Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?


Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, проблемалы, мадақтау1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз теледидар арнасындағы «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» бағдарламасының жүру барысымен өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз-халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлына тәрбиелеу.
2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарих, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен,тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
1-жүргізуші: Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі.Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының,қиялының шамасын білдіреді.Онда халықмыздың ой-қиялы дамуының ізденістерінің ізі жатыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өткелі отыр.Сайысқа қатысушылар: Имансеріков Орынбек, Сейтжапарова Малика, Аманғазы Ризат, Ерланов Ерзат,Зейнелгабдулов Айбол, Саметов Дильмухамет. Енді қазылар алқасын сайлап аламыз.
Олар_______________________________________________________
Жарыстың шарты:
1.Мақал-мәтелден жарыс
2.Жұмбақ шешуден жарыс
3.Жеңімпаздардың өзара сайысы.
4. Ақтық сайыс
1-жүргізуші: «Мақал-сөз атасы» дегендей ортамызға мақал-мәтел сайысына қатысушыларды шақырамыз.
2-жүргізуші: Жарыстың бірінші шарты:
Мақалдың жалғасын тап деп аталады. Мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын,сендер ары қарай жалғастырасыңдар.
Көз жетпеген жерге (сөз жетеді)
Жарлы болсаң да (арлы бол)
Тілмен байланған (қолмен шешілмес)
Тілде сүйек жоқ (таста тамыр жоқ)
Тіліңменен жүгірме (білімменен жүгір)
Тіл буынсыз (ой түпсіз)
Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)
Тілден асқан байлық жоқ (тілден терең теңіз жоқ)
Піл көтермегенді (тіл көтереді)
Көп қорқытады, (терең батырады)
Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені (емен ағашының иілгені сынғаны(
Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)
Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді, (атадан жаман ұл туса,елінің малын жейді).
Өз білмегеніңді кісіден сұра, (үлкен жоқ болса, кішіден сұра).
Жақсы байқап сөйлер, (жаман шайқап сөйлер)
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа ,(Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа).
Отан оттан да( ыстық)
Отансыз адам –( ормансыз бұлбұл)
Адам досымен,( ағаш тамырымен мықты)
Досы жоқ адам – (тұзы жоқ қадам)
2-жүргізуші: Енді ұпайы аз ойыншымызбен қоштасамыз,рахмет сізге,орыныңызға баруыңызға болады.
1-жүргізуші: Жарыстың екінші шарты:
Жұмбақтың жалғасын тап деп аталады. Мен жұмбақты оқимын,сендер дұрыс жауабын табасыңдар..
1-жүргізуші: Енді ұпайы аз ойыншымызбен қоштасамыз,рахмет сізге,орыныңызға баруыңызға рұқсат.
2-жүргізуші: Жарыстың үшінші шарты:
Енді мына сөздерді мақал-мәтелдер құраңыздар.
1. Дос 1.Еріншек 1.Тіл
2.Арпа,бидай 2.Білім 2.Той
3.Бірлік,тірлік 3.Отан 3.Өтірік
4.Жер 4.Әдептілік 4.Гүл
5.Жақсы, жаман 5.Әке 5.Жігіт
Қатысушылардың ұпайын санау, ұпайы аз 1 мақалшы ойыннан шығады.
2-жүргізуші: Жарыстың төртінші шарты:
Үй тапсырмасы. Әр оқушы өздері дайындап келген мақалдары мен жұмбақтарын айтады.
1-жүргізуші: Ортаға жеңімпаз мақалшы мен жұмбақшының шешуін жұмбақшы табады,мақалшы сол сөзді қатыстырып мақал құрайды.
1-жүргізуші.1.Жұмбақ:
Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.
(Қара жермен ақ қар)
Мақал:
Қалауын тапса,қар жанар.
2-жүргізуші.2.Жұмбақ:
Жер астында,
Жездемнің қамшысы жатыр.
(Жылан)
Мақал:
Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
1-жүргізуші.3.Жұмбақ:
Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер
(От)
Мақал:
Отан оттан да ыстық,
Отан үшін отқа түс күймейсің.
2-жүргізуші.4.Жұмбақ:
Өзі тоқ,көлеңкесі жоқ.
(Құдық)
Мақал:
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Қатысушылардың ұпай санын есептейді.Енді сөзді қазыларға береміз.
Жеңімпазды марапаттау кезеңі.