?МЖ Информатика М?тінді пішімдеуді? негізгі т?сілдері (6 сынып)


Тексерілді ДОІЖО
Сабақтың тақырыбы: № 18. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері Мұғалімнің аты-жөні: Дуйсембеков Д
Күні:
СЫНЫП: 6
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Мәтінді теру мен түзетудегі негізгі ережелер туралы таныстыру. Пернетақтада жоқ символдарды кірістіруді үйрету. Абзац, шегіністер мен интервалдарды қою, өзгерту, мәтінді пішімдеу туралы жалпы түсінік айту
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Мәтіндік процессорды іске қосады, құрал-саймандардың атқаратын функцияларын біледі.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Құрал-саймандарды қолданып, редакторда қарапайым мәтінді жазады және қріп өлшемдері мен символдарды енгізе біледі.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Түрлі көлемдегі мәтіндерді жазып, пішімдейді, мәтінді бағандарға бөліп күрделі текстерді тере алады.
Тілдік мақсат: Сабақта қолданылатын термин сөздер:
Мәтін, терезе, алмасу буфері, пішімдеу, меңзер (қазақ тілінде)
Текст, окно, буфер обмена, форматирование, курсор (орыс тілінде)
Text, window, copy buffer, formatting (ағылшын тілінде)
Ресурстар: Мәтіндік процессор World , электронды оқулықтар, проектор, ДК
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, геометрия
Алдыңғы оқу: Мәтінді редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Практикалық жұмыс.САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту. Оқушыларды топтарға немесе жұптарға біріктіру. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады) Мәтіндік процессордың мәтіндік редактордан қандай айырмашылығы бар?
Жанама мәзір деген не?
Қалып-күй жолы не үшін керек? Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Құжатты қарап шығу масштабын қалай өзгертуге болады? Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Word мәтіндік процессорын пайдаланып қандай құжаттар құруға болады? Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
Мәтінді теру мен түзетудегі негізгі ережелер туралы түсінік.
Символдарды мәтінге кірістіру жолдарымен таныстыру.
Орындалатын амалдар. Мәтіндік процессордыңдың батырмаларының атқаратын қызметі және мәтінді пішімдеудегі негізгі амалдар САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады) Мәтінді теру мен түзетудегі негізгі ережелер жалпы түсінік айту. Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Қаріп тіркеме терезесінің қызметімен таныстыру,абзацтар мен шегіністерді қою Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): Мәтіндік процессордың құрал-саймандарын қолданып, мәтінді пішімдеу. Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Номерленген және таңбаланған тізімдерді мәтінге қалай енгеміз? Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Мәтіндік процессордың құрал-саймандар көмегімен атқарылатын іс-әрекет түрлерін білу. Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Көп бағанды мәтінді пайдалын Абай Құнанбаев өлеңдерін теріп келу Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
БАҒАЛАУ
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. КЕРІ БАЙЛАНЫС
Стикер немесе парақшалар көмегімен оқушылардан кері байланыс алу. Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?
Тәлімгер: