Ашы? саба?: ?ол тігістеріні? т?рлері


@Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылар қол тігістерінің түрлерімен танысып, білімдерін толықтырады: кесте тігу және тізбек тігістерінің орындалу технологиясын меңгереді.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылықтары дамиды, қол шеберліктері артады.Тәрбиелік: Оқушылар берілген істі сапалы, ұқыпты, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындауға тәрбиелейді.Сабақтың түрі: Аралас сарамандық жұмыс.Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері, әдебиет.Көрнекіліктер: Нұсқау карта, интерактивтік тақта, қол тігістері орындалған үлгі.Құрал-жабдықтар: Ине, жіп, қайшы, мата.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.II. Өткен сабақты қайталау. (Сұрақтар арқылы жауап алу) Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақтар арқылы жауап алу)1.Қайшы және инемен жұмыс жасағанда қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтауымыз қажет.2.Мата неден тұрады?3.Инені неге қадауымыз керек? III . Жаңа тақырып. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік.Сабақтың тақырыбы: «Қол тігістерінің түрлері» Қол жұмысына ине, қайшы, кескіш және бормен жасалатын жұмыстар, сол сияқты бұйымнан немесе бұйым бөлшектерінен уақытша жасалған инешаншымдарды алу жатады. Жұмыс орны деп белгілі бір жұмысты орындауға арналған кабинеттің бұрышын немесе бөлігін айтамыз. Қол жұмыстарын орындау үшін құрал-жабдықтар қоятын жұмыс үстелі керек. Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыратын болсаңдар, ол омыртқаның қисаюына, жақыннан коргіштікке, тез шаршауға алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде дұрыс отырудың, жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор. Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны Бөлшектерді бір-бірімен көктеп,тігім арқылы қосады.Ине шаншым-бұл жіптің матаға өрілу процесі.Тігім-қайталанған инешаншымдар қатары.Инешаншымдар ұзындығы- шаншылып алынған инелердің арақашықтығы.Тігін бұйымдарын дайындауға әртүрлі инешаншымдар мен тігімдер пайдаланылады.Уақытша жасалатын қол тігімдерін орындау үшін №50,№60 мақтадан дайындалған жіптерді пайдаланылады.Жіп пен мата түсінің сәйкес келуін қадағалау керек.Қызыл түсті бұйымды қара түсті жіппен көктеген дұрыс. Батырма, ілгек, түймелерді, әрлеу заттарын бұйымға қадау. Әрлеу заттарын (фурнитураны) бұйымдарға инешаншымдармен бекіту. Жапсырыптігу Қалтаны негізгі бөлшекке көктеп тігу Бірінің үстіне бірі қойылған екі бөлшекті уақытша тік инешаншымдармен қосу Көктеп тігу Белдік , желбіршек бөліктерін, бұйым бөлшектерін көктеу. Белгіленген сызық немесе көшірмелік инешаншымдар бойымен көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшкеті уақытша қосып тігу. Көктеу Қолданылуы Жұмыс мазмұны Термин Қол жұмыс кезінде қолданылатын терминдер Тігіс түрлерінің орындалу технологиясы Түймелерді бұйым бөлшектері бетіне беткі жағымен қойып, қадап шығыңдар. Жапсырып тігу Екі бөлшекті беттестіріп, қиықтарын теңестіріңдер. Содан кейін ілмектердің биіктігін 0,5 – 1см етіп қалдырып, белгіленген сызық бойымен онша тартпай, түзу инешаншымдар жасаңдар.Бөлшектерді инешаншым жіптері тартылып тұратындай етіп ұстап, жіпті бөлшектердің дәл ортасынан қиыңдар. Тігімдегі сызықты көшірмелік инешан- шымдармен көшіру Кішкентау бөлшекті үлкен бөлшекке теріс жағымен қойып , қиық шетінен 0,5см қалдырып, түзу инешаншымдармен қосып көктеңдер Көктеп тігу Қиық шетін 1 см – дей етіп бүгіп, арасын 0,5см – ден түзу инешаншымдар жасап көктеңдер Бүгіп көктеу Көлемдері бірдей екі бөлшекті беттестіріп қойып , қиық шетінен 0,9 см қалдырып , инешаншымдар жасап көктеңдер. Көктеу 3 2 1 Графикалық кескіні Орындалу реті Тігіс атауы ྠ"ྟྪп Ҳ貦਀Cx䄄섅^Ć쎁is?cXigqJ0qWI7yavxU3q0YdavYfzmRLnDqxuaDKukfbOU॓ර䄄섅Ć쎁polo5трикотажِใኄࡱ†Ҳ責਀S6䄄섅Ćƿ쎁077654_606ผພᆤ࿢ ࿲࿳<蔈〔H谁ఀѓ0ƁࠀƃࠀƓ龎‹Ɣ뷞hƿǿ̄̿ Сәнмүсін қайшы оймақ түйрегіштер жіп Сантиметрлік таспа Тігінші боры ине Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғандар Бұйым бөлшектерін түйреу, көктеу кезінде, сондай – ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланады.Т үйрегіштің ұзындығы 3-4 см болады.Олар жіңішке тегіс болуы керек. Түйрегіш Бұйым тігу барысында , өндеу кезінде , сондай – ақ дайын болғанан кейін дұрыс тігілгендігіне көз жеткізу үшін сәнмүсінді пайдаланады. Сәнмүсінде бүйір, иық тегістерінің сырылып тігілуін жағаның мойындыққа, жеңнің жең ойындысына қондырылып көктелуін тексереді. Сәнмүсін Сантиметрлік; миллиметрлік бөліктерге бөлінген жұмсақ таспа. Ұзындығы 150 см – ге тең. Матадан тігілген бұйымның бұйым бөлшектерінің өлшемін алуға арналған. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Ондай жағдайда өлшем дұрыс алынбайды. Сантиметрліктаспа Бұл – пластмассадан, болаттан жасалып, жұқа мыс немесе алюминиймен қапталған қалпақ тәрізді зат. Оймақ тігу барысында саусақты инемен шаншып алудан қорғайды. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Оймақтың төбесінде шахматтық тәртіппен орналасқан ойыстау жер инені тайып кетуден сақтайды. Оймақты саусаққа дәл келетіндей етіп таңдайды. Оймақтың екі түрі бар. Тігіншілер түпті оймақты, етікшілер түпсіз оймақты қолданады. Оймақ Киім бөліктерін пішуге,жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болу керек. Қайшы Ине – жоғары сапалы болаттан жасалатын, бір ұшы үшкір, екінші ұшында көзі, яғни жасуын орналасқан металл өзек. Ине тегіс, үшкір , сынбайтын қатты болуы керек.Ине ұзындығы ені, ине көзі бойынша әр түрлі өлшемде болады. Ине нөмірі өзек өлшеміне байланысты қойылады.№1 – 3 ине – көйлектің матадан тігілетін бұйымдарға арналған (жібек, мақта, жүн)№3 – 5 ине – костюмдік матадан тігілетін бұйымдарға арналған .Тақ нөмірлі инелер жұп нөмірлі инелерге қарағанда ұзындау болады. Қол инесі 3 2 1 Графикалық кескіні Қолданылуы Аталуы Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар Жұмбақтар Болсын мейлі киімің,болсын мейлі бұйымың. Жатқызады тігісін,жатқызады қыртысын. Тоқпен ғана тіл алар,қажетті зат жұрт үшін. М А Т А 1.Киім неден тұрады?2.Екі басты жалмауыз келіп аузын ашады, Алдына түскен нәрселер,өзінен-өзі қашады.3.Мата неден тұрады? 4. Бар екен бір жеңешем, Қап-қара тас, жемейді,ішпейді де,болмайды да. Халықтың бәрін киіндіріп, дүниеден өткен өзі жап-жалаңаш. Сөзжұмбақ шешу. Сарамандық жұмыс Жұмыс үстелінде дұрыс отыру шарттары:қан айналым дұрыс жүру үшін табанды еденге тегіс қою;денені тік ұстау немесе сәл алға ұмтылыңқырап отыру;басты алға қарай сәл ию;кеудені үстелге тигізбей отыру;қолды шынтақтан бүгіп , денеден 10см алшақтау ұстаужұмыс барысында шынтақты үстелден алу;бұйым немесе бөлшекті көзден 30 см – дей алшақ ұстау;жұмыс аяқталған соң бөлшектерді, бұйымдарды, құрал жабдықтарды арнайы бөлінген орынға қойып, жұмыс орнын жинастыру; Қол жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауЖұмыс барысындағы қауіпті жағдайларинемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек.Жұмыс басталғанда:Инешекте қанша ине, қанша түйрегіш бар екенін санау;Құрал- жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою.Жұмыс барысында:Мұқият болу;Саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию;Инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке қадау;Қайшының ұшын өзіңнен бұрын , оң жаққа қою.Жұмыс соңында:инешектегі ине мен түйрегішті санау (жұмыс басталғанға дейін нешеу болса, сонша болуы керек);жұмыс үстелін жинау (реттеу). Қол тігістер Қорытынды.БағалауҮйге тапсырма беру: Матаға сурет салу.