Жолда ж?ру ережесін са?тайы?. 8-сынып


Сабақ жоспары
Сабақ №20
Тақырып: Жолда жүру ережесін сақтайық Күні : 11/02/2016 Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева К.Р.
8-сынып Қатысып отырғандары Келмегендер саны
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбында қазақ тілінде өз ойын айта білу, әңгіме, сөйлем құрастырғанда жаңа сөздерді пайдалана білу, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру; 
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады:
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра біледі, тақырып бойынша тірек сызба құра алады;
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Өз пікірін айта алады; тірек сызба бойынша байланысқан мәтін құрастырады;
Кейбір оқушылар істей алады:
Өз әңгімесін құрастыра алады,сөзден өрбітіп сөйлем құрайды, тақырып аясында өз пікірін қалыптастыра алады.
Осының алдындағы оқу Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібіЖоспар
Жоспарланған мерзімдер Жоспарланған шаралар Ресурстар
Басы
3-минут Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
1.Психологиялық ахуал тұғызу.
Көңіл күйлерің қандай?
Үй тапсырмасын тексеру
2.Сабақ мақсатымен таныстыру
Сабақты 2 топқа бөлу Ортасы
7-минут
10-минут
15-минут
5-минут
-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.
Пікірталас
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
(- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды)
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
2-топқа екі түрлі тапсырма беріледі. Жетістік критерийін оқушылар өздері құрастырады.
1-топ. Жолда жүру ережесі
2-топ. Жаяу адамдардың міндеттері
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
«Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбын рөлдік ойындар арқылы көрсету.
Ережелерді қайталау, мысалы келтіру
Соңы
5-минут
Үйге тапсырма
Бүгінгі сабақта мен......................................білдім, .....................................................үйрендім.
Ең қызығы ...............................................
Маған .....................................қиын болды
Қосымша мәлімет