?ОРША?АН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ (МАД тобы)



Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Байқожа елді мекені
№258 негізгі мектебінің
МАД тобының мұғалімі
Айнур Сарсенбаева Битимбаевна
Пәні: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:
а) Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
ә) Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету.
б) Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңлі.
Іс –әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімін ояту Е.Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-
Әкем және анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін. Өлең сөздерін бірге қайталайды. Отбасы мүшелерін атайды.
Ізденістер.
Ұйымдастыру Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіремін
Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін оқып беремін.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Әліппе дәптермен жұмыс: 1. Өзің туралы айтып бер.2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру. Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.
Оқыған өлеңді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді
Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.
Қорытыгдылау.
Өзін-өзі бағалау Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Сұрақтар:
Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?
Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?
Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек? Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.