Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба? (ойын)


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (ойын)
Мақсаты:1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: презентация.Өтілу барысы:Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.Бұл сайысқа екі топ қатысады:1. «Сұңқар» тобы.2. «Тұлпар» тобы.Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)2 - бөлім: «Мақал – сөздің мәйегі»(тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)1 – топқа:1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)3. Бала – бауыр,... (дос – тамыр)4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)5. Жері байдың –... (елі бай)2 – топқа:1. Ақыл – азбайтын кен,.... (білім – тозбайтын тон)2. Жолдас қадірін жорықта білерсің,... (дос қадірін соғыста білерсің)3. Бала – қымбат,... (немере - ыстық)4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)5. Өз елім –... (өлең төсегім)3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:Тұрғанмен жырақ өзі,Таусылмайтын шырақ көзі (Күн)Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.1. Жұмбақ:АсырағанЕл жұртты –Жез мұртты. (бидай)Мақал: Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.2. Жұмбақ:Жайған жастық сөгілді,Аппақ мамық төгілді. (Қар)Мақал: Қалауын тапса қар жанар.3. Жұмбақ:Желден желігедіСудан шегінеді. (От)Мақал: Отан оттан да ыстық.4. Жұмбақ:Жылт - жылт етедіЖылғадан өтеді. (су)Мақал: Судың да сұрауы бар.5. Жұмбақ:Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.6. Жұмбақ:Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.4 – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»Мұғалім: Бұл бөлімде көбейту кестесін дұрыс шешу арқылы, ұлағатты сөздерді табу керексіздер.1 топқа.Мектептің жүрегі – мұғалім.М – 100, і – 96, е – 64, л – 72, к – 81, а – 93, т – 78, п – 92, ғ – 76, ң – 74, ұ – 87, ж – 108, г – 160, ү – 130, р – 110.25 * 4 -------- 16 * 4 -------- 27 * 3 -------- 39 * 232 * 2 -------- 46 * 2 -------- 26 * 3 --------- 24 * 437 * 2 -------- 27 * 4 -------- 65 * 2 -------- 55 * 28 * 8 ---------- 32 * 5 -------- 48 * 2 --------- 20 * 529 * 3 -------- 38 * 2 -------- 31 * 3 --------- 24 * 332 * 3 -------- 10 * 102 – топқа.Мектеп – кеме, білім – теңіз.З – 100, м – 96, і – 64, л – 124, к – 72, ң – 81, т – 160, е – 128, п – 92, б – 135,32 * 3 ---------- 64 * 2 -------- 36 *280 * 2 ---------- 16 * 8 --------- 46 * 224 * 3 ---------- 32 * 4 --------- 48 * 2128 *1 ---------- 27 * 5 --------- 16 * 462 * 2 ----------- 32 * 2 --------- 24 * 440 * 4 ------------ 2 * 64 --------- 27 * 38 * 8 ------------- 25 * 4Жеңген топты марапаттау.Қорытынды.