Сынып са?аты «Кітапты? ж?йесі»



Сынып сағаты
тақырыбы: «Кітаптың жүйесі»
5 сынып Өткізген: кітапханашы Қазыбаева Г.Қ.
Макин орта мектебіСабақтың мақсаты: оқушыларды кітапты құрметей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, білімге деген құштарлағын арттыру. Ақыл, ой-өрісін дамыту. Білім ордасын, ұстаздырды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «кітаптың жүйесі» атты кітапхана – библиографиялық сағатын бірінші қазақ мектебін ашқан Ыбырай Алтынсариннің мына өлен жолымен бастайық.
Кел, балалар, оқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар!!!
Кітап сөзі қайдан шыққан, қандай мағына береді?
Кітап – араб сөзі – жазба, ал түрікше дәптер, мерзімді баспасөз басымылы дегенді білдіреді.
Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.
Дүниежүзіндегі тұнғыш кітаптар еврей тілінде Таурат, қытай тілінде Конфуций ілімдері, парсы тілінде Авеста, араб тілінде Құран кітабы шыққан.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.
Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Кітап –ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – бар білімнің, бар ғаламның бастыуы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Кітап: Ой, берекелді! Өздерің мкнің тарихымды жақсы біледі екенсіндер. Мен адамдардың досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен, адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады.Міне, мен енді сендердің қастарында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұстаңдар. Мен қай кезде де сендерге сенімді дос боламын!
Кітапханашы: Ал, балалар, сендер кітап қалай жасалатының білдіндер. Сендер кітапта өте қызықты нәрсе туралы баяндалатынын білісіндер. Памирге саяхат жайында да, ұшқыштар туралы да, еліміздің жетістігі туралы хабарларың бар. Шығарма жұрттың бәріне де түсінікті, көркем болып шығу үшін, жазушылар алған тақырыптарын толығырақ жан-жақты зерттейді. Әріне, ол үшін жазушылар қыруар уақыттарын жұмсайды. Сонымен, әрбір кітап – ұжымдық зор еңбектің жемісі.
Оқушы: Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқысың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін конілдің.
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапті тұнған көл дерсің Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің.
Кітапханашы: Енді, балалар кітап қалай шығатыны туралы және кітаптің жүйесі туралы айтып бергім келеді.
Суперқап, мұқаба – кітаптан басталатын элемент. Бұл элемент кітапты қорғау үшін жасалған. Мұқабасында бұл кітапты кім жазғанын, оның атын білесіндер. Ал мұқабасындағы суреттен қай кейипкер екенін, не туралы айтылғанынан хабардар боласындар.
Енді алғашқы бетін ашамыз. Бұл жерде титулдық бет. Бұл бетте кітаптың мекен жайы жазылған. Авторын атын, баспасын, қай жылы шыққанын, суретті салған суретшілердің аттарын білесіндер. Кітаптағы суреттерді балалар иллюстрациясы деп атайды.
Титулдық бетке қарама- қарсы сол жағында аннотация болады. Бұл бетте қысқаша сол кітапті жазған автор туралы, оның жетістіктері туралы жазылады.
Тағыда бір бетті ашсақ бұл жерде алғы сөз. Бұл алғы сөзі басқа адамның жазуы да мүмкін. Ол автор оқырмандармен ой бөліседі. Алғы сөзден қандай шығармалар, қай жақта, не туралы жазылғанын білуге болады. Алғы сөз негізі қысқаша жазылады оны сөренің жанынан да оқып танысуға болады. Бұл алғы сөзден кітаптың саған оқуға қажеті бар ма, жоқпа екенін білуге болады.
Кітаптың ең соңында немесе ең басында мазмұны болады. Ол параграфтардан тұрады, оларды римше, немесе үлкен, не кіші әріптермен бөлуге болады. Бұл кітапта бірнеше авторлар болса оны мазмұнынан тауып алуға болады.
Тағы да балалар кітапта анықтамалық аппарты болады. Оның ішінде әр түрлі көрсеткіштермен пайдалануға болады. Ол географиялық көрсеткіш, аты-жөні көрсеткіші, терминологиялық сөздігі бар.
-Балалар, кітапханадан кітапты қалай тандап жүресіндер?
Сұрақтар:
1. Кітап қай элементтен басталады?
2. Форзац деп кітаптың қай жерін атаймыз?
3. Кітаптың келесі құрылысы қалай аталады?
4. Титул бет арқылы не білуге болады?
5. Суперқаптың атқаратын ролі?
6. Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады?
7. Кітаптың мазмұны қандай бөлімдерге бөлінеді?
8. Кітап кім үшін жазылады?
9. Кітаптың суреті қалай аталады?
10. Кітап оқығанда нені пайдаланамыз?
Қорытынды: оқушыларға кітаптың қалай шығуы және кітапты қалай қолдануды қалыптастыру, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
Кітап: Ой, берекелді! Өздерің мкнің тарихымды жақсы біледі екенсіндер. Мен адамдардың досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен, адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, мен енді сендердің қастарында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұстаңдар. Мен қай кезде де сендерге сенімді дос боламын!
Оқушы: Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқысың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін конілдің.
Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапті тұнған көл дерсің Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің.