Ашы? саба? та?ырыбы: Абылай ханны? саясаты


Қысқа мерзімдік жоспарСыныбыКүні: 15.04.
Сабақтың тақырыбы
Қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан саясаты
Мақсаты
Абылайдың өмірі және қызметімен танысып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын біледі.
Күтілетін нәтижелер
А.ХҮІІІ ғасырдың 50-жылдарындағы қытай-жоңғар қарым-қатынасында Абылай ұстанған саясаттың мәнісін айта алады.
В. Ресей мен Қытайдың билігін мойындай отырып, Абылай хан қалайша қазақ жерінің тәуелсіздігін сақтап қалғандығын нақты дәлелдермен талдай алады .
С. «ХҮІІІ ғасыр оқиғалары қазақтың ұлттық санасын оятты» дегенді түсіндіреді.
Керекті жабдықтар
Қазақстан тарихы 10 сынып,авторлары: Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Е. Қалиева, Т.Далаева, электрондық оқулық, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фломастер, бейнеролик, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте, интернет материалдары.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
КіріспеАмандасу
Сыныпты түгендеу
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Үйге берілген тақырыпты «Сұрақты ұстап ал» әдісімен сұрау. Оқушылар өзара сұрақ қояды. Мұғаліммен сәлемдесу;
Кезекшілік қызметін атқару;
Сабаққа зер салу
«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша мұғалім мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді, өзара бір біріне сұрақ қояды.
Тұсаукесер
Оқушыларды түстер арқылы екі топқа бөлемін. «Біздің тарих» бағдарламас бейнеролик көрсету арқылы оқушыларға бүгінгі тақырыпты тапқызамын.  
Оқушылар қызыл, жасыл түстер арқылы екі топқа бөлініп отырады.
Бейнероликті көріп бүгінгі тақырыпты табады.
Негізгі бөлім
Оқушыларға уикипедия беттерінен «Абылай хан» туралы мәлімет тауып жазып алуды ұсынамын.
Екі топқа таныстырылым жасауға тапсырма беремін.
І топқа тапсырма: «Абылай хан» туралы мәлімет.
ІІ топқа тапсырма: Абылай ханның саясаты және оның жүзеге асуы. Таныстырылым жасау үшін оқушыларға ресурстар беріледі. Барлық материалдарды ноутбукка салып дайындап қоямын(суреттер, мәтін, видео)
Оқушылар осы материалдарды пайдалана отырып таныстырылым жасайды және қорғайды.
«+- қызықты » әдісімен екі топ бірін бірі бағалайды.
Қосымша тапсырма:
«ХҮІІІ ғасыр оқиғалары қазақтың ұлттық санасын оятты» дегенді қалай түсінесіңдер?
Бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы.
Оқушылар ұялы телефондарымен уикипедия беттеріне кіріп қажетті материалды жазып алады.
Екі топ мүшелері берілген тапсырма бойынша таныстырылым жасайды және қорғайды. «+- қызықты » әдісімен екі топ бірін бірі бағалайды.
«ХҮІІІ ғасыр оқиғалары қазақтың ұлттық санасын оятты» тақырыбында топпен талқылайды. Топтан бір оқушы тұрып айтыды. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Қорытынды
«Қарлы кесек » әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын. Екі топ өзара сұрақтар дайындап лақтырады.
Сабақтың басында берілген табыс критерийлерімен оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру.
Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын
Үй тапсырмасы: «Кіші жүздің және Орта жүз хандары» хронологиялық кестесін жасау.
Сабақ соңындағы рефлексия «Бесаусақ әдісі» әдісі
Келген сұрақтарға топпен дайындалып жауап береді.
Сабақтың басында берілген табыс критерийлеріне қайта оралады. Әр оқушы табыс критерийлеріне қаншалықты жеткенін талдап, өзін-өзі бағалайды.
Оқушылар «Бессаусақ» әдісі бойынша бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктерін өздері бағалайды.