«Сындарлы о?ыту – білім баспалда?ы»


Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласы
Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Кожина Саягуль Саматовна
«Сындарлы оқыту – білім баспалдағы»

Білім беру мақсатында қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Ең алдымен мұғалім, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Ол оқушыны - ұлттық және әлемдік мәдениетке жетелейтін жол. Дүние жүзінде осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты.
Қазіргі таңда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білім сапасын арттыру басты мәселе. Сондықтан сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзгерісті өзімізден бастау, басқа мұғалімдерге бағыт-бағдар беруді қолға алған жөн.
Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын оятуды дұрыс деп ойлаймын. Әр түрлі әдіс-тәсілдер баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін қолданғанда, үнемі әріптестермен бірге талқылап, тәжірибені ой елегінен өткізіп отыруды жөн деп санаймын. Мұғалім сабақ беретін сыныптада әдіс-тәсілдерді біліп қана қоймай, ұйымдастырушылық, көшбасшылыққа ұмтылдыра білу керек. Сонымен қатар оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының арттырып қана қоймай, адами жақсы қасиеттерін қалыптастыру керек.
Жаңа формация мұғалімі-рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Сондықтан ағылшын тілі пәні бойынша өзім оқытатын сыныптарда сабағымды қайткенде қызықты, тартымды етіп өткізем, қойған мақсатқа қалай қол жеткіземін деген сұрақтардың шешімін табудың жолдарын іздестіріп жүремін. Сол орайда туған өзім ойлап тапқан, ағылшын тілі пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп жасаған оқушылардың сыни ойлауын дамытататын 20 шақты әдіс-тәсілдер, ойындарым бар, солардың бірнешеуін әріптестеріме ұсынамын:«Мәтін мәні» әдісі. Мәтін мазмұнын игеруде, оны өз сөзімен баяндауда тиімді тәсіл болып табылады. Ағылшын тіліндегі көлемді мәтіндерді оқығаннан кейін осы кестені толтыруды сұраңыз! Оқушы маңызды оқиғаларды мәтіннен іздей отырып, тез игереді.Басты кейіпкерлер Оқиға Оқиғаның басталуы Оқиғаның ұласуы Оқиғаның аяқталуы«Қызықты әңгіме» ойыны. Ойын жаңа сөздерге сөйлем құрау, грамматикалық материалға байланысты мысалдар келтіруде тиімді. Бұл ойынды сергіту сәтінде ұйымдастырса да болады. Шарты: Оқушылар шеңбер қүра тұрып, бір оқушы бір сөз айтады, екінші оқушы оның мағынасына сәйкес келесі бір сөзді айтып жалғастыра береді. Сөйлем аяқталған кезде жаңадан сөйлем бастауға болады. Егер оқиға қызықты болып өрбіп бара жатса, шеңберді екінші, үшінші айналымға дейін жалғастыруға болады. Сонда қызықты бір әңгіме шығады. «Балықшы ауы» әдісі. Сабақтарда жаңа тақырыпты бекітуге өте қолайлы әдістің бірі мұғалім сабаққа алдын ала тоқыма жіп дайындап әкеледі. Сабақтың соңында мұғалім, оқушылар шеңбер бойымен тұрып, мұғалім бір сұрақ қойып тоқыма жіптің ұшын өзі ұстап, оқушыға лақтырады. Оқушы ол сұраққа жауап беріп, ұшын өзі ұстап, келесі оқушыға лақтырады. Осылай сұрақтар жалғаса береді. Тор әбден қалыңдаған соң, мұғалім «балық аулауға кеттік деп», оқушыларды орындарына отырғызады.
«Жаңылыспаған идея» әдісі. Әр топқа тақырып төңірегінде 3-4 сұрақ беріліп, сол сұрақтардың жауабын жаңылыспай нақ көрсететіндей жұмыстар қорғайды. Оқушылар жұмысты қандай түрде қорғайтындарын өздері шешеді, ең бастысы тақырып ашылу керек. Өзімнің сабақтарымда осы әдісті қолданғанда, оқушылар сұрақтың жауабын плакатқа кесте түрінде көрсетеді, сурет салады, көрініс қою арқылы диалог түрінде жеткізеді, тіпті кейде мұғалім рөліне еніп, түсіндіріп берген кездері де болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі оқушылардың өзара әлеуметтік қарым-қатынасын жетілдіру, мұғалім оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беріп, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда бағдарлап отыру. Осыған орай топтарда жұмыс жасату арқылы олардың достық қарым-қатынастарын қалыптастырып, өзара әрекеттестіктерін дамытып отырамын. Топтарға бөлуде кейде теңсіздіктер кездесіп жататыны белгілі. Бір топқа кіл «мықтылар», енді бір топқа кіл «әлсіздер» түсіп жатады. Сондықтан барлық пән мұғалімдеріне топқа бөлудің мынадай тәсілдері менің тәжірибемді шыңдай түскені рас.Сан есімдер тақырыбында оқушыларды рет-ретімен санатып, тақ сандарды бір топ, жұп сандарды бір топ етіп отырғыздым.
Жануарлар тақырыбын өткенде, қима қағаздар арқылы және сүйікті жануарларын сұрап алып, сол жануарлар бойынша да, топқа бөлуге болады. Матеаматика сабағында оқушыларды фигуралар арқылы да топқа бөлуге болады. Сондықтан мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін, фигуралардың әр түрлі етіп, түстер бойынша, сандар ретіне қарай топқа бөлінеді.
Сыни тұрғысынан ойлауды топтарға бөлу арқылы да, сыни ойлауын дамытудың тиімді тәсіл екенін түсіндім. Сабақты жоспарлуда, оқушыларды сыни ойлауға жетелеуде: жоспарлауға дайын болуы; бейімделгіштігі, басқалардың идеяларын қабылдай алуы, қайсарлығы, қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы, жете түсінуі, өзінің және басқа адамдардың пікірін тыңдай алып, қадағалауы, ымыралы келісімді іздеуі, бірлесе әрекет ете алуы, коммуникативтілігі. Оның шарттары: уақытты тиімді пайдаланып, жеке, жұптық, топтық жұмыс жасауына мүмкіндік беру; оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Саналы ұрпақтарына білім беруде: әлі де ізденіп, өз шығармашылығымды жетілдіре беру қоғамның жақсаруына қосқан үлесім деп білемін. Сондықтан менің оқушыларыма бұл бағдарламамен сабақ жүргізу мынандай мүмкіндіктер берді: айқын мақсат қоя білу; белсенді қатысуды қолдау; жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру; өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру; өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу; оқуға деген оқушылардың ынтасын қолдау; басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру; кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту; өзгеруге себеп болады; сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, сындарлы оқытудың ерекшелігі – оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, мектепте алған білімді сыныптан тыс жерде тиімді, орынды қолдана алу. Осы тұрғыда бала бойында білім, білік, дағдының бірлігі - құзыреттіліктің қалыптасуы сындарлы оқытуға негізделген білім жүйесіндегі үздіксіз үдеріс.
Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
Сыни тұрғыдан ойлау қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, немесе проблемаларды шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп болжанады.