Интеллектуалды? ойын: ХХI ?асырды? к?шбасшысы


Қазақстан ғылым және білім министрлігі
Интеллектуалдық ойын
Тақырыбы: ХХI ғасырдың көшбасшысы
Орындаған:
бастауыш сынып
мұғалімі Калханова Г.М

Сабақтың тақырыбы: ХХI ғасырдың көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты
Оқушылардың үш тілді меңгеру туралы білімдерін толықтыру. Оларды ана тілі арқылы халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстыру.
2. Дамытушылық мақсаты
Әрбір оқушының есте сақтау қабілетін, қиялдау алушылық, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру , түсінген материал бойынша қорытынды жасай алу сияқты оқушы бойындағы ерекшеліктерді дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты
Оқушылар арасындағы сыйластықты, бірін –бірі түсіну және басқаны тыңдай алу қабілеттерін ояту. Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, демонстрациялық жеткізу
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, плакаттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (1 мин)
( Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады).
1.Оқушыларды жинақтау
2. Сабаққа назарларын аудару
3. құрал жабдықтарын реттеу
4. сабақта алға қойған мақсаттарын анықтау
Бұл сайысқа 10 оқушы қатысады. Осы оқушылардың білім деңгейін тексереміз. Бұл ойын бірнеше турдан тұрады.
1-тур Пәндер сайысы

10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50
1.ана тілі
2.математика
3. дүниетану
4..қазақ тілі
Осы кестеде берілген сандардың астында сұрақтар болады. Сол сұрақтарға балалар жауап береді. Сол арқылы өздеріне бал жинайды. Көбірек бал жинаған 5 оқушы келесі турға өтеді.
2-тур. Жорға
Тапсырма.: Мақал –мәтелдер сайысы
1.Отан туралы
2. Ана туралы
3. Еңбек жайында
4.Тіл жайында
Әрбір түріне 5 мақал-мәтелден айту, алға озып шыққан 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.
3-тур Бәйге
1 минут көлемінде қанша сұраққа уап берсе , сонша бал ұтады.
Сұрақтары.
1 тәулікте неше сағат?(24 сағ)
100 жыл .....ғасыр(1 ғасыр)
Жердің пішіні ( шар тәрізді)
Кім ? не? Сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы? ( зат есім)
2 адам 2 сағ дойбы ойнады, 1 адамға қанша уақыт кетті? (2 сағ)
8*7 (56)
Қол,аяқ, кеуде, - ол ( дене мүшелері)
Ат ердің –(қанаты)
Көз қорқақ, қол – (батыр)
Кітап, дәптер неден жасалады?( ағаштан)
санды 1-ге көбейтсек ( 1сол сан шығады)
Адамда бір күнде неше шаш түседі? (40-жуық)
Етістік нені білдіреді? ( қимылды)
Алма сөзін ағылшынша айт()
Мәтін неден тұрады? (сөз, сөйлем, абзац)
Әріпті не істейміз? ( көреміз, жазамыз)
Кемпіросақтың түсі нешеу?(7)
Қазақта неше қазына бар?(7)
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есім? (реттік)
4-тур Теңге алу
Жұмбақтар беріледі. Сол жұмбақтардың жауабын 3 тілге аударады.
Сыныптың деңгейіне байланысты жұмбақтар алынады.
5-тур Аударыспақ
Шығармашылық тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша қалған екі оқушы өлең құрастырады.
Қорытындылау, марапаттау әділқазы мүшелеріне беріледі.