Т?рбие са?аты:Тазалы?-денсаулы? кепілі(4 сынып)


Сабақтыңтақырыбы: Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты: 1) Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбатылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
2) Қимыл – әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға күш – қуатын молайту.
3) Дұрыс тамақтандыру денсаулық үшін маңыздылығынитүсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, қанатты сөздер, сызбалар, ойын түрлері. Денсаулық туралы мақал – мәтел, қанатты сөз.
1) Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
2) Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.
3) Спорт – денсаулық кепілі.
Сабақтың барысы:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Елдің мықты тірегі – дені сау ұрпақ» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Жеке адамның басты байлығы – денсаулық. Адам денсаулығын өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Шопэнгауердің «Дені сау кедей ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.
Блиц – турнир сұрағы. (ой толғау)
1) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
2) Тіс тазартатын құралдар. (тіс щеткасы мен паста)
3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ. (дене тәрбие)
4) Адам өміріне ең қажетті заттар. (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
5) жалқаудың досы. (еріншектік немесе ұйқы)
Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
( Әр топ өз пікірлерін ортаға салады)
Ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Күніне екі рет табиғи суға шомыл. Жалаң аяқ жерде тұрып суды үстіңе құй, су денеңді шынықтырады, бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді ұйқыдан оятады. Күш – қүат береді.
Әдеби монтаж
Денсаулық-ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық-ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Темекі шекпе, ішімдік ішпе!
Темекі ме, ішімдік пе?
Біз оған қызықпаймыз,
Оған уақытта жоқ. (Көрініс арқылы оқушыларға ішімдіктің зиянды жақтарын түсіндіру)
Тірек схемасымен жұмыс.
денсаулық
Байлық
табиғат
малмашина
ақша
білімсаябақ
Денсаулық


табиғи күшдене шынықтыру
тазалықтамақ
Аптасына бір тәулік ас судан бас тарт, асқазаның демалады. Қоршаған табиғатты сүй, аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Бұл – сенің денсаулығың. Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле! Ауыра қалсаң, көп уайымдама.
Ойын « Мақал – мәтелдерді жалғастыр »
1) Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың?
2) Денің сау болса,
Жолдасың көп болса
Жалғызбын деме
3) Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқалдап шығады.
4) Елімнің алды – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
5) Аурудың жақсысы жоқ,
дәрінің тәттісі жоқ.
КӨРІНІС «Тіс ауруы»
Денсаулықтың достары:
жеміс-жидекеңбек
Достары
ауа
күн тәртібі
күн
Дұрыс тамақтану
су дене күтімі
Жұмбақ шешу
Сұрақ-жауап
Қорытынды: Шығыста « Сау дене, азат ақыл көңіл – үшеумен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрым білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.