Отан туралы ?дебиеттік о?у 2 сынып


№5 орта мектепбар жалпы білім беретін Пәні: Әдебиеттік оқу   Сабақтың тақырыбы: «Отан» 2 Г- сынып  Пән мұғалімі : Құрмашева Әсел Тілекқабылқызы Сабақтың тақырыбы: “Отан” Мұқағали МақатаевСабақтың мақсаттары: Қазақтың біртуар ақыны М.Мақатаев туралы,оның шығармасы жайлы түсінік беру.Шығармадағы негізгі ойды анықтау.Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениетін,сөздік қорларын,өлеңді мәнерлеп оқу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелілігі: Адамгершілікке,адалдыққа,елін,жерін сүюге,табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.Әдісі: Түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,топтастыру стратегиясы,бейне-сюжет.Сабақтың түрі: интерактивті сабақ. Сабақтың барысы: Тапсырмалар 2. Үй тапсырмасы тексеріледі. І - II топтағылар жатқа айту.ІІІ - ІҮтоптар шығарма оқу.Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың пікірі құнды. “Отан” Ж.Смақов жатқа айту.“Менің –Отаным Қазақстан” шығарма жазып келу. Бейне сюжет “Менің Қазақстаным” үзінді көрсету Жаңа сабақ. Мұқағали Мақатаев “Отан” өлеңі Автор өмірінен мағлұмат Қазақтың белгілі ақын жазушысы Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпан күні Алматы облысы,Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Прозалық шығармалары“Өмір-өзен” ,“Шолпан”, “Дариға жүрек” атты жыр кітаптары бар. 10-11 жасынан өлең жазды Оқулықпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Әр топ өлеңді 1оқушыдан мәнерлеп оқып беру. Постермен жұмыс1-ші тапсырма1-топ.Отан сөзіне талдау жасайды.2-топ. Менің Отаным тақырыбына сурет салады.3-топ.Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдер жазу.4-топ. “Отан отбасынан басталады.” деген мақалды құрастыра отырып үйдің суретін жасап шығару. Дәптермен жұмыс.Ақын қолданған өзенге,тауға,тілге,үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу. Салыстыру Оқушылар ( + ) ия таңбаларын қояды. Бекіту сұрақтарыБүгін кімнің өлеңімен таныстық?Мұқағали Мақатаев кім?Мұқағали Мақатаев кай жылы,қай қалада туған?Мұқағали Мақатаев қандай шығармалары бар? “Отан” деген сөзді қалай түсінесіңдер?Отан,туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?Үйге тапсырма «Отан» өлеңін жаттау. РефлексияОқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін тыңдау.Смайликтер арқылы бір-бірінБағалау.