М?тінді пішімдеуді? негізгі т?сілдері


Күні: _28.01.2017ж._________________ Сыныбы:__6 «А», «Ә», «Б»_____
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Құжаттың  құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты  құруға, сақтауға  үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды  тиянақтылыққа, тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету;
Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.Оқушылардың ойлау  қабілетін, логикалық-абстракциясын   дамыту;
Оқушылардың үйренуі тиіс: мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, өлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі 
(оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасы
Сұрақтарға жауап беру:
Қаріпті жазудың қандай батырмаларын білесің?
Абзац дегеніміз не?
Жоларалық интервалдар түрлері
ІІІ.Жаңа сабақ
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
<Enter> пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндау мәтінді  өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
1.Мәтінді тер
2.Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.
Тапсырма
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды ESC пернесін басып жоямын. Функционалдық  пернелерге әріптер блогы жатады.
V.Бекіту1.Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?
2.Мәтін қайдан теріледі?
3.Enter пернесінің қызметі?
4.Мәтіннің бүтін бөлігін қандай перне арқылы өшіреміз?
VI. Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды бағалау)
VII. Үйге тапсырма Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.