САБА? ЖОСПАРЫ ?НДІРІСТІК К?СІПОРЫН?А САЯХАТ


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
________________

№ 2 сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: Өндірістік кәсіпорындарға саяхат.
Сабақ тақырыбы: «Диана плюс» фабрикасына саяхат.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Тігін фабрикаларының шеберханаларына, цехтарына
оқушыларды апарып таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларға өз мамандықтары бойынша түсініктерін, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың этетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілігі мол
азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Тігін фабрикасының жабдықтары: тігін және арнайы машиналар, үтік, пресс.
Сабақ түрі: Саяхат.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
Оқушылармен амандасу.
Жоқ оқушыларды белгілеу.
Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Қол жұмысына арналған қауіпсіздік ережесі?
Тігін машинаға арналған қауіпсіздік ережесі?
Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ережесі?
Престе жұмыс істейтіндерге арналған қауіпсіздік ережесі?
Сабақ тақырыбы мен мақсытын хабарлау:
«Диана плюс» фабрикасына саяхат.
3580765417830Жаңа материалды баяндау: Оқушыларды тігін фабрикасына апарып цехтарын ішін аралату.
Эксперементтік цех.
Пішу цехы.
Тігу цехы.
Жеке тапсырыс алатын цех.
Киімдердің үлгілерін дайындаумен сән үйі, сондай – ақ ірі тігін кәсіпорындарының эксперимент цехтары айналысады.
Эксперимент цехының негізгі міндеттері: киім үлгілері мен конструкцияларын құрастыру, сән үйінен алынған модельдердің конструкциялары мен үлгілерін дайындау технологиясын дәлдеу және жетілдіру; модельдерді өндіріске жіберуге әзірлеу; модельдер өңдеу технологияларын сынап тексеру жәнежаңа құрал – жабдықтарды пайдалану ұсыныстарын әзірлеу;жаңа модельдерді өндіріске жіберудің технологиялық процестерін бақылау; әрбір үлгіге материалдарды мөлшерлеу.
18415194945Дайындау цехының қызметі: тігін өндірісінде дайындау цехы мынадай жұмыстарды атқарады: материалдарды түсіру, байламын ашып, материалдар мен маталарды сан жағынан қабылдап алу; маталардың сапасын, мата бөліктерінің ені мен ұзындығын бақылау; лекало жайылмасын бормен сызу; материалдарды пайдалану мөлшерін шығару; пішу цехтарына төсемдерді комплектілеп беру.
3523615532765Тігін жабдықтарын көрсетіп түсіндіру. Әр түрлі арнайы жабдыктарын көрсетіп түсіндіру, аппараттармен таныстыру. Жұмыс істеп отырған жұмысшыларды қалай жұмыс жасап жатқандарын көрсетіп қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіруЖұмысшының престе жұмыс істеп тұрғаның көрсету. Буы бар үтіктердің жалпы құрылымын көрсету. Жұмыста қолдануын көрсету. Арнайы машиналарды қандай операция орындайтындарын көрсету. Жұмысшылардың жұмыс киімдеріне назарларын аудару. Экперементальный цехындағы негізгі міндеттер: киім үлгілері мен конструкцияларын құрастыру, модельдерді өндіріске жіберуге әзірлеу, модельдер өңдеу технологияларын сынап тексеру және жаңа құрал жабдықтарды пайдалану ұсыныстарын әзірлеу. Жаңа моделдерді өндіріске жіберудін технологиялық процесстерін бақылау. Экперемент өңдірісі модельдеу конструкциялау лекало дайындайтын бөлімдерінен мөлшерлеу тобына және тігін лабораториясынан тұрады.

-133985440690 Жаңа тақырыпты игеру байланысты еңбек тәсілдерін көрсету: Пішу, тігу, эксперементальный, жеке тапсырыс алатын цехтарымен таныстыру.
Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын аудару: Машиналарда және арнайы машиналарында жұмысшы қалай отыру керектігіне, жұмысшылардың киімдеріне, престе, үтікте және пішу цехындағы пішаққа (пішу столындағы) жұмыс жасағанда қандай қауіпті жерлеріне назарларын аудару.

Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:
336169078740Тігіншінің арнайы киімдеріне нелер жатады?
Үтікпен немесе престе жұмыс жасағанда аяқ астында не жатуы тиіс?
Фабрикада болған саяхат қандай әсер берді?
ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмыстандыру: (155-165 мин)
Оқушылар фабрикадағы цехтарды аралап бәрін қарап шығады. Түсінбеген жерлерінде сұрақ қойып, жабдықтармен танысады.
ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.
Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау. Бүгінгі сабақта тігін фабрикасында саяхаттап, тігін машиналарынмен танысу, жұмыс орныдарымен танысу.
Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау.
Үй жұмысын тапсыру.
Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау.