазған екен заң жинағынТапсаңдар болғандарың асқан зерек Жеті Жарғы3. Қазақтар небір жандар қыршын болдыСолардың арқасында шынындай бақыт қондыСерігін Исатайдың айтсаң еттіБүгінгі жиынымыз сонда бір, болар жөнді Махамбет4. Мерекең құтты болсын ұстаздарымОқушы, келім-кетті, бар достарымТәуелсіздік заңының қабылданған,Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық 1995жыл5. Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпесҚаптаған елді-мекен саны жетпесОблыстың санын айтшы елімдегіЕгер де білмей қалсаң дымың кетпес он төрт6. Орынбор болған екен астанамызКейіннен Қызылорда бас қаламызҮшінші астананы ел көркейткенАташы көп ойланбай қалт қаламыз Алматы7. Байқоңыр бар деп бізде мақтанамызКөп жылдар ұша алмадық ғарышқа бізҒарышқа тұң,ыш ұшқан қазақ ұлынБілмесең ұят болар болмас негіз Т.Әубәкіров8. Дұрыс ел ойлайды екен бесігіненЗұлымдық аттамағын , кет әрі, есігімненСтудентке білім ал деп шетелдерденЖол ашқан бағдарлама қандай екен Болашақ
7 айналым. Ғажайып сандар“Түрік” терминінің алғаш рет тарихи деректерде кездесетін жылы (542ж)
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанатқа бөлінуі (603ж)
Ақмола қаласына Астана деген атау қай жылы берілді? (6.06.1998)
Талас өңіріндегі Атлах шайқасының мерзімі (751 ж)
ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992 ж)
Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы бойынша Қазақстан қашан “Азия барысына” айналмақ? (2030 ж) 
Ислам дінінің Қарахандардың мемлекеттік діні болы жарияланған кезі (960 ж)
Құл иеленушілік құрылыстың жойылған уақыты (476ж)
Жүз жылдық соғыстың хронологиялық мерзімі (1337-1453ж)
Арабтардың ислам дінін қабылдап, Мұхаммед билігі мойындаған уақыты (630ж)
8 айналым. Алғыр көшбасшы
Бұл турда әр топ көшбасшысына лездемелік сұрақтар беріледі. Берілетін 20 сұрақты 1минут ішінде лезде тыңдап жауап беру керек. Ұпайы көп топтың топ басшысы бастайды.
А Ә Б әріптері бойынша таңдайды Әр сұраққа 10ұпайдан беріледі.
А)
Тарихтың атасы - Геродот
Сақ патшайымы- ТомирисДін уағыздаушы- Миссионер
Жүзім сусынын қайнатушы сақтар-ХаумоваргаАлтын киімді адам қайдан табылды-Есік қорғанынанЛенинградтық өренім әнінің авторы-Ж ЖабаевСырт мемлекеттен келген зат- Импорт
ҚР жоғарғы палатасы- Сенат
Шыңғыс ханның ұлты- МоңғолАбылайдың шын есімі- ӘбілмансұрКіші жүздің биі- ӘйтекеҮйсін тайпасының билеушісі- ГунмоҚР премер министрі- К МәсімовРейстахқа ту тіккен қазақ- Р ҚошқарбаевХаннан сөз сұрау- Дат
Томирис кімнің басын алды- КирдіңҚорқыт ата кесенесі қай жерде- Қармақшы ауданы Қорқыт ауылы1723-27жылдар аралығындағы тарихи оқиға-Ақтабан шұбырындыҚазақ хандығы қашан құрылды- ХҮғҚР тәуелсіздігіне неше жыл- 24
Ә)
Қазақстан тарихы кітабының алғашқы авторы-С АсфендияровПарадарая сағының мағынасы- Теңіздің арғы жағындаҒұн билеушісі- ШаньюйАлтын киімді адам сақтың қай тобына жатады- ТиграхаудаОрта жүздің биі- ҚазыбекҚаракерей Қабанбай шын есімі- ЕрасылСырт мемлекетке шығатын зат- Экспорт
ҚР төменгі палатасы-Мәжіліс2мәрте Кеңес Одағының батыры атанған ұшқыш қазақ-Т БигелдиновҚР неше мемлекетпен шектеседі-5
Абылай Жоңғардың қай хонтайшысында тұтқында болды- Қалдан Серен
Белгілі бір жердің байырғы халқы қалай аталады- АборагенОтырарды кім күйретті-Шыңғыс хан
Дін адам қайсысы бұрын пайда болды-Адам
Хат жазуға арналған папирус парағы-Карта
ҚР туының авторы- Ш НиязбековКенесары кімдердің қолынан қаза тапты- Қырғыз манаптарының1916ж тарихи оқиға-Ұлт-азаттық көтерілісҚР қорғаныс министрі- Д Ахметов
Біз қай нәсілге жатамыз-МоңғолоидБ)
ҚР ғылым академиясының алғашқы президенті-Қ СәтбаевШошақ бөрікті сақтар-ТиграхаудаДін уағыздаушы- Миссионер
5-ң хаты кімге жолданды-ГолощекинҰлы жүз биі-ТөлеӨз елінен шырақта тұратын халық- Диаспора
ҚР парламенті неше палатадан тұрады-2
Үйсін тайпасының астанасы-Қызыл аңғарҚазақ жері Шыңғыс ханның қай ұлысына жатты- ЖошыШоқанның шын есімі- МұхамедханапияҚай жылы тәуелсіздік алдық-1991
ҚР білім министрі- Жансейіт ТүймебаевАбылайға кеңесші жырау- БұхарҚазақ халқы қай ұлттың отарында болды- ОрысҚ Яссауи кесенесін кім салдыртты- Ақсақ ТемірМахамбеттің досы- ИсатайИслам діні қай жерден пайда болды-АрабияЖерұйықты іздеген-Асанқайғы1937-38жылғы тарихи оқиға-Репресс280606530670500 -43307035496500ҚР алғашқы президенті- Н.Ә Назарбаев
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! бүгінгі атажұрт интелектуалды ойынымызды қорытындылай келіп, оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық , өзін де сыйламайды » дегеніндей өз халқының тарихын, дінін, салт-дәстүрін естерінен шығармауын сұраймыз. Және тарих сахнасында өз жері үшін қасық қанын қиып, осынау ұлан байтақ Қазақстан жерін алып берген Бабаларымыздың рухын сыйлап, өз жерімізді қорғау , келер ұрпақ біздің міндетіміз деп білеміз. Ойыннан ұтылсаңыздарда, әрқашан өмірде ұтылмаңыздар дей келе, бүгінгі ойынымыздың жеңімпаз тобын анықтап марапаттау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

«Атажұрт» интеллектуалы ойынының мақсатты:
Өткен тақырыптарды қайталап отырып, оқушылардың жұмыс істеу нәтижелерін байқау және түсініктерін толықтыру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа, төрт түлікті қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу, ізденушілік, зертеушілік әрекетін дамыту, дағдыландыру.
Интеллектуалды ойын 10 «А» сынып оқушыларымен өткізілді.
-3276605016500
Оқушылар «Бірлік», «Жас қыран», «Жалын» атауларымен 3 топқа бөлінді.
-62293523050500
Әділқазылар алқасы сайланды.Ойын барысы 8 айналымнан тұрды.1 айналымда әр топ өздерін таныстырды.2 айналым бойынша «Әріптер сыр шертеді» ойыны. Тақтада 42 әріп берілді ,әр топ 5 әріпті таңдап ,сол әріптерге сұрақтар қойылды. Сұрақ жауаптары сол әріптерден басталды.3 айналым бойынша «Ұлылар айтқан ұлы сөз». Ұлыарымыздың айтқан сөздері жасырылды.
1333506540500
4 айналым «Жасырынған қалалар». Қалалардың аумағы , қай ғасырға жатады, немен ерекшеленеді айтылып өтілді.Егерде жауап болмаса қосымша көмектер алды. Қосымша көмек кезінде қазіргі ауамғы жасырылды. Қосымша қөмек алса жарты ұпайы алынып тасталды. 5 айналым. Көрерменге сұрақтар болды,оқушылар үнаған топтарға өз ұпайларын сыйға тартты.6 айналым.Тарихи жұмбақтар жасырылды.7 айналым бойынша Ғажайып сандар хронология бойынша жылдар жасырылды. 8 айналым «Алғыр көшбасшы» деп аталады. Үш көшбасшы шығып 3 әріпті таңдап, 1 минут ішінде 20 сұраққа жауап беруі тиіс. Әр топ ойын барысында өз білімдерін шыңдады. -53721052768500
Әділ- қазылар алқасы әрбір айналымды есептеп, жеңіске жеткен топтарды марапаттады.