Д. И. Менделевті? ?ылыми жетістігі. Периодты? за?ны? ма?ызы


Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні Хожаметова Венера №11 орта  мектебіСыныбы8 «Б,В» 25 сабақКүні: 30.11/ 2/ 5.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы
Сілтеме Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , 8 сынып. Менделеевтің периодтық жүйесі.
Жалпы мақсаты Д. И. Менделевтің ғылыми еңбектерін түсіндіру, периодтық заңның маңызын түсіндіру
Күтілетін нәтиже периодтық заңның маңызын және Менделеевтің ғылыми жетістіктерін білетін болады.
Негізгі идеялар Металдық, бейметалдық қасиет, энергетикалық деңгей, ауыспалы элементтер.
Құрал-жабдықтар:
Химия оқулығы 8, периодтық жүйе
Сабақтың түріЖаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдерСұрақ - жауап, талдау, жинақтау, жеке жұмыс, оқулық пен жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалімнің іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылардың сабаққа даярлығы
-Оқушыларды түгелдеу
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Ой қозғау:
Менделеев периодтық жүйені қандай ұстаныммен құрастырды?
Қазіргі кезде периодтық жүйенің қандай заңдылықтары белгілі?
Элемент топтары қандай топшаларға бөлінеді?
Периодтарда элементтер қасиеттері қандай бағытта қалай өзгереді?
Топтарда элементтер қасиеттері қандай бағытта қалай өзгереді?
Элементтің атомдық нөмірі олардың атомдық құрылысымен қандай байланысады?
Период нөмірі бойынша элементке қандай сипаттамалар беруге болады?
Топ нөмірі бойынша ше?
16-кесте бойынша кремний элементіне сипаттама беріңдер.
ІІІ. Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс:
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.
«Д. И. Менделевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы.»

Мәтінмен таныстырып шығады.
Сынып жұмысы
І тапсырма: Атомдық нөмірлері 7, 12, 17, 23, 30, 35, 41, 37, 18, 15, 22, 24- элементтерді топтар бойынша орналастырыңдар. Және оларға сипаттама беріңдер.
IҮ.Қорытынды бөлім
Тақырып бойынша сұрақтар қою
Менделеев әлі ашылмаған элементтерді болжағанда неге сүйенді?
Химияны дамытуға өз үлестерін қосқан Қазақстандық ғалымдар кімдер?
Химиялық ашылулардың қандай падасы және зыяны бар?
Үйге тапсырма: §24 оқып келу.
Бағалау:
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылар бүгінгі сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алады. Сабаққа дайындалады.
Оқушылар берілген сұрақтарға өз жауаптарын айтады.
Оқулықпен жұмыс жасайды, тапсырманы бірінші орындаған оқушылар жұмыстарын тақтаға жазады.
Берілген сұрақтарға ауызша жауап береді, және жауаптарын талдайды