«Татулы?ты? т?т?асы, бірлікті? бесігі» т?рбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: Тақырыбы: «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»
Мақсаты : Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Керекті жабдықтар: шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, видео
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Сергіту сәті: «Әр ұлттың сәлемдесуі»
Топқа бөлу: «Достық» , «Бірлік», «Ынтымақ» Әр ұлттың сәлемдесуін көрсетеді
Оқушылар топқа бөлінеді
Тұсаукесер: Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін:
Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?
Сергіту жаттығуында және топқа бөлуден нені көре аламыз Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Негізгі бөлім :
Тапсырма:
1 топ«Достық» : көрініс «Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті»
2 топ«Бірлік»: Көрініс «Қырғыз бен грузин айтысы»
3 топ: «Ынтымақ» Постермен жұмыс «Суреттер сөйлейді»

Тапсырма:
Берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру(5 мин)
«Достық» тобы:
1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның)
2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас)
3. Досы жоқ адам - ... (Тұзы жоқ тағам)
4. Досы көптің жаны семіреді, ... (Асы көптің тәні семіреді)
5. Досы көпті жау алмайды, ... (Ақылы көпті дау алмайды)
«Бірлік» тобы:
1. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (Бірлігі күшті ел озады)
2. Тірлік, тірлік түбі – ... (бірлік)
3. Саусақ бірікпей ... (Ине ілікпейді)
4. Бірлік бар жерде ... (тірлік бар)
5. Кеңесіп пішкен тон ... (келте болмас)
«Ынтымақ» тобы:
1. Ынтымақ жүрген жерде, ... (Ырыс бірге жүреді)
2. Ырыс алды – ... (ынтымақ)
3. Ынтымақ болмай ... (іс оңбас)
4. Теңге тиыннан, ... (Ынтымақ ұйымнан)
5. Сырттан келген жаудан да ... (Іштен шыққан дау жаман)
1 топ«Достық» : көрініс көрсетеді «Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті»
2 топ«Бірлік»: Көрініс көрсетеді«Қырғыз бен грузин айтысы»
3 топ: «Ынтымақ» Постермен жұмыс жасайды «Суреттер сөйлейді»
1топ 2 топты «Бас бармақ»
2 топ 3топты «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
3 топ 1 топты«Бас бармақ» арқылы бағалайды
Видео роллик тамашалайды. Видеодан көрген мәліметті әңгімелеп айтады
Әр топ оқушыларына берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады
Қорытынды
1 топ«Достық» : Өлең жолдарын құрастыру
2 топ«Бірлік»: «5 жолды өлең» құрастыру
3 топ«Ынтымақ»: «Ынтымақ – достық кепілі» эссе жазу
Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазу және топтастыру тапсырыылады

1 топ:Өлең жолдарын құрастырады
2 топ«Бірлік»: «5 жолды өлең» құрастырады
3 топ«Ынтымақ»: «Ынтымақ – достық кепілі» эссе жазады
Әр топтан бір-екі оқушы сөйлейді
Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазады, топтастырады.
«Жаса Қазақстан» әніҚонқабаев Сағадат

















Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік