Тапсырма т?рлеріні? ??рылымы мен оны орындауды ба?алау


Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Милісай ауылы,
«С.Мәуленов атындағы орта мектебі» КММ-нің
математика пәнінің І санатты мұғалімі
Балдикова Анаргүл Бақытжанқызы
Тапсырма түрлерінің құрылымы мен оны орындауды бағалау.
Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда.
Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та бір ғана оқудың арқасында аламыз жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз –оқу.
Надан жұрттың күні – қараң,келешегі тұман.
М.Дулатов
Математиканы оқып үйрену адамның ақыл-ойының дамуына да үлкен әсер етеді. Оқушы математиканы оқып білу барысында ғылыми таным әдістерін игеру негізін логикалық ой қорытуға, өзінің ойын дәлелдеп жеткізуге және берілген ереже бойынша әрекет етуге, өз жұмысын жоспарлауға оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіруге, түрлі геометриялық формалар мен симметрия идеяларын қабылдауға үйренді. Математиканы оқытудың қажетті дамытушылық мәні іс-әрекет тұрғысына келумен жүзеге асыру идеясы бұрын да белгілі болғанымен, оның негізгі қағидалары практикада қолданылады.
Математикада қолданылатын ой қорыту тәсілдерін беру ғана емес, оқушыларды математикалық фактілерді өздігінен ашуына, оларды дәлелдей білуге, сондай-ақ есептерді өз бетімен шығаруына жағдай туғызатын педагогикалық ситуациялар жасау болып табылады. Оқушылардың көпшілігі күнделікті сабақтағы қолдана білетін дағдыларын пайдаланып есептерді ретімен орындайды. Жоғары деңгейдегі есептерді барлық оқушылар игере алмайды сондықтан оны меңгеруді барлық оқушыдан талап ету қажет емес......
Оқушыны теориялық материалдарға талдау жасатқыза отырып, өз бетімен іздене білуге баулу, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Педагогика ғылымында оқу процесін оқушылардың материалын меңгеру дәрежесі бойынша үш сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан.
I деңгей: Түсіну деңгейі – мұғалімнің айтқанын кері айтып бере алады, тапсырманы үлгі бойынша орындайды.
II деңгей: Логикалық ойлау деңгейі – мұғалімнен алған ақпаратты оның меңгерген, тапсырманы өз бетімен орындай алады.
III деңгей: Шығармашылықпен ойлау деңгейі – оқу материалдарын меңгеріп қана қоймай, қосымша материалды өзі пайдалана біліп, тапсырмаларды да өз бетімен орындай алады.
Оқушының білімін қадағалап, бағалаудың үш түрі бар:
Ауызша сұрау.
Жазбаша бақылау.
Тестік жұмыс.
Ауызша сұрау әр сабақта жүргізіледі, әуелі өткен материалды тексеру және қайталау, соңында білімді бекіту. Ауызша сұраған кезде құралдар, үлгілер, кестелер қолданылады. Оқушы әрібір сабақта өткен материал бойынша өз білімі мен біліктілігін шыңдай отырып, математикалық теорияны өз бетімен түсіндіре білуді бойына қалыптастырады, әрі жауабы үшін баға қойылады.
Жазбаша бақылау жұмыстарында әдетте үш мәселе енеді.
Теорияны білуі мен шамаларды есептей білуі.
Білімді керек жағдайда қолдана білуі.
Шешімге шығармашылық қадам жасауы.
Жазбаша бақылау жұмыстарына ерекше талап қойылады. Оған қарапайым жағдайларды таңдап алды. Бақылау жұмыстарында мына ережелер басшылыққа алынады.
Бақылау жұмыстарының есептері онша қиын болмау керек. Есеп оқушының шынайы білімін көрсететіндей таңдап алынады.
Есептердің мазмұны анық нақты болуы қажет. Түсініксіз терминдер болмауы керек.
Тест- оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі.
Тестті құрастыру қиын да көп уақыт алатын жұмыс, бірақ ол оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік берумен аяқталады.
Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары қысқа және қарапайым болуы қажет. Қарапайымдылығы оқушының тапсырманы орындау тездігімен бағаланады.
Тапсырманың сұрағынан оқушыға қандай амалдарды орындап, қандай тәсілді қолдана білу керектігі айқын болуы тиіс.
Дұрыс жауап біреу ғана болады. Кейде бір де бір дұрыс жауап болмауы да мүмкін.
Тест бірнеше нұсқада жасалынатын болса, оның қиындық дәрежесі шамалас болып, тапсырма сұрақтары бірдей мазмұнда болғаны пайдалы.
Тест тапсырмалары оқу бағдарламасындағы оқушылардың «Математикалық дайындығына қойылатын талаптар» мазмұнына сәйкес алынады. Тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары, қабілетті оқушылар үшін арнайы есептер мен сұрақтар енгізуге де болады. Барлық оқушының шамасына лайықты тапсырмалар таңдап алу білімі нашар және орта дәрежедегі оқушылардың өз ісі мен біліміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген ынтасын арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен бір тақырыпты немесе тарауды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау құрылады.
Тест материалдары екі деңгейде құрылады.
Міндетті оқу нәтижесі талаптарына сай деңгейдегі бөлім.
Қиындық дәрежесі жоғарырақ, оқушының алған білімін жаңа жағдайларға қолдана білуі мен шығармашылық іс-әрекеттерді қажет ететін деңгейдегі тапсырмалар.
Тест бойынша білімді анықтау үшін оқушыларға тест сұрақтарымен бірге жауап қағазы да беріледі. Оқушы сұрақ қағазынан дұрыс жауапты таңдап алады да жауап қағазындағы сұрақтың тұсына өзі дұрыс деп тапқан әріпті белгілейді.
Оқушы білімін бағалаудың екі жолы бар.
Процентпен;
Ұпай санымен
Тестке енген сұрақтардың дұрыс жауаптарының процентіне қарай оқушы білмін мынадай ретпен бағалауға болады.
10%-50% -«2»
51% -70% - «3»
71% - 90% - «4»
91% - 100% - «5»
Оқушы білімін ұпай санымен бағалау үшін әрбір сұрақ бір ұпаймен бағаланады.
Мысалы сұрақтар саны 20 болса, әрбір баға 5 ұпаймен есептелінеді.
0-5 – «2» баға
6-10 – «3» баға
11-15 - «4» баға
16-20 – «5» баға