План на тему ?лгерімі нашар о?ушылармен ж?мыс жоспары


ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС
МАҚСАТЫ:1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.2.Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.3.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
4.Оқушыларды әдеби мәдениетке баули отырып, математика жайлы, рухани дүниесін байыту, есеп шығаруға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын табуға,  ізденісіміз, ұлтжанды дара тұлға тәрбиелеу.
КІРІСПЕ
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.
Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың шығуына үш фактор себепші болады екен.
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез- құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
Үшінщіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
«Үлгермеуші балаларды қалай тәрбиелеуге болады?» деген өзіме қоя отырып мынадай жұмыс жоспарын жасадым.
1.Ата – анасымен әңгіме.
Балаңыздың жүріс – тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
Сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
Ол үйде не істейді, сізге қалай көмектеседі?
Сіз қалай көмектесесіз?
2.Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін әңгіме.
Кім болғың келеді?
Оқығың келе ме?
Нені жақсы көресің?
Мектепке келгің келе ме?
Кіммен доссың?
Ол саған көмектеседі ме?
Үйде не істейсің?
Қандай сабақты оқығың келеді?
Кімді жақсы көресің?
Сен оқу үшін не істегің келеді?
3.Сынып жетекшісімен әңгіме.
Бұл оқушының үлгермеуі неден тұрады?
Қандай жұмыс түрін қолданасың? Оның нәтижесі бар ма?
Оқушының үйдегі тәртібі қандай?
Оқушының мектептегі тәртібі қандай?
Қатарға мқосылады деп ойлайсың ба?
4.Мұғалімдермен әңгіме
Сіздің сабағыңызда оқушының үлгерімі және
жүріс – тұрысы қандай?
Сабақтағы оқушының қабілеті қандай?
Оқушының үлгермеушілігін көрсететін жағдай,
оған сіздің берген ақыл – кеңесіңіз?
Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш сыныптарда ата – анамен және ұстазбен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. "Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі" деген А.С.Макаренко.
Олай болса мұғалім,
біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін,
сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы,
тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар
сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен
шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп
алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек.
Үшіншіден, мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.
Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай, кеңпейілді, кешірімді,
мейірімді, сабырлы, ұстамды болғаны жөн.
ҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАРЫСЫ:
Әрбір сабақты жан-жақты дамыта оқыту.
Оқушы бойында қызығұшылығын ояту және қалыптастыру.
Оқушымен жеке жұмыс жасау.
Үй тапсырмаларының арнайы дайындалуы.
Ата-аналармен байланысты күшейту.
Үлгермеуші оқушылардың жауапкершілігін арттыруда сынып ұжымының ықпал етуіне жағдай жасау.
Мүмкін болған кемшіліктер бойынша үй тапсырмаларын орындауға жұмыс беру
Үйге тапсырма беруде қиындық туғызатын тапсырмаларға  қайталау жұмыстарын орындау арқылы дағдыларын қалыптастыру
Үй тапсырмаларын орындау ережелерімен таныстыру, ереженің орындалуын қадағалауОқушыларға қиындықтар  туғызбас үшін үй  тапсыр -масын беруде басқа да пән мұғалімдерімен байланыс жасау
 
Оқушы жұмысының мүмкін болған қателіктерін анықтауда өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру
Өз бетінше жұмыс жасауда деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оңай жаттығудан күрделірекке өту арқылы білімділігін арттыру 
Жұмыс орындауда нұсқау беру. Өздік жұмыс орындауда қиын болған сұрақтарды мұғаліммен бірге шешуОқушылар жұмысына жан-жақты көмек оқушының өз бетінше білім алуында бірізділікті қалыптастыру
2016-2017 оқу жылына арналған оқу үлгерімі
төмен оқушыларымен жұмыс жоспары
№ Мерзімі Жұмыс түрі Тапсырма мазмұны
1 Қыркүйек Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауған,тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту.
2 Қыркүйек Оқушының дайындық деңгейін анықтау Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау.
3 Қазан (ББД) білім білік дағдыларын айқындау Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, бірлік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру.
4 Қазан 10 көлеміндегі заттарды санай алу 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру.
5 Қазан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
«Теңдік» және «теңсіздік» «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру.
6 Мамыр Қосу және азайту Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай – ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету.
7 Қараша
Қантар
Ақпан
Наурыз
Мамыр «Шама» және «сан» «Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайыңдық ретіндегі заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі - 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру.
8 Қараша
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр Қарапайым геометтриялық фигуралар Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір - біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекетің өту ретімен кеңінен таныстыру.
9 Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр Бүтін және бөлшек Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөлшектерге бөлу және оны бөлшектерден құрастыру біліктерін қалыптастыру.
10 Үнемі Дәптермен жұмыс істеу Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
 
 
ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРҒА
АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
№ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ Сағат ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ МЕРЗІМІ
I-жартыжылдық 16сағ I-ТОҚСАН 8сағ 1 Арифметикалық амалдар қолдану1сағ Дәріс 2 Арифметикалық амалдар қолдану 1сағ Есептер шығару 3 Логикалық есептер1сағ Дәріс 4 Логикалық есептер1сағ Есептер шығару 5 Теңдеу шешу, өрнекті ықшамдау 1сағ Дәріс 6 Теңдеу шешу, өрнекті ықшамдау 1сағ Есептер шығару 7 Өрнектің мәнін табу 1сағ Дәріс 8 Өрнектің мәнін табу 1сағ Есептер шығару II-ТОҚСАН 8сағ 9 Прапортция1сағ Дәріс 10 Прапорция 1сағ Есептер шығару 11 Жуықтау. 1сағ Дәріс 12 Жуықтау. 1сағ Есептер шығару 13 Таңбалары қарама-қарсы сандарға амалдар қолдану. 1сағ Дәріс 14 Таңбалары қарама-қарсы сандарға амалдар қолдану. 1сағ Есептер шығару 15 Логикалық есептер1сағ Дәріс 16 Логикалық есептер1сағ Есептер шығару II-жартыжылдық III-ТОҚСАН 10сағ 17 Функция 1сағ Дәріс 18 Функция 1сағ Есептер шығару 19 Логикалық есептер1сағ Есептер шығару 20 Логикалық есептер1сағ Есептер шығару 21 Теңсіздіктерді шешу,сан аралықтары. 1сағ Дәріс 22 Теңсіздіктерді шешу,сан аралықтары. 1сағ Есептер шығару 23 Таңбалар ережесі 1сағ Дәріс 24 Таңбалар ережесі 1сағ Есептер шығару 25 Натурал, бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1сағ Дәріс 26 Натурал, бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1сағ Есептер шығару IV-ТОҚСАН 8сағ 27 Логикалық есептер 1сағ Есептер шығару 28 Логикалық есептер 1сағ Есептер шығару 29 Бір мүше, копмүшеге амалдар қолдану 1сағ Дәріс 30 Бір мүше, копмүшеге амалдар қолдану 1сағ Есептер шығару 31 Екі өрнектің квадыраттарының айырымының формуласы 1сағ Дәріс 32 Екі өрнектің квадыраттарының айырымының формуласы 1сағ Есептер шығару 33 Логикалық есептер 1сағ Есептер шығару 34 Логикалық есептер 1сағ Есептер шығару  
Пән мұғалімі: Рысхожин Азамат МерболатовичҮЛГЕРМЕУШІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖОСПАРЫ
Сабақ үстінде үлгермеуші оқушыларға көмек беру.
Оқушылардың дайындығын бақылауСабақ сұрада оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру
Оқушылардан сабақ сұрауда  тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасау.
Сұраққа жауап беруде мүмкін болатын  жауаптарын ұсыну .
Сабақ барысында тақырыптық  көрнекі құралдарды пайдалану.
Оқушыны бағалауда  мақтау,  мадақтау сөздер арқылы ынта ықыласын арттыру.
 
 
Жаңа сабақты түсіндіру барысында 
 
 
  Тақырыпты меңгертуге қызығушылығын арттыру.
Сабақ түсіндіру барысында үлгермеуші оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін байқау.
Үлгермеуші оқушыларды қандайда бір приборлар жасауда және тәжірибе өткізуде көмекші ретінде  іске тарту.
Үздік оқушылардың айтқан түсіндірмелеріне  үлгермеушілердің өз пікірін  білдіруге және нәтиже шығаруға жағдай туғызу.
 
 
 
 
 
Жұмыс нәтижесі .Сабақ барысында  Оқыту деңгейі 
 
Оқушылардың дайындығын бақылауҮлгермеушілердің өздеріне қиын болып табылған сұрақтарды меңгеруіне қатаң бақылау жасауАуызша жауап беруде жазбаша жұмыстарында жіберілген қателеріне сараптама жасау, қателіктерді жоюға назарын аудару, ықпал жасауҚатыспаған тақырыптарды  меңгеруіне бақылау жасау 
Тақырыпты немесе тарауды құрастырып болғанда негізгі түсініктермен заңдылықтарды ережелерді қайталау, үлгермеу себептерін анықтау, түсініктер беру
Сабақ барысында міндетті түрде тақырыптың негізгі элементтерін қалай түсінгенін қадағалау 
Жаңа сабақты түсіндіру барысында  Тақырыпты қарастыру барысында оқушыларды сұрақтар қойып, оларға жауап алуын жолға қоюБілім алуда қызығушылығын арттыру, қолдау жасауСабақ түсіндіру барысында әнбебап тәсілдерді қолдану