Т?ртіп м?дениеті. Та?ырыбы: Киімдерді к?ту


Тақырыбы: киімдерді күтуМақсаты:Білімділік мақсаты: киімдер туралы түсініктерін кеңейту,олардың атын, атап, қандай материалдан жасалғанын және не үшін керек екенін айтып тани білуге үйрету. Киімдердің түстері, пішіндері туралы түсініктерін қалыптастыру.Түзете-дамытушылық мақсаты: балалардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту. Танымдық қабілеттерін жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.Тәрбиелік мақсаты: қарым-қатынас дағдысын жетілдіру, киімді таза, әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Әдісі: амандасу тренингі, балалардың киімдерін сипаттау, дид.матер, ойындар, қимылды ойындар, т.б.Сөздік жұмысы: киімдер, бас киім, киім дүкені, малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке, т.б.
Дефектологтың іс-әрекеті:
Сабақтың барысы1. «Амандасу» тренингі.
Жарқырап күн де, ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену,
Жаөсылыққа қол жеткізу.
«Сәлемдесу» ойыны.
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлерің, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасамыз. Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен, арқамен.
2. Тыныс алу жаттығулары. «Шалғын»
Терең дем алып үрлеу арқылы жаттығуларын жасау.
3. Жаңа сабақ
Киімдерді күту.
Киім,аяқ киімді таза ұста, көйлек, костюм, шалдабрлар әрқашан үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықты таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сқрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтар өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылшықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады. Жуар алдында бұйымдарды мата түріне түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды былғайды. Жуар алдында бұйымдардың қалталарын босат. Боялған мақта, кенеп, маталарды 60 градус сумен жуу қажет.
Киімдерді күту ережелері.
Киімдерді таза ұстау керек.
Әрадйым жуып отыру керек.
Үтікпен үтіктеп отыру керек.
Сөреге әдемілеп, бүктеп жианап қою керек.
Киім үтіктеу құпиялары.
Ең бастыс үтіктейтін киім –таза болуы шарт. Үтіктемесе бұрын киімнің тесіктері болса, жамап-жасқап қою керек. Әйтпесе, ыстыққа киім созылып, жыртығы ұлғайып кетеді. Жуылған заттар қатты кеуіп кетпесін. Қаудырлап кепкен болса, кір үтіктейтін үстелге ақ жайманы сулап, дымқыл күйінде жайып, соның үстіне үтіктейді. Дымқыл күйінде жинап қойған заттар иістене бастаса, сірке суы құйылған суда қайта жуып, әбден шайқаңыз. Жібек киімді ішкі жағынан ыстықтау үтікпен үтіктейді. Су бүркуге болмайды. Су тиген жерлері бүріліп, қыртыстар пайда болады. Зығыр және мақатадан тігілген киімді дымқыл кезде үтікпен сыртқы бетінен үтіктейді. Жүн матадан тігілген заттар тез отырады. Сол себепті ішкі жағынан сулы шүберекпен үтіктейді. Томпайып тоқыған өрнектері бар киімдерді жұмсақ нәрсенің үстіне қойып, шүберек жауып, қатты баспай, суретінің бағыты бойынша үтіктейді. Терезе жапқыштарын жақсылап керіп, түйреуіштермен қыстырып қойып үтіктеген жөн. Синтетиканың ыстық үтікпен пырысып қалатыны бар, сақ болу керек.
Барқыт пен мақпалды ілулі күйде, теріс жағынан су бүркіп, үтіктеп жанамалап қана жүргізіп отырған жөн. Мұнда үтіктен гөрі, ыстық будың ықпалы қызмет атқаратын есте болсын. Буға бөккен кезед ғана мата талшығы өз қалпына келеді. Киімнің желбірлерін алдымен шет-шетінен, содан соң тұтастай үтіктеп шығады. Қиықтай пішілген заттарды тоқылған жібінің ұшына бойын қуалап үтіктеген болар.
Сырт киім күтімі.
Қыста киетін сырт киімдердің тазалығы мұқият болу қажет. Көпшілік күн суықта киетін киімдерді жиі ауымстыра бермейтіні белгілі. Қысқы киімдер бағалы теріден тігіледі, әрі оны кірлесе жуа салу қиын.Осыған байланысты төмендегі кеңестерді ұсынамыз. Теріден тігілген киім немесе бас киімді шешкен соң, қар ұшқындарын немесе жаңбыр тамшыларын кетіру үшін сілкіп жібереді. Пальтоны және басқа да сырт киімді ұйпаланып қалмай, біртегіс кебуі, сондай -ақ созылып қалпын жоғалтпауы үшін ілгішке іліп қою керек.Бір пальтоның үстіне екінші пальтоны ілуге болмайды. Егер тері ұйпаланып қалса, оны жоғары жағынан бастап арнайы темір тарақпен немесе тісі сирек кәдімгідей тарақпен тараған жөн.
Тері тондар.
Теріден тігілген киімдерді салқын жерде сақтайды. Егер суық болса, тері кеуіп, қатайып өңі бұзылады. Жарықтан, әсіресе кү.н сәулесін тері тез оңады. Сарғайған теріні үй жағдайында тазарту өте қиын. Тым қатты ластанбаған және май тамған былғары киімдерді үй жағдайында тазалауға болад. Жаға жұққан май дақтарын бензинге батырлған таза шүберекпен тазалайды. Тым қатты ластанбаған теріні түктің бағытымен, түгі қысқа терілерді түктің бағытына қарсы сүрту керек. Содан соң түкті кептіріп, тісі сирек тарақпен тарайды. Теріге тиген май, тер дағын мүсәтір спиртіне 3 шай қасық ас тұзын ысқылап, содан соң оны кептіріп тарайды. Ақ түсті терілерді картоп ұнымен тазалап, одан соң жақсылап сілкіп тараған дұрыс.
Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.
Аяқ киім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей /табан пішіні және өлшемі/ болуы қажет.
Аяқ киімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
Аяқ киім жеңіл, иілгіш. Жұмсақ болғаны дұрыс.
Аяқ киім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. / өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омытрқа жотасы қисаяды/
4.Саяхатқа шығу.
-Мынау қандай киім, қалай аталады?
-Түсі қандай, неден тігілген? Осындай киімнің түрлерін көріп танысу үшін «Киім дүкеніне» саяхатқа барайық. Ол үшін жылы киінуіміз қажет, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Шалбардың бір балағын,
Содан соң екінші балағы
Енді белді көтерелік әдемі
Күртенің оң қолы,
Күртенің сол қолы.
Түймеледік жоғарыдан – төменге. Ал енді етік кидік, жорыта жолға шықтық.
-гу-гу-гу деген дыбыс шығады бұл ненің дауысы?
-балалар қазір біз кемеге отырып, жағалаудағы дүкенге барамыз.
-балалар біз дүкенге келдік.
-мынау киім сататын дүкен, сөрелерде түрлі киімдер тұр сендерге таныстырайын. Мынау қыздарға арналған көйлек, мынау тон, мынау шалбар, мынау бас киім, мынау етік, бәтеңке т.б.
-балалар мынау кім?- дүкенші
Дүкеншімен амандасайық.
-дүкенші апайдан киімдер сатып алайық, мына күрте қанша тұрады?
-маған беріңізші?
-мына бас киім қанша тұрады?
-ал мына етік қанша тұрады?
-барлығы қанша болды?
-ал енді барлығымыз қызықты ойын ойнайық.
5. Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»
Мақсаты: балаларға өздеріңнің киімдерін кигізіп, түсін тануға және оларды тез арада киюге дағдыландыру. Шапшаңдылыққа, ептілікке, ұқыптылыққа баулу. Балалар енді кемеге отырып тобымызға қайтайық.
Фонематикалық жаттығу: гу-гу-гу
Логоритмикалық жаттығуы:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Қол моторикаларына арналған жаттығулар.
6.Дәптермен жұмыс.
-ал бізге Дымбілмес келді. Сендер оған 2-тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?
-ия, көмектесеміз.
-тапсырманы тыңдаңдар. Берілген сөздердегі жоқ әріптерді тауып, сөз шығару.
Қ...лақшын, ет...к, к...йлек, бәте...ке.
-балалар, тақтаға қарап, тапсырманы тексерейік.
7. Келесі тапсырма. «Ойнайық та, ойлайық» деп аталады. Тәуелдік жалғауын қайталайық. Мұғалім допты лақтырып, « менің қолғабым», «сенің қолғабың», «оның қолғабы», ары қарай балалар өздері қайталайды.
8. Көзеріне арналған жаттығулар.
9. Суреттермен жұмыс.
Сабағымызды ары қарай жалғастырамыз. Дүкеннен сатып алған киімдерімізді әдемілеп бояйық.
10. «Щеткалар» ойыны.
Щетка, щетка, щеткалар
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады,
Бірі кірді жуады.11. Қорытынды.
-сабақ сендерге несімен ұнады?
-не білдіңдер бүгінгі сабақтан?
-қандай киімдермен таныстық?
12. Бағалау.
13. Үйге тапсырма.
Аяқ киімнің суретін салып келу.