Саба?ты? та?ырыбы: Екпін. С?з екпіні, ой екпіні. 5 сынып

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 14.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын сұрау.
1.Орфография дегеніміз не? Мысал келтіру.
2.Орфоэпия дегеніміз не? Мысал келтіру?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні.
-19900661302 Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.
00 Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

31965901339851388110133985
-199006111795Сөз екпіні.
Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
Екпін түспейтін буындар:
1.Жіктік жалғауына екпін түспейді:
Мысалы:Оқушымыз,барамыз
2.Болымсыз етістіктің жұрнағына екпін түспейді
(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе ) айтпа,жеме,
3.Шылау сөздерге екпін түспейді: үй де , мал да –бәрі де аман.
4.Көмекші сөздерге екпін түспейді. Мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпаен келдім.
00Сөз екпіні.

3197225111760Ой екпіні.
Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.
Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді.
Атасы ауылға бүгін келді
Ауылға бүгін атасы келді.
00Ой екпіні.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
344-жаттығу. Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Шеге, кереге, орақ, балға, балта, шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар Айтпа, оқтай,көрейік, баласың,барма,айтшы, сызба,тастай, адамбыз,мұздай, оқушымын, айтпайын.
345-жаттығу. Ой екпінін түсіру мақсатында мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауысытырып көріңдер.
Олар ертең тауға бармақшы. Бүгін әкем қалаға кетті Әжем ертең үйге келеді
Олар тауға ертең бармақшы. Әкем қалаға бүгін кетті Әжем үйге ертең келеді
Ертең тауға олар бармақшы Бүгін қалаға әкем кетті. Ертең үйге әжем келеді
Мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыруға келе ме, жоқ па, байқаңдар. Себебін айтып көріңдер.
Компьютер сабағы ұзақ жүріп жатыр
V. Сабақты қорыту
Сұрақ-жауап:
1.Екпін дегеніміз не? Оның түрлерін ата?
2. Сөз екпіні дегеніміз не? Мысал келтіру
3. Қандай сөздерге екпін түспейді? Мысал келтіріңдер?
4.Ой екпіні дегеніміз не? Мысал келтіріңдер?
Бағалау
VI.Үйге тапсырма:
Екпін. Сөз екпіні. Ой екпіні. (Ережелерді жаттау.)