?алташы?та?ы шайды? зияны жоба Зерде


Аннотация
Зерттеу мақсаты: дұрыс әзірленген шай адам организміне жақсы әсір ететінін  зерттей отырып, қалташықтағы шайдың адам ағзасына зияндығын деректермен дәлел келтіру.
Гипотеза: «Ауру аспен келеді» деп аталатын тыйымдарды тұрмыс –тіршілікте дұрыс орындау, адамдарға ісік аурудың түрлерінен сақтана білуге ұсыныс ретінде қолдану.
Кезеңдер:
Шайдың отаны мен шығу тарихы
Шайдың түрлері
Шайдың емдік қасиеттері
Шай әзірлеу ерекшеліктері
Шай туралы пікірлер
Қалташадағы шайдың адам ағзасына зияны
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Шайдың тоңсаң бойыңды жылытатын, шөлдегенде шөліңді қандыратын, сергектік сыйлайтын қасиеттері бар. Сапалы түрлерін емдік шараларда дұрыс қолдану. Шай ішудің де ешкімге ұқсамайтын қазақы дәстүрін қайта жаңғырту.Қалташықтағы шайдың зиянын түсініп, дұрыс таңдау жасау
Жұмыстың жеткен нәтижесі: шайдың шығу отаны мен тарихы, шайдың емдік қасиеттері мен зияны, шайды дұрыс әзірлеу технологиясымен таныстыра отырып, қазіргі кезде қоланыста еніп кеткен пакеттегі шайдың адам ағзасына зияны жайлы материалдар және шайды таңдау , сапасын тексеру жайлы кеңестер топтамасы жүйелі түрде жинақталған.
Қорытынды: «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей әркім өз денсаулығына, ісік ауруларының қайдан, қалай пайда болатынын біліп, одан сақтану жолдарын насихаттау. Дұрыс іріктелге, демделген шайдың тіршілікке қажетті құндылығын дәріптеу.
Мазмұны
І. Кіріспе ........................................................................... 3
ІІ. Зерттеу бөлімі .............................................................3-15
1. Шайдың отаны мен шығу тарихы ......................3- 9
Шайдың түрлері ................................................... 9-10
Шайдың емдік қасиеттері .................................11
Шай әзірлеу ерекшеліктері .............................12
Шай туралы пікірлер ................................
Қалташадағы шайдың адам ағзасына зияны.......12-15
ІІІ. Қорытынды ..............................................................15
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ......................................16
V. Қосымшалар ..................................................................16
                                                                
Кіріспе
  
     Шайдың тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар.
Шайдың жапырағында, одан әзірленген дайын шайдың құрамында адамның орталық жүйке жүйесін тыңайтатын кофеин, теобромин, теохиллин деген заттар бар. Соның  ішінде кофеин ой және дене күші жұмысын жақсартады.
Шайдың құрамындағы кофеин кофеден гөрі жұмсақтау, жанға жайлы тиеді. Шайдың құрамындағы теобромин мен теохиллин мидың қан тамырларын кеңейту арқылы шаршағанды, бастың ауруын басады. Шай дәруменге де бай: онда В1, В2, А каротині және Р дәрумені бар, әсіресе, Р дәруменінің шипасы мол. Сондай-ақ, амин қышқылы, көмір қышқылы, органикалық қышқыл, эфир майы және басқа қосындылар кездеседі. Осы заттардың шипалық қасиеті бүлінбеуі үшін шайды дұрыс пайдаланып, жөндеп шығара білу қажет.Қазақ халқы үшін де шай ерекше сусын деуге болады.
 Шайдың шығу тарихы
  Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.
Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.
Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.
Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.
Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен.
Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.
 Шай ағашы
Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.
Әлемдегі шай мәдениеті дамыған 10 мекен

Шай – әлемдегі 3 ірі сусынның бірі. Шай мәдениеті дүние жүзіндегі ең ұзақ тарихқа ие мәдениеттердің бірі. Әлемнің әр бұрышында шай мәдениетінің дамуы, оны қабылдану әртүрлі деңгейде. Шайдың дамуы кейде сол ел мен аймақтың тұрмыстық өресіне де байланысты болады. Біз әлемдегі шай мәдениеті ертеден қалыптасқан 10 елге назар салып көрейік.

Солтүстік-Батыс Африкада Марокко атты ел бар. Осы елдің Маррокеш атты қаласы шай мәдениетінің бір ошағы болып саналады. Жалбыз шайы осы елдің және Солтүстік Африкалықтардың ең жақсы көретін шайы. Жалбыз шайын әдетте көк шай мен жалбыздан қосып жасайды және шайға қантты көп қосу керек. Бұл ауданда ұсынылған шайды алмау немесе қолын қайтару өте әбес іс болып саналады екен.

Әлемнің жотасы атанған Тибет үстіртінде де шай өркениеті ертеден дамыған. Тибеттіктер шайға қодастың майы мен тұзды қатар салып ішеді. Мұндай шайдың май құрамы жоғары болады да, ыстықтық қуаты да жоғары бола түседі. Тибеттің халқы Бұланайдың суығына мыңдаған жылдар бойы осы шаймен қарсы тұрды десек артық айтқандық болмайды.

Пәкістандықтар қызыл шай мен көк шайды жақсы көріп ішеді. Жергілікті жерде ғана өсетін «Түстік» деп аталатын шай түрі бар. Олар бұл шайға сүт, түрлі жеміс қақтарын қосып ішеді екен.
 
Орыс жұрты – әлемге «самоварымен» танымал. Бұл ыдыс шайды ыстық күйінде сақтайтын қасиетімен әлемнің көп жеріне таралған. Орыстың шай ішу салты өзге жұртқа таңсық. Себебі, славяндар шайды алдымен басқа ыдысқа демдеп алып, оның үстіне қайнаған су құйып ішеді.

Егер Жапонияға барып көрген болсаңыз олардың күрделі рецептермен дайындалған шайынан бірден ләззат ала алуыңыз қиын. Жапонияның шай мәдениеті будда дінінің ықпалына ұшыраған. Күншығыс елінің шай мәдениеті өсімдік шайы мен көк шайға көбірек тәуелді.

Ағылшын еліне шай XVII ғасырда Қытайдан келген. 1660 жылдардағы естеліктер бойынша, осылай деп жазылған екен. Естелікте: «Мен бір стақан шай іштім. Бұл Қытайдан келген бір түрлі сусындық екен. Мен осыдан бұрын мұндай дәмі бар су ішіп көрмеппін» деп жазылған. Қазіргі деректер бойынша, ағылшындар күніне 120 миллион кесе шай ішеді екен.

Американың оңтүстігі жазда өте ыстық келеді. Мұндай ауа-райы жергілікті адамдардың не үшін ыстық шай ішпейтінінің себебі болса керек. Олар мұз бен қант қосылған суық шайды жақсы көреді. Халықтың түсінігінде мұндай шай адамның ыстыққа шыдамдылығын арттырады.

Үнді елінің тұрғындары да ағылшындар сияқты шай ішуді жақсы көреді. Үндістанда шайға сүт және қант қосып ішеді. Үндістанға саяхаттап барған туристер ең алдымен шай сатып алады екен.
Тайланд шайы әдетте қызыл шайға қант пен қою сүт қосылып дайындалады. Оған хош иісті материалдарды да қосады. Тайланд шайы іштегі ыстыққа пайдасы бар деген түсінік қалыптасқан.

Оңтүстік Азияда «Masala» деп аталатын шай өте танымал. Деректер бойынша, бұл шай ағылшындар үнді жерін отарлап келгенде пайда бола бастаған. Бұл шамамен 1858-1947 жылдарға тура келеді. Үндістандағы шай мәдениетінің дамуына ағылшындардың осы шапқыншылығы да үлкен әсер еткен деген болжам бар.
 Шайдың түрлері
Шай — байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.
 
Шайдың емдік қасиеттері
Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршаған нан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем.
Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспала рының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.
Шайды әзірлеудің ерекшеліктері
Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен  келтіреді. Ағылшындар  сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.
Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.
 Көк шайдың пайдасы
  Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жан- ын сергітіп сейілтеді.Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.
Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәру мендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретін- де емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұн – ба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін поли – фенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы.
Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықты – рады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
 
 Қандай кезде шай ішпейді?
Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян.
Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді.
Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.4. Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді.5. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.
Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады», — дейді ежелгі қытай ойшылдары.
 Ыстық шай ағзаға зиян
Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.
Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен.
 Шай демдеу
Шай демдегенде ерекше бап қажет. Аққұманды қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның ½ мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, аққұманды бүркеп сүлгімен не арнайы жұмсақ шүберекпен 5-7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз. Бұқтырылған шайды қыздырмайды, қайнатпайды және келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді. Шайға ас содасын, күйдірілген қантты қоспайды. Егер шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрыңқырап қалған жылы суды құйса да дәмі кетеді. Шайды фарфор немесе фаянс шәйнекпен демдейді. Шайды метал шәйнекпен шығарса, ол құсып кетіп, хош иісі мен дәмін жоғалтады.
Қалташықтағы шайдың адам ағзасын зияны
Жоғарыда жалпы шәйдың шығу тарихы , оны дұрыс қолдану жолдары жайлы біраз айтып өттім.Енді жобамның негізгі түйіні қалташалардағы шайдың адам ағзасына зияны жайлы деректерге тоқталайын. Бүгінде қоғамдық тамақтану орындарында жаппай қолданысқа енген «қалташаның» тарихы да тереңде жатыр. Кейбір жазбаларда 780 жылы қытайлық Лук Лудің шәйді жұқа қағазға орап дайындағаны жазылған. Оны ойлап тапқан Нью-Йорктің тұрғыны – Томас Салливан есімді саудагер деген деректер де кездеседі. 1904 жылы дәстүрлі қаңылтыр құтыдағы шайды ұсақтап сатқан тиімді екеніне көзі жеткен ол ыдыстың орнын жібек қаппен алмастырған деседі. Пакеттегі шайдың «даңқы» әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыста майдан даласындағы таптырмас сусын ретінде кеңінен тараған деседі.
Шәй қалташалары тек 1952 жылы Липтон компаниясымен патенттелді. 

Қалташадағы шәй ұнтағы сапасыз, нашар шәй түрлерінен жасалады, тіпті денсаулыққа зиян, қатты ұнтақталған шәйдің арасында  тозаң, кір болуы мүмкін деген пікір қаншалықты дұрыс? Жалпы, пакеттегі шайдың негізгі бөлігі – шайдың тозаңынан, қалдықтан жасалатыны ешкімге құпия емес. Шай саудасы мен өндірісінің басында тұрған Қытай мен Үндістан бұл қалдықтарды өздері тұтынбайды, оны ақшаға құныққан шай өндірушілер арзан бағада сатып алып, өзге елдерге (мысалы, ТМД) қаппен үлкен көлемде жеткізеді екен.
Ал, арзан, сапасыз түрлері шәйдің қалдықтары, бояғыш заттар, дәмдеуіштерге толы болады. Сондай-ақ құрамында химиялық қоспалар тым көп шәй қалташаларында фторид шамасы жоғары. Бұл химиялық тұздардың көп мөлшері ағзаға өте қауіпті. Күнделікті тұтынуға ыңғайлы, жылдам дайындалатын қаптамадағы шайлардың өзіндік зияны бар екен. Бұған әлем дәрігерлері көз жеткізді. Вашингтон университеттік медицина мектебінің ғалымдары адам денсаулығының қауіпсіздігі үшін шағын қаптамадағы қайнатылған шайды күніне 5 кеседен артық қабылдауға болмайды деп ескертеді. Себебі фтордың шоғырлануы, бойымыздың ықтималды шамасын жоғарылатып жібереді және денсаулықтың бұзылуына сеп болады.Ғылыми деректер бойынша, қаптамадағы шай ағзада фтор шоғырлануының жоғарылауына, сүйектің тығыздануына әкеп соқтырады және оның әлсіздігін жоғарылатады. Ол аздай, сүйек тамырларының ауруына әкеліп соқтыратын қаңқа флюорозы деген аурудың дамуына да қарапайым шайдың әсері мол екен. Сонымен қатар бұл шәйдің тағы қауіпті жері - қаптаманың қағазында болып тұр. Шай қаптамаларының көбі - эпихлоргидринді қолдану арқылы өндіріледі. Бұл зат сумен байланысқа түскенде 3-монохлорпропандиол (канцероген) түзеді. Әрине, бұл зат көп мөлшерді құрамайды. Десек те қатерлі дертке келіп тірейді. Сондай – ақ адам ағзасының және иммундық жүйенің төмендеуіне, созылмалы ауруға шалдықтыру қаупі бар екені дәлелденген. Қалташадағы шайдың құрамында фтор өте көп болғандықтан, ол тіс эмалінің бұзылуына, сарғаюына да әкеледі.
Химия ғылымдарының кандидаты, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушысы - Тұрар Наурызбайқызы, Қалташадағы шай қатерлі ісік туғызады", "Қалташадағы шайдың құрамында адам ағзасына зиянды элементтер бар" деген ғалымдардың пікіріне қосылады. «Алайда, қалташадағы шайлар өндірісте өте көп өзгерістерге ұшырайтындықтан, өзінің сапалық қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан онда табиғи дәм мен иіс болмайды. Ал, сіз бен біздің сезіп жүрген иісіміз — химиялық хошиістендіргіштер мен бояу. Олар адам ағзасына қатерлі ісік қаупін туғызады»,-деп өз зерттеуінде атап өтті Тұрар Наурызбайқызы.
Қалташадағы шайлардың сапалы қағазға оралуы маңызды. Жібек-қағаздан жасалған қаптамалар адам денсаулығына зиянды емес. Көптеген компаниялар қаптама ретінде синтетикалық қағаздарды қолданады. Бұл да адам ағзасына зиян. Қаптамадағы шайға арналған қағаздарды өндіретін компаниялардың барлығы дерлік эпихлоргидринді қоса бермейтінін атап өту керек. Алайда сіздің сүйіп ішетін шай маркасында бұл заттың қолданыс тапқандығын анықтау қиын, өйткені оралынған қаптамасында бұл көрсетілмеген.
Шайдың сапасын қалай тексереміз?
Ол үшін қалташадағы шайды салқын суға салып көріңіз. Су тез-ақ қызылға боялса, демек сіздегі шәй - боялған. Оның сапасы нашар, дәмі де онша емес. Бояғыштар мен хошиістендіргіштер салқын суға да шыға береді. Түсі, дәмі, иісі тек ыстық суда шығатын шайлардың сапасы жоғары деген сөз.
Егер де пакеттегі шайды ішпеске амалыңыз қалмаса, мына бір ережелерді жадыңызда ұстағайсыз: Шай сатып аларда қорап сыртындағы жазумен мұқият танысып шығыңыз. Қораптағы жазу «Made in China» немесе «Made in Sri-Lanka» болса – жасанды. Дұрысы: Packed in Sri-Lanka деген жазу.Егер пакет жасанды жібектен, нейлоннан немесе жүгері крахмалынан жасалса, ол – сапалы өнім. Ал қағаз пакеттегі шайдың дәмі де, сапасы да төмен болады. Пакеттегі шайды шығарғанда оның түсі мөлдір болу керек, егер олай болмаса, сапасыз тауардың белгісі. Сондай-ақ, өзге де хош иістер мен желімнің дәмі болмауы тиіс. Сондай-ақ, шайдың құрамында белгілі бір мөлшерде фтор болады, ол адамның сүйектері мен тістерін бекітеді. Егер фтор мөлшерден артып кетсе, тісіңізбен қош айтыса беріңіз. Себебі, американдық зерттеушілер пакеттегі шайда фтордың көп болатынын дәлелдеп отыр


Қорытынды
  Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Дегенмен әжелеріміздің шайды қалай ішкенін, сары шәйнекті шоққа көміп, бұқтырып, қалай баптап құятыны ұмыт болып бара жатқаны қынжылтатын жайт.  Шай ішудің де ешкімге ұқсамайтын қазақы дәстүрі бар. Бірақ, сол дәстүрдің ауылынан алыстап бара жатқандаймыз. Себебі, күнделікті өмірімізге пакеттегі шай дендеп ене түсуде.Кез- келген ортада, дәмханаларда ,кез келген орында көлге қармақ салғандай қылып, кесеміздегі қайнақ суға сол «бір реттік» өнімді малып, қасықпен езгілеп, бояуын ішіп отыратындар саны көптен – көп. Қалташықтағы шайға сұраныстың артуына не себеп болып отыр? Қалташықтағы шайға тәуелді жандар саны көбеюде. Жалпы, қалташықтағы шай дегеніміз – шайдың тозаңынан, қалдықтан жасалатыны ешкімге құпия емес болды. Осы шайдың адам ағзасына әкелетін зиянын білген менің сыныптастарым және оның отбасылары ойланатын шығар деп үміттенемін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
Савельевских А.В. «Чай. Книга о том, как наслаждаться вкусом настоящего чая», 2005.
Иофина И. О. «Шай мен кофе», 2005.
Ахметова А. Қ.. «Барлығы шай туралы», 1989.
Журнал «Домашний очаг», 2006
Интернет көмегі