Ж?мба?тар сыры ?ылыми жоба


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!  Дүниенің ең басты жұмбағы – адам.Қадыр Мырза Әлі Тақырыптың мақсат-міндеттері:Жұмбақтардың мән-мағынасын ашу; Жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың асыл мұрасының тигізер әсерін және қазіргі заманда жұмбақтардың қолдану аясына нықтау.Қазақ жұмбақтарының құрылысы, айтылуы мен мазмұны жағынан және түрлеріне топтастыру. Кіріспе Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән-мағынасының артып отырғандығында. Негізгі бөлім Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Ол халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрі және барлық жұрттың фольклорына ортақ дүние саналады. «Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай шыққан», - дейді Мәлік Ғабдуллин. Қазақ жалпы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген Қадірменді аналар шешендер ақындар Данагөй қарттар билер