?дебиетп?нінен саба? жоспары М?хтар ?уезов К?ксерек7 -сынып


Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
(әдебиет, 7 сынып )
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Султангазина Ж.Ж.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
2. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Эпиграф
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап
Аспан қалай ашылмақ.
Назым Хикмет
ІІ. Бекіту. Бүгінгі сабағымыз 3 кезеңнен тұрады.
І. Талдау.
ІІ. Жалғау.
ІІІ. Самғау.
І кезең. Талдау. Жаңа сабақты түсіндіру:
-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
(Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).
Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі.
Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?
Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?
Қоршаған орта
Табиғат
Халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек.
Олай болса, біз қазір екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.
Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі
Қасқыр
Адам

ойлайды оқиды қомағайтабиғат перзенті

перзент қоректенеді. Дала тағысы дала санитары
Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)

1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Тақырыбы: Қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік
Тақырыбы бойынша видеоматериал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)
Тірек – сызба бойынша сөйлеу.

Шығарманың композициялық жоспарын құру. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.
Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.
Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық
Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы
Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.
( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)
Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер?
(Иә,қасқырлар мен адамдар.)
ІІ кезең. Жалғау.
Видеоматериал «Көксерек» 1 минут
Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1.Көксерек Қараадыр ауылында.
2.Көксерек – түз тағысы.
3.Жекпе – жек.
Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)
1-топ.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?
3-топ. Венн диаграммасы.
Ауыл өміріТағылық өмірЕмін-еркін өмірсүреді. Жортуылдарға шығады. Малғашабады. Ұяластарымен табысты. Еркіндікте.2 мезгіл ас ішеді,иттердің бәріӨш, тұрғындарғада ұнамайды. Ұрлап жесе ұрады.
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.
Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлуын қоймайды.
Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген
сұрақтарына жауап беремін.
1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?
2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.
Құрмаш өліміне кім кінәлі?
Мұғалім сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксерек болуы да мүмкін болмауы да мүмкін
І топ: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректікі дұрыс .
ІІ топ: Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек . Көксеректікі дұрыс емес.
І топ: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келеді» -бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.
ІІ топ: Көксеректі адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер бар.
1) адамдар оның ұяластарымды өлтірді;
2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;
3) Көксерек адам оғына тап болды,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алды
Мұғалімнің қорытынды сөздері: Көксерекке келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.
Адам,жануар –табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
Тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.
Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескеру керек.
Ендеше М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін аяқтадық.Жазушының «Көксерегі» -оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.
ІІІ кезең. Самғау.
Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар:
Жазушымен сырласу,
Табиғатқа тіл қату,
Адамдарға үн қату.
ІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
ІҮ. Үйге тапсырма беру. Үйге тапсырма: «Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз бәрімізде.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек бүгін бізге!
Қосымша .Сергіту сәті.Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Аспанда неше түйеқұс қалды?