11-сынып ?аза? тілі ?леуметтік-саяси мазм?нда?ы шешендік


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік-саяси мазмұндағы шешендік
Сабақтың мақсаты: аәлеуметтік саяси мазмұндағы шешендіктің өзіндік ерекшелігін түсіндіру, негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету;
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: лекция түрінде, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
Шешендік сөзге қандай талаптар қойылады?
Шешендік сөзге қандай стиль түрлері тән?
Шешендік сөздің сапасы қандай үш мәселеге назар аударуы қажет?
(сөйлеу стилі, сөзге қойылатын нег.талаптарды сақтауы, сөз мәнерлілігін арттыратын құралдарды қолдануы)
А.Байтұрсыновтың жіктеуі бойынша көркем сөздің сыны қаншаға бөлінеді?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздерге саяси шолушылардың, радио мен теледидар шолушыларының сөздері, саяси тақырыптағы баяндамалар, митингіде сөйленетін сөздер, әскери-патриоттық сөздер жатады. Әскери-патриоттық тақырыптағы шешендік Отан қорғауда сарбаздардың рухын сергіту үшін қолданылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Б.Момышұлы сияқты қолбасшылардың сөзге тапқырлығы мен алғырлығы жауынгерлерді жеңіске жігерлендіріп, Отан үшін аянбай соғысуға шақырған. Жалынды ақын Ж.Жабаевтың "Ленинградтық өренім" атты өлеңі де осындай мақсатта жазылған.
IV. Оқулықпен жұмыс
30-тапсырма.
Ә.Кекілбаевтің сөзін қазіргі шешшендіктің қай түріне жатқызуға болады? Тақырыбын және айтылған мәселелерді анықтаңыз. Шешен сөзіндегі метафораларды, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді табыңыз.
Тапсырма
Берілген мәтіндегі соңғы абзацты сөйлем мүшелеріне талдау.
V. Бекіту
Әлеуметтік – саяси мазмұндағы шешендікке қандай сөздер жатады?
Қандай ақындардың өлеңдері мен мақалаларын мысалға келтірер едің?
VI. Үйге тапсырма: 31-тапсырма. VIІ. Бағалау