Сыныптан тыс ж?мыс Жаратылыстану ?лемі


187960-7620000Ақмола облысы Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі
Кадырбаева Бибигул Кенесбаевна
Жаратылыстану пәнінен 5 «а»; 5 «ә» сынып оқушылары арасында өткізілген  «Жаратылыстану әлемі» атты топтық интеллектуалдық сайысМақсаты: - Балалардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Өткізілу түрі: Жарыс
Сайыс кезеңдері:І айналым – Таныстыру (Топтың аты ұраны эмблемасы)ІІ айналым – Ой қозғау (бұл айналым 2 кезеңнен тұрады)
1. «Сөйлемді аяқтау» деп аталады. 2. «Адасқан әріптер»; деп аталады.ІІІ айналым – жарнама ІV айналым – Қызықты сұрақтар
«Cенемін сенбеймін»
Сенемін немесе сенбеймін; деп аталады. (Бұл бөлімде жаратылыстануға байланысты қызықты сұрақтар қойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің ойыншыларына көмектесе алады)V айналым – Көрініс
І АЙНАЛЫМ- ТАНЫСТЫРУ-Топтың басшысы өз ойыншыларын жеке-жеке таныстырып шығып, топтың атын, ұранымен айтады.ІІ АЙНАЛЫМ-ОЙ ҚОЗҒАУ-Бұл айналым екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «Сөйлемді аяқтау» деп аталады. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою арқылы сөйлемді толықтыру қажетОның тапсырмасы төмендегідей:1. Жер кү жүйесіндегі ,,,,,,, планета. ( 3)
2. Жердің серігі ,,,,, (ай)3. Жердің ішкі құрылысы 1.жер қыртысы 2............3 ядро (мантия)
4.Табиғатта .... үш күйде кездеседі.
5. ........... латын тілінде –таралу,ыдырау,жайылу деген мағынаны білдіреді. (диффузия)
6.Күн жүйесінде күнге ең жақын орналасқан галамшар ,,,,,,,,,,,,,, (Меркурий)
7.Ұзындық өлшемі,,,,,,,,,, (метр)
8.Сүт ,,,,,,,,мен судың қоспасынан тұрады. (май)
2. «Адасқан әріптер»:
р ы а т л ы с т а н а ж у-жаратылыстану
ф я у и з и д ф-диффузия
о л Ш н п а – Шолпан
а р е ф с о м т а –атмосфера
ІІІ АЙНАЛЫМ –жарнамаға кезек берейік
V АЙНАЛЫМ- Қызықты сұрақтар
«сенемін сенбеймін»– Бұл айналым шағын екі бөлімнен тұрады;Бірінші кезең «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады.(Алғашқы бөлімде географияға байланысты қызықты сұрақтарқойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің ойыншыларына көмектесе алады)Тапсырмасы:1.Адамның бүкіл 12 мүшелерінің ішінен ең ауыры бас екеніне сенесіз бе? (сенемін.) 6 кг2. Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе? (сенемін) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды.3. Адам бар жоғы 1-2 минут қана демалмай тұра алады сіз бұан сенесіз бе? Сенемін (рас)4. Темірқазық жұлдызына қарап жол табуға болатынына сенесіз бе ? (сенемін )5.Болашақта біздің мектептің гимназия болатынына сенесіз бе? (сенемін)ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:Сайысты қорытындысын шығарып, жеңген топты анықтау, балаларды марапаттау.