М?тінді пішімдеуді? негізгі т?сілдері. 6 сынып


Күні:26.01.16ПәніинформатикаДжалмаганбетова Р
6 «а, ә, б, в, г» сыныптар Оқу-ісінің меңгерушісі
____________Сарғожаева А
Сабақтың тақырыбыМәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Жалпы мақсатымәтінді қалай пішімдейтінін, абзацты қалай пішімдейтінін, жолдар арасындағы аралықтарды таңдауды, жолдар арасындағы аралықтар түріне мысал келтіреді, абзац арасындағы аралықтарды қоюды түсінеді.
Оқу нәтижелеріҚаріпті қалай пішімдейтінін түсінеді.
Абзацты қалай пішімдейтінін түсінеді
Жолдар арасындағы аралықтарды таңдауды түсінеді.
Жолдар арасындағы аралықтар түріне мысал келтіреді.
Сабақтың әдісі: АКТ: интерактивті тақтаКөрнекілігіДК, интерактивті тақта, практикалық жұмыс.
Түйінді идеяларБірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Топқа бөлуСан бойынша топқа бөлу. Топ ережесін құруСан бойынша топқа бөлініп отырады 
Тұсаукесер  Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.
1) Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосады?
Жауап: Пуск Программы Microsoft Office MS Word WORD Word Pad
2)Microsoft Word құжат терезесінің элементтерін ата?
Жауап: Тақырып жолы, меню жолы, стандартты үстелі, пішімдеу үстелі, сызғыш, күй жолағы
3) Жаңа құжат құру үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл -Создать (құру) командасы арқылы4)Құжат ашу үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл–Открыть командасы.
5) Құжатты сақтау үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл-Сохранить (құжат сақтау)
6) Мәтінге абзацты қандай перне арқылы қоюға болады?
Жауап: TAB пернесі арқылы7)Барлығы бас әріппен қалай жазылады?
Жауап: CapsLock пернесі арқылы8) Интервал дегеніміз не?
Жауап: Арақашықтықты көрсетуге мүмкіндік береді9) Мәтінді енгізгенде «ENTER» пернесін қай кезде басу керек?
Жауап: Абзацтың соңында10) Мәтін блогын қалай өшіруге болады?
Жауап: Блокты бөліп алып «Delete» пернесін басу керекНегізгі бөлімМағынаны тану.
Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс тәсілдері
Мәтінді пішімдеу Формат менюі немесе Форматирование панелі арқылы жүзеге асады.
Пішімдеудің негізгі тәсілдері:
Қаріп гарнитурасын таңдау мен оны өзгерту;
Қаріп көлемін басқару;
Қаріп кескіні мен түсін басқару;
Түзулету әдісін басқару;
Маркерленген және нөмірленген тізімдер құру;
Абзац параметрлерін басқару.
Word- та мәтін пішімдеу түрлері:
Символдарды пішімдеу
Абзацтарды пішімдеу.
«Символ» ұғымына тек жеке символ ғана емес, сонымен қоса сөздер, фразалар, және абзац болып саналмайтын мәтін бөлігі жатады.
Символдарды пішімдеу
Символдарды пішімдеу кезінде қаріп параметрлері енгізіледі:
Гарнитурасы
Көлемі
Келбеті
Астын сызу типі
Әріп арасындағы арақашықтық
Жасырылған мәтін
Абзацтарды пішімдеу
Абзацтарды пішімдеу кезінде қаріп параметрлерінен басқа абзац орналастыру параметрлері де енгізіледі:
Түзулету
Бет жиектерінен шегініс
Абзацтар арасындағы аралық
Абзац ішіндегі жолдар арасындағы аралық
Абзацтың орналасуы
Мәтінді пішімдеу
Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері:
Пішімдеу нысаны әрдайым алдын ала бөлініп алыну керек.
Пішімдеу параметрлері абзац соңында сақталады. Егер абзац соңындағы символды өшірсе, онда абзац өзінен кейінгі абзац параметрлерін иемденеді. ENTER батырмасын басқанда пайда болған абзац өзіне дейінгі абзац параметрлерін иемденеді.
Мәтінді пішімдеу
Word- та мәтінді пішімдеу екі түрлі тәсілмен жүзеге асады:
Тікелей пішімдеу
Тікелей пішімдеу кезінде бөлінген мәтінге алма- кезек параметрлер беріледі.
Стиль пайдалану арқылы пішімдеу
Таңдалған нысанға алдын ала дайындалған және өз аты бар пішімдеу параметрлерінің жиыны тағайындалады.
Пішімдеу стилінде қаріп пен абзацты пішімдеуден басқа табуляция параметрлері, жиектер мен бояу, жиектемелер, нөмірлер және тасымалдау мен емле тексеру үшін пайдаланылған тілге деген бағдар бола алады.
Сергіту сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығуларАлақанды уқалау.
Қолды қысуБілезіктен айналдыруКөзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға,
төмен қарай
3-4 рет айналым жасаЖаттығуды
орындарында отырып орындау.
Компьютермен жұмыс Тапсырма беріледі, компьютерде орындайды
Бекіту сұрақтары
Қаріпті пішімдеу командаларын ата.
Шрифт сұхбаттық терезесін сипатта.
Қандай қаріп түрлерін білесіз?
Қаріпті қалай пішімдейді?
Абзацты қалай пішімдейді?
Абзац сұхбаттық терезесін сипатта.
Абзацтарды түзулету түрлерін ата.
Абзацтың бірінші жолының орналасуына мысал келтір.
Жолдар арасындағы аралықтарды қалай таңдайды?
Жолдар арасындағы аралықтар түріне мысал келтір.
Абзац арасындағы аралықтарды қалай қоюға болады?
Үй тапсырмасы«Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» тақырыбын оқып келу
 
  Бағалау  Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша  жиынтық баға қойылады.