Доклад О?ытуды? жа?а парадигмасы


«Оқытудың жаңа парадигмасы» Дайындаған: Хыдырбек А. «Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар» Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. «Парадигма» Латынның ҮЛГІ деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі. Білім парадигмасының түрлері: 1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);4. Технократтық;5. Эзотерикалық.Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді. Дәстүрлі білімдік парадигмада Білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады. Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада Жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді. Рационалдық парадигма Оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді. Технократтық парадигма Негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады.Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады. Эзотерикалық парадигма Оқушының табиғи күші.И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің 3 міндеті бар, олар – баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Білім берудің жаңа парадигмасы Жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі. Егер классикалық модельде оқу процесінің өзегінде дидактикалық кешеннің формальді элементтері тұрып, ал оқушы табиғаты мұғалімнің тәжірибесі мен біліміне, мүмкіндіктеріне тәуелді болса, антропоцентрикалық оқу процесі үлгі бойынша қалыптастыратын - дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы, оқу іс-әрекетінің барлық құрылымы индивидтің өзін-өзі дамыту мақсатына бағытталғандығы. Білім беру парадигмаларының сипаттамалары Классикалық парадигма Жаңа парадигма 1 Білім берудің негізгі міндеті: өскелең ұрпақты дайындау Білім берудің негізгі міндеті: жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету 2 Адам - қарапайым жүйе Адам - күрделі жүйе 3 Білім - өткен шақ тәжірибесінен («еске алу мектебі») Білім – болашаққа бағдар («ой-өріс мектебі») 4 Білім беру – білім, білік, дағдылардың белгілі үлгілерін оқушыға беру Білім беру - адам өз санасында әлем бейнесін жасау оны пәндік, әлеуметтік, рухани мәдениетпен ұштастыруы 5 Оқушы – педагогикалық ықпал ету обьектісі Оқушы – танымдық іс-әрекеттің субъектісі 6 Субъект-объектілік, педагог пен оқушының монологиялық қатынасы Субъект-субъектілік, педагог пен оқушының диалогтық қарым- қатынасы 7 Оқушының “жауап берушілік”, репродуктивті іс-әрекеті Оқушының белсенді, шығармашылық іс-әрекеті Шығармашылық іс-әрекет Мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. Екіншіден, ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады. Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды. Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.Сонымен бірге модульдік сабақ оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді. Оқушы Өз шешімінің мүмкін болатын салдарын болжай алады Елінің тағдырына жауапкершілігі дамыған Ынтымақтастыққа бейімделген Таңдау жағдайында өздігінен шешім қабылдай алады. Академиялық және әлеуметтік икемділігімен ерекшеленеді Сындарлылық қасиеті тән Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі: Әлеуметтік-саяси;Коммуникативті ;Зерттеушілік; Ұлттық мектептерді жаңғыртуға профессионалды және жауапкершілікпен қатысу қабілеті. Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі: Әлеуметтік-саяси;Коммуникативті ;Зерттеушілік; Ұлттық мектептерді жаңғыртуға профессионалды және жауапкершілікпен қатысу қабілеті. Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз.