Конспекта на тему Адамзатты? б?рін с?й «бауырым» деп …


Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп ...
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Толеранттылық ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Рухани келісім, өз халқының тағлымына әлемнің мәдени көп түрлілігін игеруге, толеранттылық идеяларына бейім болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қиялы мен ой - өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік.
Көрнекі құралдар: Сызба нұсқалар, «Нағыз адам» моделін суреттеген тірек-сызба, кеспе қағаздар, Абай мен Шәкәрім портреттері, Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу сыныпты түгендеу, журнал толтыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, әр кезеңде жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық, ұжымдыққа сыныпты бөліп отыру.
Психологиялық тренинг.
Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады:
Қызыл - көтеріңкі көңіл-күй;
Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;
Жасыл - өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады;
Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;
Қоңыр – психологиялық қолайсыздықты білдіреді.
ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау
Интерактивті тақтадан атыс – шабыс, зомбылықтар секілді көріністер көрсетіледі. (2 мин )
Балалар, мына көріністер сендерге ұнаса – жасыл түсті карточканы ал ұнамаса – қызыл түсті («тоқтат » деген мағынада ) көтерулерің қажет,
Сендерге экрандағы көріністер қалай әсер етеді ? (жағымсыз ) осы қатігездік, соғыс, зорлық – зомбылықтың туындауы себебі неде деп ойлайсындар ? (оқушылар пікірі тыңдалады )
Жүсіп:
Автор пікірі Оқушы пікірі
Адам болам десеңіз : Бес нәрсеге асық бол: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, - ойлап қой ! (Абай ) Тұралбек:
Автор пікірі Оқушы пікірі
Сен бала көр аққа жақ, Болам десең адам. Алланың пендесіне рақым мол. Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол. Бір құдайың сабырлы, сен де шыда. Бардан барды шығарсаң болады сол. Үштікке бірігу.
«Әнгімені бірлесе жазу »
Бірнеше тақырыптар жазылған карточкалар болады, әр топ өзіне тақырып алады.
топтастыру арқылы тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын жазады;
Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін әңгіме жазуға кіріседі:
Оразгүл–мәтіннің кіріспе бөлімін ; Абылғазы–негізгі бөлім; Бейімбет–қорытынды бөлімін орындайды.
Тақырыптар: «Жер – ортақ үйіміз », «Дос жүрегіне қалай жол табуға болады ? », «Нағыз адам деп кімді айтамыз ? », «Менің идеяларым », «Қайырымдылық қажет пе ? », «Бейбітшілікті сақтауға менің қосар үлесім », «Егер барлық адамдар ... »
Төрттік – оқыту формасы.
«Қарама – қайшылықтар ». Топ ішінде ақылдасып, кестені толтыру.
«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары. Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары
- Бейбітшілік - соғыс;
- рухани келісім - араздық ;
- ұлттар достығы - жанжал;
- татулық - зорлық – зомбылық;
- толеранттылық Террорлық акт
- мәдениет жетістіктерін бір – бірінен үйренуі ; Жаулап алу
- мәдениеттер диологы Басқыншылық
- жарастықты қарым – қатынас Ушыққан шиеленіс
- гуманизм - қатыгездік
- ізгілікті қоғам - нәсілшілдік
- фашизм
- аз ұлтты, кіші ұлтты кемсіну.
Адамдардың бір – біріне мейірімінің жоқтығынан.
Нәсілге бөлінбеуден.
Бір ұлттық екінші ұлтқа үстем көз қараспен қарауы.
Пікірлеріңе мен қосыламын.
Ал әлемде бейбітшілік пен рухани келісімді сақтап тұру үшін, өзге адамның қадір – қасиетке қол сүқпау үшін не істеу қажет? (оқушылардан пікірлері сұралады).
Бүгінгі сабақта біз осы сұрақтар төңірегінде ой қозғаймын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жеке – дара жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.
Балалар, «Адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?»-деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің.
* Қамқорлық * Қараниеттілік * Мәдениеттілік
* Адамшылық * Адамгершілік * Рақымшылдық
* Залымдық * Бауырмалдық * Сабырлылық
* Еңбекқорлық * Күншілдік * Еркіншектік
* Рақым * Талап * Тасжүректік
* Мейірімділік * Батылдық * Талғампаздық
* Имандылық * Қанағатшылдық * Ізденімпаздық
* Ізгілік * Қатыгездік Міндеті: Өзін -өзі бағалау, рефлексияға бейімділігін дамыту.
Тақтаға екі плакат ілінеді. Бірінде Абай суреті, ал екіншісіде Шәкәрім суреті. Оқушылардың жұп болып бірігеді де, Абай өлеңіне, ал екіншісі Шәкәрім идеясына талдау жасайды. Талдап, пікір жазап болған соң, жұптаса отырып бір – бірімен пікірлеседі, бір – біріне кестесіп сұрақ қояды.
«Алтылыққа бірігу ».
Музыка қосылады. Психологиялық тренинг. Қызыл түсті карточка алғандар – 1 топқа, жасыл түсті карточка алғандар -2 топқа, ал сары түсті таңдағандар -3 топқа бірігеді. Әр топқа тапсырмалар ұсынылады:
І – топ Бүгінгі сабақта айтылған ой – тұжырымдарды қорыта келіп, эмблема ойлап тап.
ІІ –топ. «Тілі басқа, тілегі бір,Түрі басқа, жүрегі бір » - деген идеаны ашатындай, жест, ым – ишара ойлап тап. Мысалы, сен нәсілі, ұлты басқа балалармен кездескенде, өзіңнің достық ниетіңде қалай білдірер едің?
ІІІ – топ. «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін ойлап шығар.
ІV.Сабақты қорытындылау.
Оқушылар барлығымыз да бақытты болуға жаралғанбыз. Ендеше, өз бақыттарыңызды бағалай отырып, лайым бақытты болайық.