Презентация Же?іс туы желбіре


Тамды орта мектебіТақырыбы: Жеңіс туы желбіреДайындаған: мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Степанова Р.С.2014-2015оқу жылы Мақсаты: Балалардың «Жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру. Болашақ елін қорғайтын ер болуға тәрбиелеу. «Жеңіс күні» Ойлап тұрдым көп,Сауал бердім білгім кеп,-Қуанышты мереке,Жеңіс күні қай күн?-деп,Бейбіт күннің бәрі де,Жеңіс күні шырағым. (Қ.Жұмағалиев) 9 мамыр –Жеңіс күні. Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ Б.Момышұлы, Т.Бегильдинов, Қ. Қайсенов, М.Маметова, А.Молдағұлова т.б. Еліміз осы батырларды ешқашан ұмытпайды. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.Ән: «Жеңіс күні»Әлия-Мәншүк ер қыздары елімніңӘлия-Мәншүк гүл қыздары жерімніңӘлия-Мәншүк аттары әнге айналғанӘлия-Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған(Әлия мен Мәншүк ескерткішіне гүл шоғы қойылады)Би: «Қоштасу вальсы»Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті мыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, ауыл адамдары тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Қазір олардың есімдерімен көптеген көшелер, мектептер, тағы басқа мәдени орындар аталады. Жылда 9 мамыр «Жеңіс күні» деп аталып өтеді.Еркіндік үшін жаһанға келген,Қазағым елім, ата қонысым.Тоны көк абыз өсиет еткен,Мәңгілік елім – Атамекенім.Ән: «Атамекен» Назым: Елін жерін сүйетін Ертеңі үшін күйетін Рухы биік ұланбыз Болашаққа сенетін! Алишер: Отаным еркелеймін енді кімге Өзіңмен нені болса көрем бірге Қалайша қабырғама батпас менің Басына қатер болды төнген күнге Сабина: Ағалар саптан шықпасын Аналар қабақ шытпасын Бақытқа жетіп бар адам Сәбилер тыныш ұйықтасын Қазбек: Тыныштық! Жаса тыныштық! Осы сөз бізге тым ыстық Көркейе берсін еліміз Көркейе берсін ырыс –құт! Гүласыл: Жер бетінде тыныштық Баянды бақыт адамға Орнатуға далаға Сәбилік таза көңілмен Ант етеміз! Дінмұхаммед: Алақай –ай! Әйгілі! Тоғызыншы май бүгін Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының Назерке: Жеңіс келді далама Жеңіс келді қалама Жеңіс келді әке боп Елдегі бар балағаЕркінбек: Жеңіс келді ән болып Келді ауылға сән болып Жеңіс келді, алақай! Тоя жейтін нан болыпМахаббат: Әлем бізді ұққан күн Жауды ініне тыққан күн Батыр атам алдынан Әжем күліп шыққан күнДаниал: Баламын мен бүгінде Кіп-кішкентай баламын Ертең менде өскенде Ел қорғауға барамын Ерлік туралы мақал-мәтелдерді бірге жаттайық. Отан үшін отқа түс - күймейсің.***Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.***Опасызда Отан жоқ.***Отан қорғаушы –Отанды қауіп-қатерден сақтаушы.Би: «Катюша»-Балалар мына сөздерді естеріңізде сақтаңыздар! Жеңіс - соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Соғыс ардагері – соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам. Майдангер - соғысқа қатысқан адам.-«Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?-Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек?-Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады? Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген Ардагерлерімізге мың алғыс! Ардагерлерімізге мың тағзым! Жеңістің туы мәңгі желбіресін!