Ал?ыр информатиктер сайыс саба?


Сайыс тақырыбы: «Алғыр информатиктер»
Сайыс мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және келген қонақтар. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Бируни. Ендеше 6 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Алғыр Информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар не бір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар
1-жүргізуші:
Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді – дей отырып топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасына қошемет көрсетейік.
2-жүргізуші:
Білгірлер, алғырлар
Бар өнерін алдарына салады.
Көп білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа катысып отырған оқушыларға сәт –сапар тілейміз. Ал қазір сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері:
1 –кезең. «Таныстыру»
2-кезең. «Ойлан тап»
3-кезең. «Мақал-сөз мәйегі»
4-кезең. «Шын жүйрікте шаршау жоқ»
5-кезең. «Қанша тілді білесің?»
6-кезең. «Адасқан әріптер»
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
1-жүргізуші: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
2-жүргізуші: Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынып сайыста
Көрінетін кез келді,
Ендеше сайысымызды бастайық, 1- кезеңіміз «Таныстыру» кезеңіне береміз. Екі топ таныстыруларын айтады.
1 –кезең. «Таныстыру»
Әділ қазы алқасы 1-ші кезең бойынша топтардың бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші:
2-кезең. Ойлан, тап!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну-дей отырып «Ойлан, тап!» атты 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа информатика саласы бойынша 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Экранға назар аударамыз
1-топ
1.Командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритм? (сызықтық алгоритм)
2.Ақпараттық үдерістерге нелер жатады?(алу,беру,сақтау,өңдеу,қолдану)
3.Пернетақтаның қызметі қандай?(ақпарат енгізу)
4.Файлдарды сығу үдерісі қалай аталады?(архивтеу)
5.Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы(модем)
6.Есептеуіш техниканың даму тарихы неше кезеңнен тұрады? (5)
7. Көбеюге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)
8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
9. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші құрылғы? (сканер)
10. Вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделеген программа (детектор программа)
2-жүргізуші:
2-топқа
1.Көп пернелі құрылғы? (пернетақта)
2.Қандай архиватор программасын білесіңдер? (WinRar, WinZip, WinArj)
3.Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)
4.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылға? (принтер)
5.Есепшотты жапондықтар қалай атаған? (серобян)
6.Алгоритмді атқарушы кім не? (Адам, компьютер)
7. Алгоритмді жазудың қандай түрлерін білесіңдер?(сөздік,кестелік,графикалық,программалық)
8.Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл (архив)
9.Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.(циклдік)
10.zip, arg, rar – қандай файлдардың кеңейтілуі? (Архивтелген файлдардың)
1-жүргізуші:
3-кезең. «Мақал-сөз мәйегі»
Бұл кезеңде компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Дұрыс айтылған мақалға 10 ұпайдан есептеледі.
1.Жігітті компьютеріне қарап, бағала ( Жігітті досына қарап, бағала)
2.Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4.Компьютердің жұмысы иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5.Антивирусы күштіні –вирус ала алмайды (Досы күштіні жау алмайды)
6.Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
7.Компьютерде бес колонка , дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
8.Білмесең «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
9.Бір ядорлы процессор жақсы, екі ядорлы оданда жақсы. (Бір ақылдан, екі ақыл жақсы )
10.Веб -дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
Әділ қазы алқасы 3-кезең бойынша топтардың ұпай сандарын білсек.
2-жүргізуші:
4-кезең. «Шын жүйрікте шаршау жоқ » кезеңі
Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
І командаға
1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
ІІ командаға
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
Осымен 4-ші бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы , топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
1-жүргізуші:
«Ана тілің арың бұл,
Ұятың тұр боп бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, келесі 5-ші кезең тапсырмасына назар аударайық.
5-кезең. «Қанша тілді білесің?» кезеңі. Мұнда
1.Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан, мышка, маус)
2. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)
3. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/
4. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)
6. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)
7. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)
8. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша-блокнот-notebook)
9. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)
10. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)
Осымен 5-ші бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы , топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Бұл сайыс біткен жоқ кетпейік
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.– деп
6-кезеңді бастайық «Адасқан әріптер» . Бұл бөлімде топтарға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі . Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-топқа
1.ДЕМОМ-МОДЕМ
2.ЛАЙФ-ФАЙЛ
3.РОТИНОМ-МОНИТОР
4.КРАСЕН-СКАНЕР
5.РУСИВ-ВИРУС
2-топқа
1.ХИВАР-АРХИВ
2.РОССЕЦОРП-ПРОЦЕССОР
3.АҚПЕТАРНТЕ-ПЕРНЕТАҚТА
4.ГОРИМТАЛ-АЛГОРИТМ
5.ТЕРНЕТИН-ИНТЕРНЕТ
1-Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).
2-Жүргізуші: Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.