Сыныптан тыс ж?мыс. Математика — ?ылымдарды? патшасы 2 сынып


Тақырыбы: «Математика – ғылымдардың патшасы» Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде Қолданылған нақыл сөздер: 1. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов) 2. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон) Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика – ғылымдардың патшасы » атты математикалық сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыштар», «Шаршылар», «Шеңберлер» топтарын шақырамыз. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. 
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмаларұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңкерек.Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
Жоспары:
1.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) 3. Сөзжұмбақ шешу сайысы 4. «Баспалдақ» ойыны5. Сергіту сәті «Бейнелі сөзді тап»6. «Кім жылдам?»
7. «Ширату»
8. «Капитандар » жарысы
1.Кезекте топтың өзін таныстыруы, амандасуы .
Қадірін білсең егер сен,Қол ұшын берер ол сағанЕсептеп жүрсең бәрін де,Сүрінбейсің өмірде – дегендей  сайысымызды  топтың өзін таныстырудан бастайық.
І топ «Үшбұрыш» тобы. Ұраны: Білікті бірді жығар.  Білімді мыңды жығар. 
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыштар» тобынан қарсылас топтарға сәлем. 
ІІ топ. «Шаршылар» тобы. 
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
«Шаршылар» тобынан қарсылас топтарға сәлем. 
ІІІ топ. «Шеңберлер» тобы. Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: 
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Шеңберлер» тобынан қарсылас топтарға сәлем. 
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер) 
Математика патшасы ғылымдардың,
Бастан кешкен талай ғасыр ағымдарын,
Сан құпия сырымен өрнектелген, 
Бүгінгі кеш тарту етер сан сырларын, - дей келе  сайысымыздың 2 –турына да келіп жеттік.
«Ұшбұрыштар» тобына. 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг) 2.Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 
«Шаршылар» тобына. 1. Ағаш үстінде 50 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай). 2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 3. 1 ц мақта ауыр ма, 100 кг темір ауыр ма? (тең) 
«Шеңберлер» тобына. 
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық) 2. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала) 3.Сөзжұмбақ шешу
Уа, балалар, балалар,Қане бері қараңдарСайысымызды бастайықСөзжұмбақты қиналмайЛезде шешіп тастайық.

Ең кіші үш таңбалы сан
Қабырғалары тең тіктөртбұрыш
Ондықтан құралған сан
Бір таңбалы сан
Кеміту амалы
4.«Баспалдақ» ойыны.

5.Сергіту сәті «Бейнелі сөзді тап»

(азайту) (метр)
«Кім жылдам?»
Қадірін білсең егер сен,Қол ұшын берер ол сағанЕсептеп жүрсең бәрін де,Сүрінбейсің өмірде – дегендей келесі   сайысымыз «Кім жылдам?»
Берілген геометриялық фигуралардың ішіндегі сандарды дұрыс орналастырып, бір заттың суретін құрастыру. (Зымыран)

«Ширату» сайысы.
Қай топ тез орындайтынын бақылау.
Берілген 12 шиден 5 шаршы шығатындай етіп орналастыр

8.«Капитандар » жарысы
Енді ең соңғы капитандар жарысы:«Үшбұрыштар»1. Азайтудың компоненттері (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)2. 1 сағатта неше минут бар?(60)3. 7 ондық 5 бірліктен тұратын санды ата.(75) 4. Мектептегі 45 минут? (Сабақ)5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)6. 2 мысық пен 1 тауықтың аяғы нешеу?(10)«Шаршылар»1. Қосудың компоненттері2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)5. Мектептегі 10 минут? (Үзіліс)6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
«Шеңберлер»
1.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен (қосындының мәні өзгермейді)2. 2 машина мен 2 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (12)3. 6 ондықтан 3 бірліктен тұратын сан (63)
4. 1 тоннада неше кг? (1000кг)
5. Наурыз мейрамы қай күні (22 наурыз)
6. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығынеше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
Жүргізуші:-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау.Математика-толған тәртіп, мағына мен мән,
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән.
Математика-толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра, бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.