Интеллектуалды — танымды? ойын


«Тіл-өнер»интеллектуалды-танымдық ойыныБаймуханова Бахыткул Жетмимековна
бірінші санаттағы бастауыш сынып мұғалім
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы
Тақырыбы: «Тіл-өнер»интеллектуалды-танымдық ойыны
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау – парызым бүгін менің!
Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Тіл мерекесі аясында өткізілгелі отырған «Тіл-өнер»интеллектуалды-танымдық ойынына хош келдіңіздер!
Ойынның мақсаты:Жас ұрпақты өзінің ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиелеу.Өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы,тапқыр да табанды,білімді де дарынды мәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
Ойынның ұраны:
Туған тілді төмендетпейік,
тілім тірі тұрса, түндігіміз түрулі,
туымыз тік, табиғатым таза,
туар таңым да тамаша!
Қолданылатын көрнекіліктер: слайд «Мемлекеттік тіл»,қанатты сөздер, интерактивті тақта.
Ойынның өту барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
І топтың аты- «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы- аттың суреті.
ІІ топтың аты- «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі-домбыра», таңбасы- домбыра суреті.
 Ойынға 3-4 сыныптың оқушылары қатысады.Ойын 5 айналымнан тұрады.
 Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
 Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
 Туған тілде сыры терең жаным бар,
 Туған тілде әнім менен сәнім бар!, деп, ойынның шартымен таныстырып өтейін. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Ойын жылдамдықты, дарындылықты, ұшқырлықты талап етеді.
 Болашақтың жолында,
 Ізгі болсын мақсатың.
Бәрі өзіңнің қолыңда
Шықсын ылғи жақсы атың-дегендей,ойыншылар сіздерге сәттілік тілеймін.
І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут
ішінде тез жауап беруі тиіс.)
І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1. А.Байтұрсынов кім? (ақын)
2. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
3. Жүз жасаған ақын?(Жамбыл)
4. «Шаһар» сөзінің синонимі?(қала)
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?(қандай,қай?)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(бастауыш,баяндауыш)
7. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1997ж11шілде)
8. Ата Заң күні қашан? (30 тамыз)
9. Жалғаудың неше түрі бар?(2)
10. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия мен Мәншүк)
11. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж)
12. Тілдің ең кіші бөлшегі не?(дыбыс)
13. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(3)
14. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?(М.Әуезов)
15. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?(22-қыркүйек)
16.Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
17.42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
18.Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
19.«Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
20.Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
1.Уақыт өлшемі(сағат)
2.Қазақтың ұлы ақыны(А.Құнанбаев)
3. Сөздің мағынасы бар,одан әрі бөлінбейтін бөлігі(түбір)
4. Суық сөзіне қарама-қарсы сөз?(ыстық)
5. «Жаны зәр түбіне жету»мағынасы не?(қорқу)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Көру мүшесі(көз)
8. Жай сөйлемнің түрлерін ата(жалаң және жайылма сөйлем)
9. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
10. Балалар журналы(Балдырған)
11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12. Тұңғыш «Әліппені»жазған кім?(А.Байтұрсынов)
13. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?(Ы.Алтынсарин)
14. Дауыстылардың саны қанша? (12)
15. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
16. Қосымша нешеу? (екеу)
17. «Жерге кіріп кете жаздау»мағынасы не?(ұялу)
18. Зат есімнің сұрақтарын ата(кім?не?кімдер?нелер?)
19. Сөйлемнің қандай түрлері бар?(хабарлы,сұраулы,лепті)
20.Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
І турдың қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Атаның сөзі – ақылдың көзі”
(мақал-мәтелдер жарысы)
І-ші топтың мақалдары
1. Тіл тас жарады,... (Тас жармаса бас жарады)
2.Дәлелсіз сөз ..(желмен тең).
3.Сөз тапқанға - ...(қолқа жоқ)
4.Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
5.Көре-көре көсем боласың,(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
6.Ине көзінен сынады,(шешен сөзінен сынады)
ІІ-ші топтың мақалдары
1.Тілден артық (қазына жоқ)
2.Қаһарлы сөз (қамал бұзар)
3.Піл көтермегенді, (тіл көтереді)
4.Айтылған сөз, (атылған оқпен тең)
5.Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ)
6.Шебердің қолы ортақ,(шешеннің сөзі ортақ)
2 турдың қорытындысын тыңдау.
Көрермендер көрімдігі
Жүргізуші: Бір сөз айтады, соған мақал құрайды
3 тур «Тілім барда білмеймін мен қайғыны»
(өлеңді мәнерлеп оқу, әр топтан 2 оқушы)
4-тур «Зерделі болсаң , биік шыңға жетесің
І-ші топтың сұрақтары:
1)ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім?(Ш.Ниязбеков)
2)Бейбітшілік құсы?(көгершін)
3) ҚР мемлекеттік тілі?(қазақ тілі )
4) ҚР Мемлекеттік Гимннің сөзін жазғандар кімдер?
( Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев )
5) Ендігі өміріміздің бағдары не?(бәсекеге кабілеттілік)
ІІ-ші топтың сұрақтары:
 1) ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?
(Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов)
2) ҚР Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған кім?( Ш.Қалдаяқов)
3) Қазақстанның астанасы қай жылы ауыстырылды?( 1998 жылы)
4)Қазақстанда қандай мереке 16 желтоқсан күні атап өтіледі?(Тәуелсіздік күні)
5) Ғарышқа ұшқан қазақ азаматтарын атаңдар.(Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев )
(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ –сын есім, В әрпін таңдаған топ –сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут)
4 - турдың қорытындысын тыңдау.
4.Көрермендер көрімдігі Жұмбақ жасырады шешуін табу.
Көп шешкен балаға сыйлық беріледі.
1.О жағы мәрмәр,
Бұл жағы мәрмәр.
Ортасында
Сандуғаш сарнар. (тіл)
2.Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем./жер/
3.Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады./бұлт/
4.Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, сәскеде жоқ /қырау/
5.Сыртты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты /алма/
6.Ашуланып бұртиды,
Ашушаң ақымақ
Аузы көпіріп құтырды,
Кез келгенді ұшырды / құйын/
5- тур “Жекпе жек”
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
Бүгінгі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топты марапаттау.
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
 Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас  болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, ана тілімізді құрметтейік, ағайын.
     Сайысымыз аяқталды, келесі кездескенше күн жақсы болсын!
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.