Информатика п?нінен ?абілеті жо?ары о?ушымен ж?мыс


БЕКІТЕМІН
№176 орта мектеп директоры
__________________
Қ.Б.Шаймағанбетова
2016-2017 оқу жылындағы информатика пәнінен 9-10 сыныптағы қабілеті жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыстың жоспары
Пән мұғалімі: Серікбайқызы Жарқынай
Кіріспе
Қабілеті жоғары балаларды байқау бақылау, психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту -мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.
Дарынды балалар :көпшілікпен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға бейімділігі, шығармашылық мүмкіндіктері жоғары;
белсенділікке ие;
білім алғанда қуанады.
Шартты түрде дары
ды балаларды келесі категорияларға бөлуге болады:
балалар таңқаларлық жоғары интеллектуалдық қабілеттерімен;
ғылымның белгілі бір облыстарында арнайы дарындылық белгілері және нақты академиялық қабілеттері бар балалар;
шығармашылық қабілеттері жоғары балалар;
көшбасшылық қабілеттері жоғары балалар;
оқуда қандай да бір себептерге байланысты жетістіктерге жетпеген, бірақ жарқын танымдық белсенділігімен, ойлау
қабілетенің мықтылығымен , психологиялық қалыптасуымен ерекшеленетін балалар.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы принциптер:
тұлғаның қалыптауына берілген мүмкіндіктерді барынша түрлендіру принципі;
сабақтан тыс жұмыстардың ролін жоғарылату принципі;
оқуды жекелендіру және күрделендіру принципі;
мұғалімнің қатысуын мейлінше азайтып оқушылардың бірлесе жұмыс жасауына жағдай жасау принципі;
оқушылардың өз бетімен қосымша білім алу қызметтерін таңдау принципі.
Дарынды балаларды байқау жалпы бақылау, психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту - мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жасау формалары:
дарынды балалармен топтық сабақтар;
факультативтер; конкурстар;
оқушылардың талғамы бойынша үйірмелер;
олимпиадаларға қатыстыру;
жеке жоспарлар бойынша жоспарлар;
интеллектуалдық марафондар.
Жұмыстың мақсаты:
мектеп және қосымша білімнің оптималды құрылымы арқылы дарынды оқушылардың дамуына қолайлы жағдайларды жасау.
дарынды балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру;
информатика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Талаптары:
дарынды балаларды іріктеу және оларды арнайы қолдау жүйесін жетілдіру, дарынды балаларға психологиялық көмек көрсетуге психологиялық кеңес беру қызметін қалыптастыру;
білім берудің әртүрлі жүйесінің ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылықтың дамуына әсер ететіндерін іріктеу;
дарынды балалардың денсаулықтарын жақсартуға жағдайлар жасау;
қабілетті және дарынды балалардың аудандық, облыстық олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық көрмелерге, әртүрлі конкурстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
Негізігі принцип: баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Күтіліп отырған нәтижелер:
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын сақтауға және өсіруге жағдай жасалады;
оқушылардың білім алу және тәрбие деңгейі жоғарылайды;
оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға
Негізгі іс-шаралар:
дарынды балаларға жеке бағдарламаларды дайындау және енгізу;
мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, конференцияларды, көрмелерді, интеллектуалдлық жарыстарды ұйымдастыру;
мектепте оқушылардың зерттеу және шығармашылық істеріне, дарынды балалармен жұмыс істеуді дамытатын жабдықтар мен материалдарды енгізу;
дарынды балаларға зерттеу және шығармашылық істеріне қажет ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетті кеңейту;
оқушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілерді тағайындау және қолдау;
дарынды балалармен жұмыс істеудегі проблемаларға қатысты ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды жүргізу.
Қабілеті жоғары оқушыларды таңдау барысындағы назар аударатын ерекшеліктер:

Қабілеті жоғары бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

Қабілеті жоғары оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

Қабілеті жоғары оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.

Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: Адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.
Қабілеті жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
№ Атқарылатын жұмыстар МерзіміЖауапты
1 Дәріс беретін сыныптардағы информатикаға бейімі жоғары оқушыларды анықтау. қыркүйек Серікбайқызы Ж
2 Бағдарлама бойынша қиынырақ тапсырмаларберіп отыру. Үнемі Серікбайқызы Ж
3 Сыныптағы білім деңгейі жоғары оқушылардың білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуін қадағалау. Жыл бойыСерікбайқызы Ж
4 Өтілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды пысықтап отыру және дәлелдей білуге дағдыландыру. Үнемі Серікбайқызы Ж
5 Бағдарламадан тыс логикалық, комбинаторикалық тапсырмаларға машықтандыру. Айына 2 ретСерікбайқызы Ж
6 Бақылау жұмыстарын өткізп тұру. Айына 2 ретСерікбайқызы Ж
7 Дарынды оқушылардың ата-аналарымен және сынып жетекшілерімен байланыста болу. Жыл бойыСерікбайқызы Ж
8 Дарынды оқушыларды пән мұғалімдері өздеріне көмекші етіп сайлау. Үнемі Серікбайқызы Ж
9 Пән бойынша рефераттар, ребустар, баяндамалар, крассвордтар, ребустар дайындау. Үнемі Серікбайқызы Ж
10 Сабақтан тыс қосымша әдебиеттер оқуын, қосымша бағдарламалармен жұмыс жасатуҮнемі Серікбайқызы Ж
11 Қосымша дәптер арнап оны бақылауға алу. Үнемі Серікбайқызы Ж
12 Оқушылардың жұмыс нәтижесін талдауМамырСерікбайқызы Ж


ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ҚАБІЛЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
р/с Оқушының аты-жөні Сыныбы
1 Алмасбекқызы Апыза 9 «А»
2 Жұмабек Рамазан 9 «А»
3 Сейтжаппар Камила 10 Қабілеті жоғары оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары
№ Жұмыс тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Pasсal ортасында файлдарды баптау. 1 6.09
2 Құрылымдық мәліметтер. 1 13.09
3 Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары. Программа интерфейсі. 1 20.09
4 Жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету. 1 27.09
5 Видео монтажы. 1 7.10
6 Анимациялар және визуалды әсерлер 1 11.10
7 Дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару. 1 18.10
8 Қарапайым анимациялар құру. Анимация реттері (режімі) 1 25.10
9 Компьютерлік анимацияда қабаттар рөлі; 1 8.11
10 Бірнеше қабаттардан тұратын нысандардың орнын ауыстыру. Бірнеше нысандардың анимациясы. 1 15.11
11 Дыбыстық эффектілер. Дыбыстық файлдарды құру, жариялау; Flsh MX –те фильмдерді жариялау және экспорттау. 1 22.11
12 Графикалық әдістер мен процедуралар 1 29.11
13 Пішінге (Түзету) және (Фигура) графикалық нысандары арқылы фигуралар кірістіру 1 6.12
14 Объектілерді енгізу, анимация 1 13.12
15 Мультимедиа 1 27.12
16 3D –модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі 1 10.01
17 3D –кеңістігінің бағдарына кіріспе, Орнын ауыстыру және өзгерту. 1 17.01
18 Программа интерфейсі, объектілері. 1 24.01
19 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide). Программадағы бульдік операция. 1 31.01
20 Web-беттер және сайттар 1 7.02
21 Визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі; 1 14.02
22 Сайттың қарапайым алғашқы бетін құру. 1 21.02
23 Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру. 1 28.02
24 Сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы. WWW-бетке gif-анимация және баннерлерді кірістіру. Сайтты жариялау. 1 7.03
25 Факс және E-mail арқылы жіберілетін құжаттар. 1 14.03
26 Анимациялық роликтер және баннерлер жасау. 1 4.04
27 Тақырыптық web-сайт құру. Сайт құрылымын визуалды HTML редакторы арқылы жасау 1 11.04
28 Web- бетте графиканы орналастыру, түстер. 1 18.04
29-30 Photoshop программасы туралы түсінік2 25.04
2.05
31-32 Программа интерфейсі. мүмкіндіктері 2 16.05
33-34 Анимациялық бейнелер жасау 2 23.05
Б а л а н ы ң
бе л с е н д і л і г і
ҚАЖЕТТІЛІК
ЫНТА





ІС- ӘРЕКЕТ


НӘТИЖЕ

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ





Қабілетті оқушымен жүргізілетін жұмыс бағыты
№ Оқушының аты -жөні Сыныбы Қиындық түрі Атқарылатын жұмыс мазмұны Күтілетін нәтиже
1 Жұмабек Рамазан
9»а» Оқушы тиянақты. Сауатты. Берілген тапсырманы орындайды, есеп шығаруға деген қызығушылығы жоғары, тез қабылдайды. Жаңа тақырыпты тез меңгереді.
Математикалық білім деңгейі жоғары. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Логикалық қабілетін арттыру.
Информатиканың өмірдегі қажеттілігі мен маңызын ашу, түсіндіру.
Өз бетінше ізденуге ,оқуға дағландыру. Әртүрлі есептер мен тапсырмаларды ,олимпиада есептерін тиянақты орындауға машықтандыру.
Білім стандартына сай , мектеп курсын толық меңгеруге жағдай жасау Қоғамдық өмірге бейімделген интелектуалды жеке тұлға болып қалыптасуы. Мінез –құлқы , ішкі дүниесі таза , өз ұлтының құндылықтарын білетін саналы азамат болуы.
Информатикадан бейімділігі жоғары оқушы туралы рецензия
Оқушының аты -жөні Оқушы туралы рецензия
Жұмабек Рамазан
9 «а» сыныбы Сабақ үлгірімі жақсы. Информатикадан сабағына қызығушылығы жоғары. Өз бетінше есеп шығарады. Үй тапсырмасын нақты әрі тиянақты орындайды. Жазу колигафиясы жақсы. Жазу сауаттылығы да жақсы. Сабақ үстінде жеке тапсырма беру,есептер шығарту ,олипиада есептерін беру және т.б. қосымша жұмыстар жүргізу керек.
Оқушының аты-жөні: Жұмабек Рамазан
№ Критерийлері Бағалау
Жоғары Орташа Төмен
1 Ақыл-ойы + 2 Мәдениеті + 3 Шығармашылыққа бейімділігі + 4 Белсенділігі + 5 Жан-жақты қызығушылығы + 6 Ұйымдастырушылық қабілеті + 7 Тыңдай білуі + 8 Талдауға қабілеттілігі + 9 Еңбек сүйгіштігі мен табандылығы + 10 Әділдігі + Пән мұғалімі: Серікбайқызы Ж