Су асты ?леміне саяхат ?ыс?а мерзімді жоспар 2 сынып


Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:______________________________________
Ортақ бөлім – Саяхат
Сабақтың тақырыбы:
«Су асты әлеміне саяхат» Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Таңатаров Н.Т.
Сынып: 2 Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Оқыту мақсаты 2.1.3.1. Әр түрлі материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну
2.1.3.2. Шығармашылық идеяларды дамытуға ақпарат жинау
Сабақтың мақсаты ермексаздан картина дайындай отырып, домалату және жалпайту тәсілдерін зерттейді;
шығармашылық ойларын дамытады және оларды ермексазбен сурет салу барысында жүзеге асырады;
техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып, ермексазбен жұмыс істеуге арналған қалақшаны пайдалану дағдысын жетілдіреді.
Жетістік критерийлеріЕрмексазбен тақырыпқа сай жұмыс жасай алады
Балық пішінін дұрыс жасай алады және қосымша элементтермен толықтырады
Жұмысты ұқыпты орындайды
Тілдік мақсаттар Сабақта жалпайту, домалақтау деген тірек сөздер берілген. Оқушылар бұл сөздермен бұрыннан таныс. Олардың сабақ барысында осы сөздерді қолданып отыруына назар аударыңыз.
Тыңдалым: оқушылар жаңа тақырып мазмұнын меңгере отырып, жаңа ақпарат алады. «Анықта» айдары кезінде бір-бірінің пікірін тыңдайды.
Айтылым: оқушылар саяхаттау туралы әңгімелеседі,олардың бір-бірінен ерекшелігін айтады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бергенде және жұмысты орындау техникасын талқылау кезінде дамытылады.
Алдыңғы білім Қоршаған орта, жануарлар және құстар туралы біледі
Сабақтың кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-шаралар Дерек көздері
Сабақтың басы 1 мин
1-7 мин
7-10 мин
10-13 мин
13-18 мин
18-20 мин
Шығармашылық жұмыс 20-35 мин
35-40 мин
40-45 мин Сабақ басында оқушылармен амандасу.
«Суреттерге қара, жауап бер» тапсырмасы.
Сабақтың басында оқушыларды әр түрлі суреттер қойылған үстел қасына шақырамы. Балалардан бұл суреттерден не көріп тұрғандарын айтып беруін сұраймын.
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
«Сен білесің бе?» айдары. Оқушыларға бұл суреттерден сендер әр түрлі саяхат түрлері көріп тұрсыңдар. «Су асты әлеміне саяхатта» су астындағы әр түрлі тіршілік иелерін көруге болады, ал «Әуе шарымен саяхат» жасасақ айналаны жоғарыдан көруге болады, көлікпен немесе велосипедпен, жаяу саяхат жасасақ біз жер бетіндегі тіршілік иелерінің өмірімен танысатын боламыз.
103378020320
Оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін бүгінгі сабақта «Су асты ілеміне саяхат» жасайтынымызды және оны өз қолдарымен ермексазды пайдалана отырып жасайтынын айтамын. Ол үшін қажетті өлшемді қағаз үлгі қажет. Үлгіге қарай отырып су астындағы тіршілік иелерінің суретін қағаз бетіне салып аламыз
3845711911974384556052070«Мәңгілік Ел» идеясы.Балалар біздің еліміз құрлықта орналасқан. Дегенменде осыны білдірмес үшін еліміздің астанасы Астана қаласындағы ДУМАН ойын сауық орталығындағы океанариумда су астында мекен ететін балықтардың бірнеше түрін көруге болады.
«Зертте» айдарында оқушыларды су асты әлеміндегі тіршілік иелерінің суреттерін қағаз бетінде қалай орналастырған дұрыс болатынын және жасалу тәсілдерімен таныстырып, оның үлгілерін зерттеуді ұсынамын. Бұл тапсырма оқушыларға өз бетінше оқып-үйренуге қиынырық соғатындықтан, үлгіні бірге қарастырыңыздар. Үлгі ұғынықты болу үшін оқушыларға үлгінің бірнеше нұсқасын
көрсеткен жөн.
2511704962731331479962743746582550
«Анықта» айдарында оқушылар өздері жасағысы
келген су асты әлемі иелерінің суреттерін салуды анықтайды.
«Орындап көр» айдарында оқушылар су асты ілеміне саяхат жасай отырып ермексазды қағаз бетіне жапсыра отырып тапсырманы орындайды.
Жұмысты бастамас бұрын ермексазбен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде естеріне салу керек. Тапсырманы орындау кезінде мұғалімнің көмегі қажет ететін оқушылар табылып қалуы мүмкін. Оларға қолдау жасаймын немесе үлгерімі жоғары оқушының біреуінен оған көмектесуін сұраймын. Оқушылардың жұмыс жасау барысын үнемі бақылауда ұстап отырамын.
«Таныстырылым» оқушылар өздері
жасаған жұмыстарын таныстырады
Бағалау. Оқушылар бірі-бірінің жұмыстарын сәтті шыққан тұстарын айтып бағалайды Саяхат түрлері бейнеленген суреттер. Ермексаз, А4 қағазы, стик, т.б.
https://www.youtube.com/watch?v=fWHXuS049b8
Қосымша ақпарат Бөліп оқыту–Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Бағалау–Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік ережелері
Дифференциациялау – жұмысты ерте аяқтаған оқушылар болса қасындағы оқушыларға көмектесу сұралады Бір-бірінің жұмыстарына баға береді. Қалыптастырушы бағалау / марапаттау, қолпаштау/ Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалау.
Кір қолмен көзіңді ұстама! Жұмыс істеп болған соң, қолыңды жылы сумен жу!
Рефлексия
Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?