Саба? жоспар ?леуметтік т?рмысты? ба?дар 8 сынып


Әлеуметтік тұрмыстық бағдар. Үйде оқытылады. 11.01.2017 ж.
8-сынып 17 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жан шуағы.
Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 
Сабақтың көрнекілігі: Журналдар, суреттер. 
Сабақтың барысы: а) Оқушының көңіл – күйін сұрау
ә) Оқушыны сабаққа дайындау
б) Үй тапсырмасын сұрау
в) Сұрақ – жауап
г) Өткен сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ:  Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандақта ешқашан жерде қалмақ емес. «Жақсылық жаса да суға ат; балық көрмесе халық көреді, халық көрмесе де халиқ, яғни жаратушы көреді» - деген даналық сөз бекерге айтылмаса керек. Тағдырдың бұл сырын дәйектейтін оқиғалар санасы ояу жандарға күнделікті өмірде жетерлік-ақ.Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Жақсылық жан шуағы» 
 «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - деген екен халық. Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер. Мақал – мәтелдерді жалғастырады. 1. Жақсы сөз – жан семіртер. 2. Жақсылық жан жадыратар. 3. Жақсылық суға батпас, Бір шығар, тегін жатпас. 4.Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді. Жаңа ақпарат «Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды». 
Үйге тапсырма:   Жақсылық туралы мақал - мәтелдер жаттау .
Қорытынды.