Технология саба?ында с?ндік ?олданбалы ?нерді ?йрету.


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ.
style.rotation Сабақтың тақырыбы: СандықТЫ ӨРНЕКТЕП,ӘРЛЕУ технологиясы Мақсаты: 1.Оқушылардың сәнді қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу. 2.Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту. 3.Оқушыларды төзілімдікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.





ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ ТОППЕН ЖҰМЫС ЕРЕЖЕСІ ЖАҢА САБАҚ1. Сандық – ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады.2. Сандықтың шығу тарихы: Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою - өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Сандық киім кешек. Әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді - кішілі «қол сандық», «әбдіре», «жағдан», «кебеже»т. б түрлері көп. 3. Қолданылуы: Сандық киім – кешек салу үшін қолданылады. Сандықты қыз ұзатқан кезде артынан киім-кешегін салып апарғанға қолданады. Қазіргі кезде осы салт - дәстүріміз қалған жоқ.Сандықтың түрлері:Қол сандық: Бұл Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп тараған бұйымның бірі. Қол сандық бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса қол сандықтар бойжеткен қыздар мен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Бұған қыздың жүзік, сырға, білезік, уақ-түйек бұйымдарын, боянатын опа заттарын салатын болған. «Кебеже»- тамақ азық – түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасалатын ағаш сандықтың бір түрі.«Жағдан»- қажетті сапалы былғары мен күмістен қапталған. Оларды табу оңай болмағандықтан, оны тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап өз қолдарындағы материалдарын беріп жасатқан.Сандықты әшекейлеу: Сандықты жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл немесе жасыл, көк бояулармен боялып, бет жағы ою өрнектерді кесу арқылы сүйек пен безендірілген, ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен әшекейленген. Оның аспа құлыппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген. Көбінде ою - өрнек салып сәндеген. Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері өте көп. Жан – жануарлардың дене мүшесіне байланысты, табиғатқа құстарға, геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер көптеп салынады.Соның ішінде «Қошқар мүйіз, кемпірқосақ, тышқан із» т. б«Қошқар мүйіз» өрнегінің символдық мәні бақыт – береке, байлық, молшылық.«Кемпірқосақ» ою – өрнегі бірнеше түстен жинақтар жасап, алма кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар, көк түс аспанның, ақ - ақиқаттың, қуаныштың, сары - ақыл парасаттың, жасыл - жастықтың, көктемнің символы. 2.Дайын шаблонды пайдалана отырып бұйым жасау.оны әрлеп,өрнектеу.а.Сандықтың алдыңғы және екі жақ бөлігін әрлеу және әшекейлеу.ә.Әшекейлеп болған соң сандық пішінін жасап, құрап шығару. ІҮ. Қорытынды ТЕСТ ЖҰМЫСЫСәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеуге арналған тест сұрақтары ЖАУАПТЫ ТЕКСЕР1-Б2-Б3-В4-А5-Ә6-В7-А8-Б9-В10-А БАҒАЛАУ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫҚолда бар бұйымдардан кәдесый бұйымдарын жасап әкелу. Назарларыңызға рахмет! Алқа ою-өрнектері
style.rotation
Төртқұлақ және төртбұрышты ою-өрнектері
Төртқұлақ және төртбұрышты ою-өрнектері
Төртқұлақ және төртбұрышты ою-өрнектері
style.rotation
Бесжапырақты және бесбұрышты ою-өрнектер
Бесжапырақты және бесбұрышты ою-өрнектер
style.rotation
Бесжапырақты және бесбұрышты ою-өрнектер
style.rotation
Алтыжапырақты және алтыбұрыш ою-өрнектер
style.rotation

Шетою өрнектері
style.rotation
Шетою өрнектері
style.rotation
style.rotation 1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 2. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. 3. Ою ойсаң ойланып, Өсер сенің өрісің.4 .Кедейлік деп қысылма, Өнерің болса қолында.5 .Өнер таусылмас азық, Жұтамас байлық.6. Еңбек үйренемін десең ерінбе, Өнер үйренемін десең жерінбе.7. Талаппен бастап талғаммен аяқта.
8. Бас тымақтың үлгісі, Өнер еңбектің жемісі. 9. Шебер өлмес , өнер сөнбес. 10. Қол өнері кілемде, Сөз өнері өлеңде. 11 Олақ адам от жаға алмас. 12 Шеберді жеңген жұмыс жоқ. 13 Сабыр мен еңбек бәрін де жеңбек. 14 Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.Әлемді он сегіз мың киіндіріп,Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (Ине) Екі басты жалмауыз, Керіп аузын ашады. Алдына түскен нәрселер, Өзінен өзі қашады. (Қайшы)